1. Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебердің еңбектеріне талдау жасаңыздар



бет1/6
Дата04.01.2022
өлшемі21,61 Kb.
#109459
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сайдалиев.С 1апта алеуметтану


1. Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және

Вебердің еңбектеріне талдау жасаңыздар

Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның - Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм жэне Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық. Огюст Конт (1798-1857) Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды (Ритзер, 2003). Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым. Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Алайда молекулярлық мінез-құлықты болжай алатынымыздай, адам мінез-құлқын дәл болжай алатынымызға сенетін ғалымдар аз екеніне қарамастан, ғылыми әдіс әлеуметтанудың негізгі ұғымы болып қала береді. Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі - қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік қүрылым (тәртіп) және әлеуметтік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.

Герберт Спенсер (1820-1903) Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды. Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді. Бүл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам - қоршаған ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бүл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды үйымдастырудың бір ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады. Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі - оның ғылыми әдіске қатысты үстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық пен мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық жіктеліске, патриоттыққа және теологияға деген жалған көзқарастар туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кезде өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) Эмиль Дюркгеймнің өмірі Маркстың өміріне ұқсас болды. Алайда Маркс Англияда қуғынға ұшыраған кезде, Дюркгейм Францияның ең таңдаулы университет! - Сорбоннада профессор болып қызмет етті. Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады. Оның зерттеулері қоғамның түрақтылығын сақтауға және тұрақты қоғамның жеке адамдардың бақытты болуына көмектесетінін түсіндіруге арналған. Маркстың мұрасы - әлеуметтік конфликтер мен әлеуметтік өзгерістерді көрсететін теория болса, Дюркгеймнің мұрасы әлеуметтік түрақтылықты көрсететін теория болып саналады. Дюркгеймнің басты ойларының бірі - «әлеуметтік тұрақтылық - әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім болуын қажет етеді» деді. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлгіруіне себепкер болатынын айтады. Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеуметтік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торга түскендей сезінеді ([1897] 1951, 276). Ал аномиялық суицид еркіндік тым көп, тәртіп тым аз болғанда өршіп кетеді: қоғамның ықпалы жеке адамның ынталылығын ескермейді ([1897] 1951, 258). Мысалы, қазіргі уақытта ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жүмсау көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір бақылауды сезінбейді (Maimon & Kuhl, 2008). Дюркгейм әлеуметтанушылар арасында да белгілі, себебі ол - әлеуметтік өмірдің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін статистиканы пайдаланудың маңыздылығын (мысалы, өзіне-өзі қол жұмсау статистикасын) айтқандардың бірі. Ол айғақтарға ғана сүйенетін бейтарап бақылаушы болуға тырысты. Әлеуметтану қалыптасқан ғылымга айналғаидықтан, әлеуметтік ғылымның стандартты үлгісі ретінде объективті бақылаудың бұл идеясы Маркстың әлеуметтік белсенділігін алмастырды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет