5. Экономикалық талдаудың әдістері: Көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтіру тәсілдері
Талдау барысында ескерілуі тиіс маңызды шарт - көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтіру, себебі сапалық жағынан бірдей көлемдерді ғана бір-бірімен салыстыруға болады.
Көрсеткіштерді бір – бірімен түрлі себептерге байланысты салыстыруға болмайды: бағаның түрліше деңгейі, өндіріс көлемінің өзгешелігі, т.б. Салыстыруға келмейтін көрсеткіштерді өзара салыстыру талдау нәтижесін бұрмалайды, қате қорытындыларға алып келеді. Сол себепті көрсеткіштерді салыстырмастан бұрын, оларды салыстырмалы түрге келтіріп алу қажет. Ол үшін түрлі әдістер қолданылады:
1. Егер көрсеткіштер құндық өлшемге байланысты салыстыруға келмесе, онда ол фактордың әсерін жою үшін тұрақты баға алынады. Мысалы, жалпы өнімді салыстырмалы түрге келтіру үшін есепті және базисті жылғы өндіріс көлемі базисті бағада алынады:
Iq=
q1, q0 – есепті және базисті жылғы физикалық өндіріс көлемі;
p0 - өнім бірлігінің базисті жылғы бағасы.
2. Кей жағдайларда көрсеткіштер көлем факторына байланысты салыстыруға келмейді. Егер есепті жылғы шығын сомасын (∑q1z1) өткен жылмен салыстырсақ (q0z0), оның айырмашылығына тек жеке өнім түрлерінің өзіндік құны ғана емес, өндіріс көлемі де әсер етеді. Сол себепті көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтіру үшін көлем факторларының әсерін жою керек. Ол үшін салыстыру базасына есепті жылғы өндіріс көлемі алынады:
Iq=
3. Сапалық фактордың әсерін есепке алу үшін көп жағдайда өнім көлемі стандартты сапаға келтіріледі. Мысалы, өткен жылы 4000 ц (майлылығы 3,8℅), есепті жылы 4200 ц сүт сауылды (майлылығы 3,6℅). Егер өнім сапасын ескермесек, өндіріс көлемі 200 ц не 5 ℅ ға жоғарылаған (4200 : 4000). Егер стандартты майлылық 3,7 ℅ деп алып, өнім сапасын ескере отырып өндіріс көлемін есептесек:
q0 = ц
q1 = ц
Сонда, сүт өндіру көлемі салыстырмалы өлшемде керісінше 22 ц кеміген.
4. Кей жағдайларда көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтіру үшін абсолютті көрсеткіштер орнына орташа немесе салыстырмалы көрсеткіштерді қолдануға болады. Мысалы, кәсіпорындардың өндірістік базасын ескермей өндіріс көлемін, пайда сомасы секілді абсолютті көрсеткіштерін салыстыруға болмайды, бірақ абсолютті көрсеткіштер орнына 1 жұмыскерге келетін жалпы өнім, пайда, активтердің 1 теңгесіне пайда секілді салыстырмалы көрсеткіштерді алсақ, олардың деңгейін бірнеше кәсіпорын бойынша салыстыруға болады.
5. Көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін кей жағдайларда түзету коэффициенттері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |