1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
Көне түркі жазуы

түркі руникалық жазба ескерткіштері
– 7–9 
ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, 
көне түркі 
әліпбиіндегі
әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы 
қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, 
географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен 
дүниетанымын білуге болады.
Табылған аймақтары
[
өңдеу
 | 
қайнарын өңдеу
]
Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, 
Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы 
Орхон
, Онгин, Селенга 
өзендерінің алқабы, 
Орта Азия
мен Қазақстандағы 
Талас
пен 
Сыр бойы

Ертіс
 пен 
Іле қойнауы
 жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 
жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар 
ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі 
Білге қағанға
(735), екіншісі 
оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық 
анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына 
Қытай
 
иероглифтері
 ойылған, 
ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», 
Енисей
 
бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі 


жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан 
«руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және 
орыс
 
ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей 
ескерткіштерінің 
нұсқалары 
(фотосурет, 
эстампаж) 
жинақталып 
жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде 
Дания
лингвисі 
В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (
Орхон-Енисей
) таңбаларының 
дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик 
В.В.Радлов
 
1894 жылдың
қаңтарында көне түркі тілінде жазылған 
Күлтегін 
ескерткішіндегі
руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда 
ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын 
белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. 
Мұнан кейін көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана 
қашалмағандығы, металл (
алтын

күміс
, қола) және саз балшықтан жасалған 
түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. 
Моңғолиядағы

Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының 
жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде 
Шығыс 
Түркістандағы
түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік
буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 
ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы 
Талас
алқабынан ағаш таяқшаға 
ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.
Малов
, Х.Н.Оркун, 
А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен 
ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет