30. Өнім өндірісіне жұмсалған жалпы шығындар сомасын талдау
Өнімнің өзіндік құны - өнім өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оның деңгейінде шаруашылық қызметінің барлық жақтары көрініс табады, барлық өндірістік ресурстарды пайдалану нәтижесі бейнеленеді. Оның деңгейінен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі, үдемелі ұдайы өндіріс қарқыны мен субъектінің қаржылық жағдайы тәуелді.
Өнімнің өзіндік құнын талдау шығындарды басқару жүйесінде үлкен мәнге ие. Оның негізінде бұл көрсеткіштің өзгеру тенденциясына, оның өзгерісіне факторлардың әсерінің сипатына, өнімнің өзіндік құнының деңгейін төмендету мүмкіншіліктеріне баға беруге болады.
Өнімнің өзіндік құнын талдаудың объектілері:
өнім өндірісіне жұмсалған жалпы шығындар;
жеке өнім түрлерінің өзіндік құны;
жеке шығын баптары;
өнімнің 1 теңгесіне шығын.
Өнімнің өзіндік құнын талдау, әдеттте, өндіріске жұмсалған жалпы шығындарды шығын элементтері бойынша талдаудан басталады (9.1-кесте).
9.1-Кесте. Өндіріске жұмсалған жалпы шығындардың құрамы мен құрылымы
Шығын элементтері
|
Сомасы, мың тг
|
Құрылымы, %
|
жоспар
|
нақты
|
+,-
|
жоспар
|
нақты
|
+,-
|
Жалақы
|
10547
|
11458
|
+911
|
20,4
|
18,6
|
-1,8
|
Жалақыдан аударымдар
|
1965
|
2156
|
+191
|
3,8
|
3,5
|
-0,3
|
Материалдық шығындар, о.і.:
|
23575
|
31046
|
+7471
|
45,6
|
50,4
|
+4,8
|
-шикізат
|
17992
|
25626
|
+7634
|
34,8
|
41,6
|
+6,8
|
- отын
|
2533
|
2402
|
-131
|
4,9
|
3,9
|
-1,0
|
- электр энергиясы
|
3050
|
3018
|
-32
|
5,9
|
4,9
|
-1,0
|
Басқа да шығындар
|
15613
|
16940
|
+1327
|
30,2
|
27,5
|
-2,7
|
Толық өзіндік құн, о.і.:
|
51700
|
61600
|
+9900
|
100,0
|
100,0
|
х
|
- айнымалы шығындар
|
33605
|
43120
|
+9515
|
65,0
|
70,0
|
+5,0
|
- тұрақты шығындар
|
18095
|
18480
|
+385
|
35,0
|
30,0
|
-5,0
|
9.1-кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның өнім өндірісіне жұмсаған жалпы шығындарының сомасы 9900 мың теңгеге немесе 19 % ға жоғарылаған. Барлық шығын элементтерінің абсолютті сомасы өскенімен, шығын құрылымында материалдық шығындардың ғана үлес салмағы жоғарылап, басқа шығын элементтерінің үлес салмағы кеміген. Бұл материалдық шығындар сомасының жоғары қарқынмен өсуіне және оның шығын құрылымында елеулі үлеске ие болуына байланысты.
Өндіріс көлемі өзгергенде тек айнымалы шығындар сомасы (жұмыскерлердің кесімді ақысы, материалдық шығындар, көрсетілетін қызметтер құны) ғана өзгереді, ал тұрақты шығындар сомасы (өндірістік ресурстарды жалға алу ақысы, мерзімдік жалақы, амортизациялық аударымдардың бір бөлігі, т.б) кәсіпорынның өндірістік қуаты тұрақты жағдайда қысқа мерзім аралығында өзгеріссіз қалады. Бұл байланысты 9.1-суреттен көруге болады:
9.1-Сурет. Жалпы шығын сомасының өндіріс көлемінен тәуелділігі
9.1-сурет бойынша өндіріс көлемі өскен сайын жалпы айнымалы шығындар сомасы өсіп, тұрақты шығындар сомасы өзгеріссіз қалады. Бірақ мұндай жағдай белгілі бір кезең аралығында ғана сақталып қалады, өндіріс көлемін өсіру мақсатында өндіріске жаңа технология енгізу, құрал-жабдықтар сатып алу кезінде тұрақты шығындар сомасы бірден өзгереді (техника амортизациясы, оларды күту, сақтау шығындары).
Өндіріске жұмсалған жалпы шығындар сомасы келесілерден тәуелді:
өндіріс көлемі мен оның құрылымы;
өнім бірлігіне жұмсалған айнымалы шығындар сомасы;
тұрақты шығындар сомасы.
Шығындарды айнымалы және тұрақты деп бөлсек, өндіріске жұмсалған жалпы шығындардың сомасы келесідей бейнеленеді:
∑ Ш = ∑ (Vi * вi) + А = ∑ (Vж*Yi * вi ) + А
Мұндағы: ∑ Ш -өндіріске жұмсалған жалпы шығындар сомасы; А-өндіріске жұмсалған тұрақты шығындар сомасы; в -өнім бірлігіне жұмсалған айнымалы шығындар; Vi – жеке өнім түрін өндіру көлемі; Vж – физикалық өлшемдегі жалпы өндіріс көлемі; Yi - жеке өнім түрінің жалпы өнімдегі үлес салмағы.
Өндіріске жұмсалған жалпы шығындар сомасын жоғарыдағы үлгі негізінде факторлық талдау үшін мәліметтер 9.2 және 9.3-кестелерде келтірілген.
9.2-Кесте. Өнім бірлігіне жұмсалған шығындар
Өнім түрі
|
Өнім бірлігіне шығын, тг
|
оның ішінде:
|
Өндіріс көлемі, дана
|
Өндіріс құрылымы
|
айнымалы
|
тұрақты
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
А
|
6000
|
5800
|
4200
|
4600
|
1800
|
1200
|
5000
|
5400
|
0,50
|
0,47
|
Б
|
4340
|
5000
|
2521
|
3018
|
1819
|
1982
|
5000
|
6056
|
0,50
|
0,53
|
Барлығы
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
10000
|
11456
|
1,00
|
1,00
|
9.3-Кесте. Шығындардың жалпы сомасын факторлық талдау
Деңгей
|
Факторлар
|
Жалпы шығын сомасы, мың тг
∑ (Vж*Yi * вi ) + А
|
V,дана
|
Y,
коэф.
|
А,
мың тг.
|
в, тг
|
Жоспар
|
V0
|
Y0
|
А0
|
в0
|
(10000*0,5*4200)+(10000*0,5*2521)+18095=51700
|
Шартты1
|
V1
|
Y0
|
А0
|
в0
|
(11456*0,5*4200)+(11456*0,5*2521)+18095=56593
|
Шартты2
|
V1
|
Y1
|
А0
|
в0
|
(11456*0,47*4200)+(11456*0,53*2521)+18095=56016
|
Шартты3
|
V1
|
Y1
|
А1
|
в0
|
(11456*0,47*4200)+(11456*0,53*2521)+18480=56401
|
Нақты
|
V1
|
Y1
|
А1
|
в1
|
(11456*0,47*4600)+(11456*0,53*3018)+18480=61600
|
9.3-кесте мәліметтері бойынша өндіріске жұмсалған жалпы шығындар сомасы жоспарлы деңгеймен салыстырғанда 9900 мың теңгеге өскен (61600-51700), оның ішінде:
1) өндіріс көлемінің 1456 данаға немесе 14,6 % ға өсуінен, шығын сомасы 4893 мың теңгеге өсті:
56593 - 51700 = +4893 мың тг.
2) өндіріс құрылымының өзгеруі салдарынан жалпы шығын сомасы 577 мың теңгеге кеміді. Бұл өндіріс құрылымында өзіндік құны төмен Б өнімінің үлес салмағының өсуімен байланысты:
56016 – 56593 = -577 мың тг.
3) өндіріске жұмсалған тұрақты шығындар сомасы 385 мың теңгеге өсті, сәйкесінше оның әсерінен жалпы шығындар сомасы да соншалықты өседі:
56401-56016 = +385 мың тг.
4) өнім бірлігіне жұмсалған айнымалы шығындар деңгейінің өсуіне байланысты шығын сомасы 5199 мың теңгеге өсті:
61600 – 56401 = +5199 мың тг.
Төрт фактордың әсері жалпы ауытқуға тең:
4893 -577 +385 +5199 = + 9900 мың тг.
Сонымен, шығын сомасының өсуінің 4316 мың теңгесі (4893-577) немесе 43,5 % -ы өндіріс көлемінің артуы мен өндіріс құрылымының өзгеруі әсерінен, қалған 5584 мың теңгесі (5199+385) өзіндік құнның өзгерісі әсерінен болып отыр.
31. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау
Өзіндік құннның өзгеру себептерін терең талдау үшін жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына шығын баптары бойынша талдау жүргізіліп, оның деңгейі алдыңғы не жоспарлы деңгейлермен салыстырылады.
Өнім бірлігінің өзіндік құнының өзгерісіне бірінші деңгейлі факторлардың әсерін анықтау келесідей үлгі көмегімен жүргізіледі:
zi = +вi
Мұндағы: zi – i өнімі бірлігінің өзіндік құны; Аi – i өніне қатысты тұрақты шығындар сомасы; вi - i өнімін өндіру көлемі.
Өнім бірлігінің өзіндік құнының осы факторлардан тәуелділігі 9.2-суретте келтірілген. Өндіріс көлемінің өсуі әсерінен өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар кеміп, айнымалы шығындар өзгеріссіз қалады, нәтижесінде өнім бірлігінің өзіндік құны кемиді. Мұндай құбылыс экономикада «көлем әсері» деп аталады.
9.2 –Сурет. Өнімнің өзіндік құнының өндіріс көлемінен тәуелділігі
9.2 –факторлық үлгі негізінде өнімнің өзіндік құнының өзгерісіне факторлардың әсерін анықтау үшін 9.4-кесте мәліметтерін пайдалануға болады.
9.4-Кесте. Өнімнің өзіндік құнын факторлық талдау
Көрсеткіштер
|
Жоспар
|
Нақты
|
Ауытқу,+-
|
абсолютті
|
%
|
Өндіріс көлемі, дана
|
5000
|
6056
|
+1056
|
+21,1
|
Тұрақты шығындар сомасы, мың тг
|
9095
|
12000
|
+2905
|
+31,9
|
Өнім бірлігіне айнымалы шығындар, тг
|
2521
|
3018
|
+497
|
+19,7
|
Өнім бірлігінің өзіндік құны, тг
|
4340
|
5000
|
+660
|
+15,2
|
Өзіндік құнның өзгерісіне факторлар әсері, тг:
- өндіріс көлемінің өзгерісі
|
х
|
х
|
-317
|
х
|
-тұрақты шығындардың өзгерісі
|
х
|
х
|
+480
|
х
|
- айнымалы шығынның өзгерісі
|
х
|
х
|
+497
|
х
|
9.2-факторлық үлгі мен 9.4-кесте мәліметтерін пайдалана отырып, өнім бірлігінің өзіндік құнының өзгерісіне факторлардың әсерін тізбекті алмастыру әдісімен есептеуге болады:
z0 = +в0 = +2521 = 4340 тг.
z1 = +в0 = +2521 = 4023 тг.
z2 = +в0 = +2521 = 4503 тг.
z1 = +в1 = +3018 = 5000 тг.
Яғни, өнім бірлігінің өзіндік құны жоспарлы деңгеймен салыстырғанда 660 теңгеге немесе 15,2 % ға жоғарылады, оның ішінде:
а) өндіріс көлемінің 21 % ға немесе 1056 данаға өсуінен, өнім бірлігінің өзіндік құны 317 теңгеге кеміді:
∆ zV = 4023 – 4340 = -317 тг.
б) тұрақты шығындар сомасының 32 % ға немесе 2905 мың теңгеге өсуінен , өнім бірлігінің өзіндік құны 480 теңгеге өсті:
∆ zА = 4503 – 4023 = +480 тг.
в) өнім бірлігіне айнымалы шығынның өсуі әсерінен өзіндік құн 497 теңгеге өсті:
∆ zВ = 5000 - 4503 = +497 тг.
Үш фактордың әсері жалпы ауытқуға тең:
-317 + 480 + 497 = + 660 тг.
Демек, өзіндік құнның төмендеуіне тек өндіріс көлемінің өсуі ғана оң әсерін тигізіп отыр, ал басқа факторлар өзіндік құнның жоғарылауына ықпал етті. Осындай талдауды әр өнім түрі бойынша жүргізуге болады.
Талдаудың келесі кезеңінде өнім бірлігінің өзіндік құнына шығын баптары бойынша талдау жасалынады (9.5-кесте).
9.5-Кесте. Өнімнің өзіндік құнын шығын баптары бойынша талдау
Шығын баптары
|
Өнім бірлігіне шығын, тг
|
Ауытқу, +-
|
Өзіндік құнның өзгерісіне әр баптың әсері,
+- %
|
Шығын құрылымы,%
|
жоспар
|
нақты
|
теңге
|
%
|
|
жоспар
|
нақты
|
Жалақы
|
716
|
1015
|
+299
|
+41,8
|
+6,9
|
16,5
|
20,3
|
Жалақыдан аударымдар
|
139
|
200
|
+61
|
+43,9
|
+1,4
|
3,2
|
4,0
|
Шикізат пен материалдар
|
2009
|
2630
|
+621
|
+30,9
|
+14,3
|
46,3
|
52,6
|
Отын, электр энергиясы
|
278
|
280
|
+2
|
+0,7
|
0,0
|
6,4
|
5,6
|
Негізгі құралдар амортизациясы, күту шығындары
|
959
|
665
|
-294
|
-30,6
|
-6,8
|
22,1
|
13,3
|
Басқа да шығындар
|
239
|
210
|
-29
|
-12,1
|
-0,6
|
5,5
|
4,2
|
Барлығы
|
4340
|
5000
|
+660
|
+15,2
|
+15,2
|
100,0
|
100,0
|
9.5-кесте мәліметтері өнімнің өзіндік құны негізінен шикізат пен материалдар, жалақы баптарының әсерінен өсіп отырғандығын көрсетеді. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат шығынының 621 теңгеге немесе 30,9 % ға өсуі өзіндік құнның 14,3 % ға өсуіне ықпал етіп отыр, ал жалақыдан аударымдар бойынша шығынның 43,9 % ға өсуі өзіндік құнның тек 1,4 % ға ғана өсуіне ықпал етіп отыр. Оның себебі шығын баптарының өзіндік құндағы үлес салмақтарының әр түрлілігінде.
Өзіндік құнның өзгерісіне жеке баптардың әсерін анықтау үшін келесі формуланы қолдануға болады:
∆z % =
Мұндағы: ∆z % - өзіндік құнның әр бап әсерінен өзгеру пайызы; У0 - шығын бабының өзіндік құндағы базисті жылғы үлес салмағы; Ақ – шығын бабының арту немесе кему қарқыны.
9.5-кесте бойынша өнімнің өзіндік құны жалақы бабының әсерінен 6,9 % ға өскен, яғни: = 6.9 %.
Айталық, табиғи монополия субъектісі отын бағасының 40 % ға қымбаттауына байланысты өзі көрсететін қызмет құнын 20 % ға жоғарылатуға рұқсат сұрады. Егер көрсетілетін қызмет құнында отын бабының үлес салмағы 30 % ды құраса, осы шешім негіделген бе ? Отын бағасының өзгеруі әсерінен өзіндік құнның өзгеруін есептеу үшін 9.3-формуланы қолданамыз: = 12 %, яғни отын бағасының 40 % ға өсуінен өзіндік құн 12 % ға ғана жоғарылайды.
Өзіндік құн құрылымында басты үлесті шикізат пен материалдар бабы алып отыр. Оның өзіндік құндағы үлесі жоспарланғаннан 6,3 пайыздық пунктке жоғарылап, 52,6 % ды құрап отыр. Өнім бірлігіне жұмсалған материалдық шығындардың өзгерісін факторлық талдау үшін келесі үлгіні қолдануға болады:
МШi = ∑ (Мi * Бi)
Мұндағы: МШi - өнім бірлігіне жұмсалған материалдық шығындар сомасы; Мi - өнім бірлігіне жұмсалған материалдық ресурстардың натуралды шамасы; Бi - материал бірлігінің бағасы.
Осы үлгі бойынша жүргізілген талдау нәтижесін 9.6- кестеден көруге болады:
9.6–Кесте. Өнім бірлігіне жұмсалған тікелей материалдық шығындардың өзгерісіне факторлардың әсері
Материал түрі
|
Өнім бірлігіне материал шығыны, бірлік
|
Материал бірлігінің бағасы
|
Материал шығыны, тг
|
Материалдық шығынның ауытқуы, +- тг
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
жалпы
|
оның ішінде:
|
шығын нормасы
өзгерісі
|
баға өзгерісі
|
Негізгі материал
|
4,2
|
4,3
|
400
|
480
|
1680
|
2064
|
+384
|
+40
|
+344
|
Қосалқы
материал
|
2,0
|
2,2
|
164,5
|
257,3
|
329
|
566
|
+237
|
+33
|
+204
|
Барлығы
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2009
|
2630
|
+621
|
+73
|
+548
|
Егер өнім бірлігіне жұмсалған материалдық шығын сомасы 621 теңгеге жоғарылаған болса, оның 12 %-ы (73 тг.) өнім бірлігіне жұмсалған материал көлемінің өсуінен, қалған 88 %-ы (548 тг.) материалдық ресурстар бағасының өсуінен болып отыр.
Өнім бірлігіне жұмсалатын материал көлемі материалдар мен шикізат сапасынан, оларды бір-бірімен айырбастау мүмкіншілігінен, техника мен технология жағдайынан, жұмыскерлердің біліктілігінен тәуелді.
Ал материалдардың бағасы шикізат нарығынан, инфляциялық факторлардан, материал сапасынан, тасымалдау мен сақтау шығындарынан тәуелді.
Сонымен бірге өнімнің өзіндік құнында тікелей еңбек шығындары да үлкен үлеске ие. Сол себепті оның өзіндік құндағы үлесі мен оның деңгейінің өзгеру факторларын анықтау мен осы бап бойынша қаражатты үнемдеу жолдарын іздестіру үлкен мәнге ие.
Өнім бірлігіне жұмсалған жалақы шығыны (ЖШ) өнімнің еңбек сыйымдылығы (ЕС) мен сағаттық жалақы (Ж) деңгейінен тәуелді:
ЖШi = ЕСi * Жi
Бұл факторлардың өнім бірлігіне төленген жалақы шығынының өзгерісіне әсері абсолюттік айырмашылықтар әдісімен келесідей есептелінеді:
∆ЖШЕС = (ЕС1 – ЕС0) * Ж0
∆ЖШЖ = (Ж1 – Ж0) * ЕС1
9.7- кесте мәліметтері бойынша өнім бірлігіне жұмсалған жалақы шығыны 299 теңгеге немесе 42 % ға жоғарылаған. Оның ішінде сағаттық жалақы деңгейінің 24 теңгеге жоғарылауынан жалақы шығыны 120 теңгеге, ал өнімнің еңбек сыйымдылығының 1 адам-сағатқа өсуінен жалақы шығыны 179 теңгеге жоғарылаған. Яғни кәсіпорында еңбек өнімділігі төмендегенімен, жалақы деңгейінің өсу қарқыны байқалады.
9.7-Кесте. Өнім бірлігіне төленген жалақы деңгейін факторлық талдау
Көрсеткіштер
|
Жоспар
|
Нақты
|
Ауытқу, +-
|
абсолютті
|
%
|
Өнім бірлігіне жұмсалған еңбек шығыны, адам-сағат
|
4
|
5
|
+1
|
+25
|
1 адам-сағат үшін төленген жалақы, тг
|
179
|
203
|
+24
|
+13
|
Өнім бірлігіне төленген жалақы, тг
|
716
|
1015
|
+299
|
+42
|
Өнім бірлігіне төленген жалақының өзгерісіне факторлар әсері, тг:
- еңбек сыйымдылығының өзгерісі
|
х
|
х
|
+179
|
х
|
- сағаттық жалақының өзгерісі
|
х
|
х
|
+120
|
х
|
Өнімнің еңбек сыйымдылығы мен жалақы деңгейі техника мен технология жағдайынан, автоматтандыру деңгейінен, еңбекті ұйымдастыру жағдайынан, жұмыскерлердің біліктілігінен тәуелді. Бұл факторлардың жалақы сомасының өзгерісіне әсерін келесідей есептеуге болады:
∆ЖШ = ∆ЕС * Ж0 * V1
∆ЖШ = ∆Ж* ЕС1 * V1
Мысалы, өндіріске жаңа техника енгізгеннен кейін өнімнің еңбек сыйымдылығы 0,5 адам-сағатқа кемиді. Нәтижесінде бір өнімге шаққандағы жалақы деңгейі 89,5 теңгеге кемиді (0,5*179), ал барлық өндіріс көлеміне есептегенде жалақы шығындары 542012 теңгеге кемиді (89,5*6056 дана).
Егер осы фактордың өнімнің өзіндік құнына әсерін кешенді бағалау қажет болса, онда жаңа техника енгізумен байланысты қосымша шығындарды (техника амортизациясы, күту шығындары, т.б.) ескеру қажет:
∆z = - z0 (9.10)
Мұндағы: ∆z – өнімнің өзіндік құнының белгілі бір шарадан кейінгі өзгерісі; ∆∑ЖШ – белгілі бір шаралардан кейінгі жалақы шығынының өзгерісі; Қ – жаңа технология енгізумен байланысты қосымша шығындар; V0 – базисті кезеңдегі өндіріс көлемі; ∆V – өндіріс көлемін арттыру резеві; z0 - өнім бірлігінің базисті кезеңдегі өзіндік құны.
Достарыңызбен бөлісу: |