1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы



бет1/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді


1 ҰҢҒЫМАМЕН Мұнай және газ өндіру технология-сы


1.1 Мұнай және газ кенорындарын игеру технологиясы және иге-ру кезеңдері

Қазіргі таңда көптеген мұнай кен орындарын игеруде қабаттарға жасанды әсер етуді қолдану маңызды болып табылады. Бұл жағдайда қабаттың жұмыс тәртібі деген түсінік жер қыртысынан мұнайды өндіру үрдісін (процесін) толығымен сипаттамайды. Мысалға, кейбір мұнай кен орындарын игеру белгілі бір уақыт бойына қабатқа сұйық көмірқышқыл газын айдап, сонан соң оны қабат бойымен ығыстыру үшін су айдауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Әрине, мұндай жағдайда қабаттың жұмыс тәртібі қолдан жасалған суарынды болады. Бірақ бұл мұнайды өндіру үрдісін сипаттау үшін аз мәлімет болып табылады. Бұл жерде тек қабаттың жұмыс тәртібін ғана ескермей оған қоса қабаттарды игеру технологияларымен байланысты мұнайды қабаттардан өндіру механизмін де ескерген жөн.


Кен орындарды игеруді жүзеге асыру үшін тек жүйені ғана негіздеп таңдау емес, оған қоса игеру технологиясын да анықтап алған дұрыс болады.
Мұнай кен орындарын игеру технологиясы деп мұнайды жер қыртысынан өндіріп алу үшін қолданылатын әдістердің топтамасын айтады. Жоғарыда келтірілген игеру жүйесі түсінігін анықтайтын факторлардың бірі ретінде қабатқа әсер етудің болуы немесе болмауы қарастырылады. Бұл факторға су айдау ұңғымаларының қазылу қажеттігі тәуелді болып табылады. Ал мұнай кен орындарын игеру технологиясы игеру жүйесіне кірмейді. Яғни сол немесе басқа игеру жүйелері кезінде әр түрлі технологияларды қолдануға болады. Әдетте, кен орындарды жобалау кезінде таңдап алынған игеру технологиясына қай игеру жүйесі барынша тиімді болатынын және қандай игеру жүйесін қолданғанда берілген көрсеткіштерді оңай алуға болатынын ескерген жөн.
Осыған байланысты, мұнай-газ өндіруші өнеркәсібінің қазіргі жағдайын және дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Әрқайсысы өздігімен әрдайым өзгеру барысында, бұл бір жағынан - мұнай және газды пайдалану масштабына байланысты болса, ал екінші жағынан – мұнай және газды өндірудің күрделілігінде.
Мұнай кен орнын өндіру процесі негізінен төрт кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең барысында (сурет 1.1) мұнай өндіру өседі. Ол бұрғылау жылдамдығына, жаңа ұңғымалардың іске қосылуына, кен орынды орналастыруға және бұрғылау және өндірістік құрылыс басқармаларының жұмыстары қарқындылығына байланысты болады.

1.1-сурет-Уақытқа байланысты qн, qж шамаларының өзгеруі
1,2 – сәкесінше мұнай өндіру және сұйық өндіру
Бұл кезеңде мұнайгаз өндіруші өнеркәсібінің дамуы тұтынудың шектелуіне байланысты болады, себебі мұнайды игеру қиын емес кен орындардың (мұнай коллекторлар аз тереңдікте, кейбір жағдайларда бірнеше он метрді құрайды, ал өндірілген мұнай аз тұтқырлығымен, агрессивті орта және су болмауымен ерекшеленген) аз болғандығы. Мұнайды жер бетіне көтерудің негізгі ең қарапайым әдісі – фонтанды әдіс болып саналады. Мұнайды жинау, сақтау және тасымалдау технологиясы да өте қарапайым болды. Сәйкесінше мұнай өндіруге арналған жабдықтары да қарапайым.
Игерудің екінші кезеңі (сурет 1.1) көп көлемде (максимал) мұнай өндірумен сипатталады. Кен орынды жобалау үшін берілетін тапсырмада көбінесе максималды мұнай өндірісін, өндіру жылдарын және екінші кезеңнің ұзақтылығын көрсетеді. Бұл кезеңде мұнайды тұтыну едәуір өседі, ал өндіру шарты қиындайды, үлкен тереңдікте орналасқан коллекторлардан және қиын геологиялық шарттағы кен орындардан мұнай өндіру қажет болады. Фонтандау аяқталғаннан кейін ұңғымадан мұнай шығарудың тиімді әдісін қолдану пайда болады, сонымен қатар басқа да бірнеше мәселелерді (кәсіпшілік ішінде тасымалдауды, айдауды, айыруды, тазалауды, сақтауды және тасымалдауды) қамтамасыз ету қажет болады. Осыған байланысты ұңғымадан газлифті және сорапты әдістермен сұйықты көтерудің технологиясы, мұнайды жинау және айырудың технологиясы ойлап табылады, ал бұл технологияларды жүзеге асыру үшін мұнай кен орындарын игеру және мұнайды өндіру техникасының жаңа түрлері ойлап табылып, өндіріске енгізіледі. Осы кезеңде мұнайдағы газды пайдалану басталады. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар, күшті ұңғыманы газлифті әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар (компрессорлы станциялар арқылы), штангалы және штангасыз сорапты қондырғылар, ұңғыма өнімдерін жинау, дайындау, газдан немесе судан айыру жабдықтары пайда болды. Мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптің және оны машина жабдықтарымен қамтамасыз ететін мұнайгаз кәсіпшілік машина жасаудың пайда болуымен бірге мұнай және газ орналасқан аймақтарда ғылымда қарқынды дами бастады [1].
Үшінші кезең (сурет 1.1) мұнай өндірісінің тез төмендеуі және өндірілген өнімнің сулану көрсеткішінің өсуімен (егер мұнай қабаты суландырылса) сипатталады.
Ал төртінші кезеңде (сурет 1.1) мұнай өндірісінің жәй төмендеуі мен ұңғыма өнімінің сулануы жоғары болып (80÷95% болады), оның өсуі байқалады. Бұл кезеңді игерудің соңғы кезеңі деп те атайды.
Мұнай-газ өндіруші өнеркәсібінің әрі қарай дамуы жаңа кезеңмен байланысты, яғни барлық кішігірім кен орындарды игеру, едәуір терең ұңғымаларды пайдалану, жоғары тұтқырлы және құрамында агрессивті заттар бар мұнайды өндіру, сонымен қатар теңізде орналасқан мұнай ұңғымаларын және ұңғымаларды көлденең бұрғылау және пайдалану қажеттілігі болып табылады.
Осы жұмыстардың барлығы мұнайгаз өндіруші өнеркәсібін машина мен жабдықтардың жеткілікті түрінде, қажетті параметрлерімен сипаттамаларында, жоғары сенімді және жеткілікті санымен қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет