1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет20/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

11. Абсолютті айырма тәсілі.

Абсолютті айырма тәсілі детерминді талдаудыі тек мультипликативті – аддитивті типті (у=(а-в)с және у=а(в-с)) үлгілерінде нәтижелік көрсеткіштің өсіміне факторлардың әсерін есептеу үшін қолданылады. Оның қолданылуы шектеулі болғанымен, ШҚТ-да кеңінен пайдаланылады.Оны қолдану кезінде факторлардың әсер ету деңгейі зерттеліп отырған фактор мәнінің абсолюттік өсімін үлгідегі оң жағында орналасқан фактордың базалық (жоспарлық) мәніне және үлгідегі сол жағында орналасқан факторлардың нақты (фактілі) мәніне көбейту арқылы есептелінеді.

ЖӨ-нің мультипликативті 4 факторлы үлгісі үшін есептеу алгоритімі келесідей:

ЖӨ=ЖС*К*Ұ*ОСӨ

ΔЖӨжс=ΔЖС*К00*ОСӨ0=(+20)*200*8,0*2,5=+80000 млн тг

ΔЖӨк=ЖС1*ΔК*Ұ0*ОСӨ0=120*(+8,33)*8,0*2,5=+20000 млн тг

ΔЖӨұ=ЖС11*ΔҰ*ОСӨ0=120*208,3*(-0,5)*2,5=-31250 млн тг

ΔЖӨосө=ЖС111*ΔОСӨ=120*208,3*7,5*(+0,7)=+131250 млн тг

Барлығы + 200000 млн тг

Осылайша, абсолюттік айырма тәсілімен тізбектеп қою тәсілінде алынғандай нәтижелер шықты.Мұндада жекелеген факторлар есебінен нәтижелік көреткіштің өсімінің алғебралық сомасы оның жалпы өсіміне тең болуын қадағалау қажет.

Осы тәсілмен мультипликативті-аддивті типті үлгідегі факторлардың алгоритімі де есептелінеді.Мысал ретінде, өнімді қткізуден тускен пайданың факторлық үлгісін алайық:

П=ӨӨК(Б-ӨзҚ)

Мұнда:П-өнімді өткізуден түскен пайда

ӨӨК-өнім өткізу көлемі

Б-өнім бірлігінің бағасы

ӨзҚ-өнім бірлігінің өзіндік құны

Пайда сомасының өсімі келесі факторлардың есебінен:

-Өнім өткізудің көлемі ΔПөөк=ΔӨӨК(Б0-ӨзҚ0)

-Өткізу бағасы ΔПб=ӨӨК10

-Өнімнің өзіндік құны ΔПӨзҚ=ӨӨК1(-ΔӨзҚ)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет