Дезинфекция түрлері. Профилактикалык және ошакты дезинфекцияны ажыратады: 1. Профилактикалык дезинфекция ауруханаішілік инфекциянын алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi.
2. Ошақты дезинфекция күнделiктi ошакты дезинфекцияға және ошакты корытынды дезинфекцияға бөлінеді. Ошакты күнделікті дезинфекция инфекция ошагында, инфекционды наукастын төсек манында коп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция Инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толык тазалау максатымен бiр рет наукасты жекелегеннен кейiн, инфекционды болмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлімінен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялык шараларды негiзiнен орташа медициналык персонал жасайды. Олар келесі нұсқау әдістемелік кұжаттармен колдану кажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялык шаралар жүргізудің әдістемелік нұскаулары, нактылы заттар және дезинфекция әдiстерiн колдану бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен Дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу 9. Тітіркендіргіш әсері және аллергиялық реакциялар тудыратын препараттармен үй-жайларды себелеу, тозаңдату, сүрту әдістерімен дезинфекциялау адамдар болмаған кезде жүргізіледі.
10. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезқұралдардың шығыны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептеледі.
11. Инфекциялық аурудың ошағында ағымдағы дезинфекция науқасты анықтаған кезден бастап емдеуге жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізіледі, үйде емделген кезде – аурудан жазылғанға дейін, реконвалесценттер мен бактерия тасымалдаушыларда – толық сауыққанға дейін жүргізіледі.
12. Ағымдағы дезинфекцияны денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері ұйымдастырады, оны науқасқа күтім жасайтын адам, реконвалесценттің немесе бактерия тасымалдаушының өзі жүргізеді.
13. Қорытынды дезинфекциялауды дезинфекциялық станциялар немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының (ұйымдарының) дезинфекциялық бөлімдері (бөлімшелері), ауылдық жерлерде – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жүргізеді.
14. Қорытынды дезинфекция инфекциялық аурулар ошақтарында науқасты емдеуге жатқызу, оқшаулау, науқастың сауығуы немесе қайтыс болуы кезінен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
15. Инфекциялық аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекциялауды жүргізуге өтінімді науқасты оқшаулағаннан, емдеуге жатқызғаннан кейін, диагноз өзгертілген соң, науқас қайтыс болғаннан кейін дәрігер-эпидемиолог санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының бөлімдеріне (бөлімшелеріне), дезинфекциялық станцияларға, обаға қарсы күрес мекемелеріне береді. Қышыма және дерматомикоз ошақтарында қорытынды дезинфекциялау жүргізуге өтінімді емдеуші дәрігер береді.
16. Денсаулық сақтау ұйымдарында ағымдағы дезинфекциялауды жүргізу үшін дезқұралдардың, дезинфекциялық-стерильдеу жабдығының қажеттілігін есептеу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
17. Шоғырлануы ұсынылатын шоғырланудан кемінде 5 %-ға (немесе 0,1-0,2-ге) ауытқитын дезқұралдарды қолдануға жол берілмейді.
18. Дезинфекциялау режимдерін сақтауды қанағаттанарлық түрде бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:
1) ағымдағы дезинфекциялаудан кейін 50 минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың 3 пайызынан (бұдан әрі – %) аспайтын бақылау объектілерінен патогенді емес микрофлораны себу;
2) дезинфекциялау ерітінділерінің шоғырлануын азайтуға немесе арттыруға ерітінділердің берілген шоғырлануынан плюс-минус 0,1-0,2 шегінде жол беріледі;
3) әр түрінің қойылған сынамаларының кемінде 5 %-ын дезинфекциялау заттарының қалдық санына сәйкес келмейтін қанағаттанғысыз экспресс-сынамаларды анықтау;
4) тестілік бактериологиялық бақылаудың камералық дезинфекциялау режиміне сәйкес келуі;
5) қанның қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;
6) синтетикалық жуу заттарының сілтілік компоненттерінің және майлы дәрі-дәрмектер қалдықтарының қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;
7) стерильденбеген материалдың болмауы, стерильдеу режимінің сәйкес келуі.
19. Ошақтардағы ағымдағы дезинфекциялаудың сапасын бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының мамандары зертханалық әдістерді ошақтардың кемінде 5 %-ында қолдана отырып, бір ошақтан кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу, дезинфекциялау құралының (құрғақ препарат) 1 сынамасын, жұмыс ерітіндісінің 1 сынамасын алу арқылы жүзеге асырады.
20. Егер патогенді емес микрофлораның болуына оң нәтижелі шайындылардың саны алынған шайындылар санының 3 %-нан аспайтынды, дезинфекциялау препаратының қалдық санының болуына теріс экспресс-сынамалар саны 5 %-дан аспайтынды және дезинфекциялау ерітінділерінің қанағаттанғысыз талдауының саны 5 %-дан аспайтынды құрайтын болса, дезинфекциялау сапасы қанағаттанарлық болып есептеледі.
21. Қорытынды дезинфекциялау жүргізгеннен кейін патогенді микрофлораны сепкен кезде, соңғысы қанағаттанғысыз болып есептеледі және дезинфекция сапасын кейіннен бақылау арқылы қайта жүргізіледі.
22. Қорытынды дезинфекциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру сапасын бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:
1) қорытынды дезинфекциялауға жататын ошақтар санының ішінде инфекциялық ошақтарды өңдеумен қамту – кемінде 95 %;
2) науқасты емдеуге жатқызу немесе ұйымдастырылған ұжымнан оқшаулау сәтінен бастап бір тәулік ішінде инфекциялық ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды орындау, қорытынды дезинфекциялауды уақтылы жүргізу – кемінде 90 %;
3) камералық дезинфекциялау жүргізуге жататын ошақтар санының ішінде камералық дезинфекциялау – кемінде 95 %;
4) ошақтарды қорытынды дезинфекциялау сапасын бақылаумен қамту:
көзбен тексерген кезде – жүргізілген дезинфекцияның жалпы санының кемінде 10 %-ын (ауылдық жерде – кемінде 5 %);
зертханалық әдістерді қолдана отырып – дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 сағаттан 3 сағатқа дейінгі кезеңде пәтер ошақтарының кемінде 10 %-ын.
23. Денсаулық сақтау ұйымдарында дезинфекциялау сапасын бағалау үшін мыналар жүргізіледі:
1) стационарларда бір төсекке 0,3 шайынды есебімен, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бір келуге 0,2 шайынды есебімен заттардан және жабдықтан шайынды алу арқылы дезинфекциялаудың сапасын бактериологиялық бақылау;
2) бастапқы дезинфектанттардың, дезпрепараттардың жұмыс ерітінділерінің әр түрінің сынамаларының кемінде 2 сынамасын зерттеу. Сынамаларды алу кезінде сынаманың алынған күні, дезинфекциялау ерітіндісінің дайындалған күні, оның шоғырлануы, қолданылу мақсаты белгіленеді;
3) камераның типі мен көлеміне байланысты дезинфекциялау камераларының жұмысының тиімділігін бақылау камераның үш жазықтығында 5-10 бактериялық (химиялық) тест салу арқылы жүргізіледі. Стерильдеу сапасын бағалау үшін стерильдеу жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен ауа ортасының стерильдігіне бақылау жүргізіледі.
24. Хирургиялық бейіндегі стационарлардың (бөлімшелердің) үй-жайларындағы ауа мынадай тәсілдермен зарарсыздандырылады:
1) адамдар болмаған кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидті сәулелегіштер мен жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар болған кезде ауаны зарарсыздандыруды жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулеленумен әсер ету;
2) қорытынды тип бойынша дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда арнайы шашатын аппаратураның (аэрозоль генераторлары) көмегімен дезинфекциялау құралдарының аэрозольдерімен әсер ету;
3) қорытынды дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда озон генераторлары қондырғыларының көмегімен озонмен әсер ету;
4) микробтарға қарсы сүзгілерді қолдану.
25. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін төсек-орын жабдығына камералық дезинфекциялау жүргізіледі.
26. Дезинфекциялау сапасын бактериологиялық бақылауды, стерильдеуді, биологиялық тесттерді дайындауды санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы жүзеге асырады.
27. Денсаулық сақтау ұйымдарында зертханалық әдістерді қолдана отырып, дезинфекциялаудың сапасын бақылау босандыру және балалар ұйымдарында – жылына 3 рет, хирургиялық стационарларда – қоршаған орта объектілерінен шайындылар алу, стерильдікке тексеру үшін материал алу арқылы – жылына 2 рет, өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында (амбулаториялық-емханалық мекемелер, диспансерлер) – жылына 1 рет жүргізілуі тиіс. Балалар ұйымдарында (сәбилер үйлері, баспаналар, балабақшалар) бақылау көрсетілген объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімдермен бірлесіп жылына 2 рет жүргізілуі тиіс.