1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Қимақ қағанатының территориясы, этникалық құрамы, саяси



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
35 Қимақ қағанатының территориясы, этникалық құрамы, саяси 
тарихы туралы деректерге талдау жасаңыз
Қимақ қағанатының территориясы,
Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII 
ғасырдан басталады. Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің 
шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының 


бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік 
Монғолияны мекендеген, ал ҮІІ ғасырдың ортасына таман кимектер 
Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек 
тайпаларының басшысы «шад тұтұқ» деп аталған. ҮІІІ ғасырдың екінші 
жартысы - IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-
батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сыр-дария аңғарымен 
Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүс-тік Шығыс Жетісу аймағына 
қарай қоныс аударады.
766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен 
Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін 
тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті 
тайпадан: эймур, имек, кыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан 
түратын кимек федерациясы қүрылды. Кимек тайпаларының басшысы 
«байгу» (жабғы) деп аталады. Бүл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі 
жағынан шадтан жоғары болған.
IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бүл 
жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сырдария бойындағы және Арал 
өңіріндегі қаңғар-печенег тайпаларын талқандайды. Печенегтерді бұл 
жерлерден ығыс-тырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды 
батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мүның өзі сонымен 
бірге кимек тайпаларына Оңтүстік Орал мен Сырдария бойына дейін тақап 
баруға жол ашады және Кимек мемлекетінің күшейіп, өркен жаюына да 
себепші болады. Сондай-ақ Кимек билеушілерінің қүдірет күші едәуір 
арта түседі. Олар мемлекетініц ішінде тайпалар ақсүйектерінің 
өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған.
IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың бас кезінде, яғни Кимек қағанатының 
құрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы 
лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны 
білдіреді. Хакан-нан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің қүрамына енген 
тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың 
кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-тұтұқтер билеген.
Этникалық құрамы
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге 
жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді.Керісінше,олар туралы 
жазғандардың бәрі қимақтарды бірауыздан негізгі түрік тайпаларының 
қатарына жатқызған.Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты 
жағынан алғаш рет айтылуы 8 ғасырға жатады.Араб географы Ибн 
Хордадбектің деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан 


маңызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-
ғұздармен,оғыздармен,печенегтермен,қарлұқтармен,қыпшықтармен,азкиш
илермен,түргештермен қатар аталады.
Қимақ федерациясының алғашқы құрамы Гардизи еңбегінде 
келтірілген.Бұл одаққа 7 
тайпа:эймур,имек,татар,байандұр,қыпшақ,ланиказ,ажлар тайпалары 
кіреді.Гардизи бірақ ешбір тайпа жөнінде ақпарат келтірмейді,оның 
еңбегінде бұлар көптен бері келе жатқан және белгілі тайпалар ретінде 
айтылады.Ол бұл тайпалардың қайдан шыққанын да көрсетпейді.Қимақ 
одағына кірген тайпалардың тарихын қарастыру олардың Орталық 
Азиядан көшіп келді деп топшылауға негіз береді.
8-10 ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымының 
қалыптасуы күрделі әрі ұзаққа созылған үрдіс болды десекте болады.
Саяси тарихы
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын 
яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII 
ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. 
ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс 
аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе 
бастайды.
Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші 
елдерге үнемі шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба 
деректерде көптеп кездеседі. Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда 
"тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал X 
ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы 
Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, 
қимақтар Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап 
тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара 
соғысып қалатын кездері де болады. Міне, осындай жағдайлардан бұл 
тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да ұқсас 
тұстары өте көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет