1. Аддитивті үлгілер: Y = ∑xi = x1 + x2 +x3 + …xn
Бұл үлгілер нәтижелік көрсеткіш бірнеше факторлық белгінің алгебралық қосындысынан тұратын жағдайларда қолданылады.
Мұндай байланыстың мысалы ретінде кәсіпорынның қаржылық - операциялық циклының ұзақтығын (КОЦҰ) алуға болады, ол қаржылық (ҚЦҰ) және операциялық (ОЦҰ) циклдар ұзақтықтарының қосындысынан тұрады:
ҚОЦҰ = ҚЦҰ + ОЦҰ
2. Мультипликативті үлгілер: Y = xi = x1 * x2 * x3…xn
Мұндай үлгілер нәтижелік көрсеткіш бірнеше (екі не одан көп) факторлар көбейтіндісі ретінде анықталатын жағдайларда қолданылады.
Мысалы: Түсім көлемінің (Q) натуралды сату көлемі (q) мен өнім бірлігі бағасынан (р) тәуелділігі:
Q = q * p
Немесе жалпы өнім көлемінің (Q) жұмыскерлер санынан ( Т ), жылдағы жұмыс күндері (К), жұмыс күнінің ұзақтығы (t) мен сағаттық еңбек өнімділігінен (q) тәуелділігі:
Q = T * K * t *q
Достарыңызбен бөлісу: |