1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Штангалы сорапты қондырғының берілісін азайтатын фак-торлар



бет24/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

4.3.2 Штангалы сорапты қондырғының берілісін азайтатын фак-торлар


Газдың әсері. Айдалатын сұйыққа газдың әсері сорап цилиндрінің толу коэффициентімен есептеледі. Ол, сорапқа келіп түсетін сұйық көлемі-нің Vж , сұйық көлемін құрайтын қоспалардың барлық көлеміне Vсм және бос газдың көлеміне Vг қатынасына тең болады:
, (4.10)
мұндағы R-сорап қабылдауындағы Рпр қысымдағы және Тпр темпе-ратурадағы газ факторы.
(4.10) теңдеуі штангалы сорапты қондырғының зиянды кеңістігінің көлемін және газдалған сұйықты айдау кезінде толу коэффициентіне әсе-рін ескермейді. Сол себептен (4.10) теңдеуі мәніне тәуелді болады.
Штангалы сорапты қондырғының зиянды кеңістігі – дегеніміз, плун-жердің шеткі төменгі деңгейі кезіндегі сораптың сору және айдау клапан-дарының арасындағы көлемді айтамыз. Плунжердің төмен жүрісі кезінде оның астындағы газсұйық қоспасы плунжер үстіндегі сұйықтың қысымына тең қысымға дейін сығылады. Газ сұйықта ериді және кейбір бөліктері зиянды ортада қалып қояды. Келесі кезекте плунжер жоғары көтерілгенде плунжер астындағы қысым сораптың қабылдауындағы қысымға дейін төмендейді, де плунжер астына аз көлемде қоспа келіп түседі.


Плунжер жүрісі шығынының әсері
Сораптың теориялық берілісі штанг ілінген нүктенің ұзындығымен S анықталады, сонда плунжердің нақты жүрісінің мүмкін төмендеуі S- мәнімен салыстырғанда тікелей сораптың нақты берілісіне әсер етеді. Сонымен,
, (4.11)
мұндағы Sn- сорап цилиндріне қатысты плунжердің нақты жүрісі; - штанг мен құбырдың серпімді созылуы есебінен плунжер жүрісінің шығы-ны.
Бұл шығын, штанг жоғары көтерілген кезде күштің әсерінен қосым-ша созылуына негізделген. Ол плунжердің астындағы және үстіндегі қы-сымның айырмашылығының плунжер қимасының ауданына көбейтіндісіне тең болады, ал айдау клапаны жоғары көтерілген кезде жабық болады. Бір-дей уақытта сорап құбырлары сығылады да, төмен жүрген кезде оған әсер ететін осы күштер енді құбырға емес штангаға түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет