1.Этносаралық келісім - ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи.Әрбір өркениеттің, діннің және халықтардың жер бетінде өзіндік орындайтын міндеттері бар. Қазақстанның Түркі мемлекеттері, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ аясындағы іргелес елдермен достық қарым-қатынас қалыптастыруы - ел тыныштығының кепілі. Ұлттық тұтастық, ұлттық өркендеу өзінің мағыналық құрылымы бойынша халықтар арасындағы келісімге негізделеді. Осындай өзекті мәселелер алдында Қазақстанның беті ашық, жүзі жарқын деуге әбден болады. Қазақ елінің тағдыры тауқыметке толы болғанмен, ешқашан өзгені өзегінен теппеген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды. Этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлініп келеді. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына баса мән береді. Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Сондықтан да болар, ел аузында: «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген нақыл сөздер қалды. Бұл - бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты қағидасына айналды және тәуелсіздіктің негізі.Қазақстан - ядролық қару-жарақтан ерікті түрде бас тартқан, әлемдегі бірегей мемлекет. Қазір техника мен технологияның дамыған заманы..Ең қуатты 30 елмен иық тірестіру мақсаты қойылды. Мұның нәтижелі болуы, әрине, халықтың бірлігіне байланысты. Бүгінде Қазақстан 130-дан астам этнос өкілінен тұратын 17 миллионнан аса халқы бар беделді мемлекетке айналды. Қазақ халқымен тарихи сын сағаттарда этностар өзара ымыраға келіп, тіпті өзара келісім орната білді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастыруда елдің ішкі саясатының басты ұстанымы болды, ол - бірлік пен келісім құндылықтары. Әсіресе, Қазақстанның ұлттық саясатын жүзеге асыру бірнеше кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңде еліміздегі тіл саясатына қатысты мәселелер қарастырылды. Одан кейін ұлттық-мәдени бірлестіктер құрыла бастады. Нәтижесінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1992 жылы Қазақстан халқының I форумында Мемлекет басшысы алғаш рет республика халқын біріктіретін қоғамдық (саяси және үкіметтік емес) ұйым құру туралы идеясын жариялады. Қазақстан халқының келісім және бірігу ассамблеясын құру мәселесін талқылауға ұсынды.