1. Фармакологияның пәні, мақсаттары мен міндеттері, оның жалпы медициналық білім беру жүйесіндегі маңызы


Аралас (опиоидты және опиоидты емес) әсері бар анальгетиктер, препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдану көрсеткіштері



бет11/12
Дата07.12.2022
өлшемі2,5 Mb.
#161796
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1. Фармакологияны п ні, ма саттары мен міндеттері, оны жалпы м

25. Аралас (опиоидты және опиоидты емес) әсері бар анальгетиктер, препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдану көрсеткіштері.



26. Дәрілік тәуелділікті тудыратын дәрілер. Нашақорлықтың алдын алу мен емдеудің әлеуметтік аспектілері.







Дәрілік тәуелділік шақыратын заттар:


*Ұйықтатқыш заттар (хлоралгидрат, барбитур қышқылының туындылары).


*Опиоидты (наркотикалық) анальгетиктер (морфин, промедол, фентанил, суфентанил).
*Кокаин, героин, галлюциногендер.

Дәрілік тәуелділіктің дамуы айтарлықтай дәрежеде опиоидты анальгетиктердің эйфория шақыру қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл кезде жағымсыз эмоциялар, шаршау жойылады, жақсы көңіл күй, өзіне деген сенімділік пайда болады, біртіндеп жұмысқа қабіліттілігі қалыптасады.




27. Шеткергі әсер ететін наркотикалық емес анальгетиктер, препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлер, қолдану көрсеткіштері.
1. Салицил қышқылының туындысы- Ацетилсалицил қышқылы
Әсерлері:Ауру сезімін басатын,Ыстықты түсіретін,Қабынуға қарсы,Антиагреганттық
Қолданылуы:невралгия, миалгия, артралгия;ГипертермияҚабыну аурулары: миозит, неврит, артрит, ревматизм.Тромбоздың профилактикасы
Жанама әсерлері:Диспепсиялық бұзылыстар (құсу, лоқсу),Асқазанның ойық жарасы,Аллергиялық реакциялар (ангионевротикалық ісіну, бронхоспазм, теріде бөртпелер),Респираторлық алкалоз,Құлақта шуыл, естудің төмендеуі

2. Пиразолон туындыс- Анальгин


Әсерлері:Тіс ауру,бас ауруы кезінде,температура түсіруге,ауру сезімін басады.
Қолданылуы-Жарақаттан немесе хирургиялық араласудан кейінгі өте қатты ауыруда.Шаншуларда.Ісік аурулары кезіндегі ауырсынуларда.Өзге емдік шаралар көрсетілмеген кезде басқа да жедел немесе созылмалы қатты ауыруда.Жоғары температура, басқа тәсілмен басылмағанда.
Жанама әсерлері:Өлімге алып келеді,анафилактикалық шок,колапс,жүктілік кезіндегі қатер,

3. Арил сірке қышқылының туындысы –Кеторолак


Әсерлері: Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
Қолданылуы- ауырсынуды емдеу үшін қолданылатын стероид емес қабынуға қарсы препарат. Атап айтқанда, орташа және күшті ауырсыну үшін ұсынылады.- жарақаттарда, шығып кетулерде, созылуларда - тіс ауыруында - операциядан кейінгі кезеңдегі ауыруларда - онкологиялық ауруларда - миалгияларда, артралгияларда, невралгияларда, радикулитте, ревматизм ауруларында
Жанама әсерлері: гастралгиялар, диарея бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық ісінулер.Жиі емес стоматит құсу, асқазанның толып кету сезімі, метеоризм, іш қатуы

4. Фенилпропион қышқылының туындысы:- ибупрофен


Қолданылуы- - қарқындылығы жеңіл және орташа ауыру синдромын симптоматикалық емдеуде: бас ауыруы, тіс ауыруы, етеккірдегі ауырулар, невралгиялар, бұлшықеттік, ревматизмдік және басқа түрлі ауырулар

  • Тұмау және суық тию ауруларында

Жанама әсерлері: - бронх түйілуі, ентігу, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық немесе шаршағыштық,

  • Асқазан-ішек ойық жарасы, қыжыл, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, диарея, абдоминальді ауыру, асқазан-ішек және басқа да қан кетулер

  • Естудің төмендеуі, құлақтағы шуыл немесе шыңылдауы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет