Қабыну үрдісі тін жасушаларының микрофлорамен, токсиндермен, химиялық немесе физикалық агенттермен зақымдалу салдарынан басталады, әрі қарай зақымдалған жасушалардан бөлінетін қабыну медиаторларының көмегімен ұсталады: серотонин, гистамин, брадикининмен жалғасады.
Жіктелуі:
1.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар.
СЕҚҚД – әртүрлі химиялық құрылымға ие, қабынуға қарсы қасиетінен басқа сонымен қатар, анальгетикалық және қызуды басатын белсенділігі бар.
СЕҚҚД-ің әсер ету механизмінің басты элементіне – арахидон қышқылының метаболизміне қатысатын негізгі фермент – циклооксигеназа (ЦОГ) белсенділігінің тежеуімен байланысты болатын, простогландин синтезінің басылуы жатады
Глюкокортикоидтар – бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында синтезделінетін стероидты гормон. Табиғи глюкокортикоидтар мен оның синтетикалық аналогтары медицинада бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі кезінде қолданылады.