б. 150-мм пайдалану құбыры арқылы фонтандау кезінде:
Ұңғыма өнімі және түптік қысымы өзгеріссіз, тек 150-мм пайдалану құбыры арқылы фонтандау кезінде гидравликалық кедергісі төмендейді және буфердегі қысым жоғарылайды.
Мұнай қозғалысының орташа жылдамдығы
Vн= = 0,226 м/сек., (2.46)
Рейнольдс параметрі
Re= = 3390., (2.47)
Режим турбулентті. Гидравликалық кедергі коэффициенті
λ= = 0,041, (2.48)
Буферлік қысым
Рбуф=рзаб-рст–ртр=235,84 – 139,2 – ≈96,541 ат. (2.49)
150-мм көтергіш құбыр арқылы фонтандаған кездегі ПӘК (шту-цердегі энергия шығынын есептемегенде)
η= = 0,999, (2.50)
Осы мысалдан көрініп тұрғандай, пайдалану құбырлары арқылы ұң-ғыма фонтандау кезінде гидравликалық кедергі төмендеген кезде буфер-дегі қысым 6,54 ат. жоғарылайды, нәтижесінде фонтандаудың мерзімі ұза-рады да, ұңғыманың өнімі мен депрессиясының жоғарылауына мүмкіндік болады. Дегенмен бұл тек жекелеген жағдайларда, яғни ұңғыманы меңгеру кезінде фонтанды құбырларды түсіру қажет болмағанда (суарынды режим кезінде қабат қысымының жоғары болуы), құмды шығару болмайды және түптік қысым мұнайдың газбен қанығу қысымынан жоғары болғанда.
2.8 Фонтанды пайдалану кезінде өнімді қабаттарды жеке-жеке өндіру
Екі өнімді қабат фонтандауы кезінде мұнай өндіру, шегендеуші құ-быр және СКҚ тізбегі арқылы (жер бетіне сұйықтарды жеке-жеке көтеру), СКҚ тізбегі арқылы (жер бетіне сұйықтарды бірге көтеру) параллель немесе концентрлі орналасқан екі құбыр арқылы жүргізілуі мүмкін [2].
Бір СКҚ тізбегінде және шегендеуші құбырлар арасындағы кеңістікті пайдалануда екі қабат арасына бір пакер орнатылады. Төменгі қабаттан сұ-йық СКҚ тізбегі арқылы, ал жоғарғы қабаттан – құбыр аралық кеңістікпен өндіріледі. Бұл жағдайда фонтанды арматураның қарапайым схемасының бірі қолданылады.
Екі қабаттан сұйықты жеке-жеке көтеру үшін екі концентрлі орна-ласқан СКҚ тізбегін қолдану ұңғыманың батырмалы жабдықтарын же-ңілдетеді (екі пакер немесе пакер және дроссельсіз СКҚ тізбегінде нығыз-дағыш) және фонтанды арматураның стандартты схемаларын қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай қондырғылар 1УФК және 2УФК шифры бойын-ша дайындалады. Шифрда келесі белгілер қолданылған: 1 және 2 саны СКҚ тізбегінің қатарын білдіреді; У – установка (қондырғы); Ф – фонтан-ды; К – тізбектердің концентрлі ілінуі. Олар диаметрі 146 және 148 мм шегендеуші құбырлар тізбегіне арналған. Екі паралелль СКҚ тізбектерін түсіруде жабдықтар дәл сондай болып қалады, бірақ жер бетіндегі арма-тура біршама күрделі болады. Мұндай схемалардың концентрлі орналас-қан құбырларға қарағанда ерекшеліктері – парафин шөгуде екі каналды бірдей скребок арқылы тазалау мүмкіндігі. Құбырлардың орналасуының мұндай схемасында кейбір жағдайларда қабат сипаттамасы бойынша тізбектің сыртқы диаметрі оңай таңдалады. Бірақ құбырлар диаметрі 60 немесе 48 мм шектелген. Бұл қондырғылар УФЭ шифрымен белгілінеді.
3 Ұңғымаларды газлифті әдісімен пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: |