1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Газлифті көтергіштерінің жұмыс істеу принциптері



бет14/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

3.1 Газлифті көтергіштерінің жұмыс істеу принциптері

Газлифті ұңғыманың жұмысы қарапайым фонтанды ұңғыманың жұмысына ұқсайды, тек онда сұйықты газдандыру үшін, газ жоғарыдан бөлек арнайы каналмен беріледі (3.1-сурет). Құбыр тізбегі арқылы (1) газ жоғарыдан башмакқа (2) беріледі, онда газ бен сұйық араласады да, газсұйық қоспасы түзіліп көтергіш құбыр (3) арқылы жоғары көтеріледі.


Айдалатын газ қабат сұйығынан бөлінетін газбен қосылады. Нәти-жесінде газ бен сұйық қосылып, ұңғыма түбіндегі қысым сұйықты жоғары көтеруге жететіндей газсұйық қоспасы түзіледі.
Көтергіш құбырдағы газ берілетін нүкте (башмак) сұйық деңгейінен h тереңдікке батырылған құбырдың газ берілетін нүктесіндегі газдың қы-сымы Р1 батырылған h тереңдікке пропорционал және келесі қатынаспен байланысты .



3.1-сурет - Газлифті әдісінің принципальды схемасы

Ұңғыма сағасында өлшенген, айдалатын газдың қысымы РР жұмыс қысымы деп аталады. Ол практика жүзінде башмактағы қысымға Р1 тең болады және ол газ бағанының гидростатикалық қысымымен және құбырдағы газдың үйкелісіне кететін қысымымен ерекшеленеді. төменнен Р1 қысымын жоғарылатады, ал төмендетеді.


Осыған байланысты Р1р+ - немесе Рр1 - +
Нақты ұңғымада мәні Р1 мәнінің бірнеше пайыз бөлігін құрай-ды, ал мәні өте аз болады. Осыған байланысты жұмыс қысымы Рр жә-не башмактағы Р1 қысымы бір-бірінен аз ғана ерекшеленеді. Сол себептен газлифтілі ұңғыманың түбіндегі жұмыс қысымын оның сағадағы жұмыс қысымымен анықтауға болады. Бұл газлифтілі ұңғыманы зерттеуді, оның жұмысын реттеуді және тиімді режимге орнатуды жеңілдетеді.
Ұңғымадағы сұйықты көтеру үшін, газ энергиясын қолданатын әдіс газлифтілі деп аталады, ал ұңғымаға осы мақсатта ауа айдалса онда ол эрлифт деп аталады.
Ауаны қолдану сорапты компрессорлық құбырда өте мықты эмуль-сияның түзілуіне алып келеді, ал оны ажырату үшін беттік активті зат-тармен арнайы өңдеп, қыздырып немесе ұзақ уақыт тұндыру керек.
Бөліп алудан кейін бетіне бөлініп шыққан газ-ауа қоспасы салыс-тырмалы түрде оттан қауіпті және жарылғыш қоспа түзеді. Бұл айыр-ғыштан (сепаратор) кейін өндірілген газ-ауа қоспасын атмосфераға шыға-руды талап етеді.
Көмірсутегі газын қолдануда құрылымы мықты емес эмульсия тү-зіледі. Ол таза мұнайды бөліп алудағыдай қымбат өңдеуді, ұзақ тұндыруды қажет етпейді. Бұл қолданылып жатқан көмірсутегі газында, химиялық газ- бен мұнайда немесе жалпы көмірсутегі негізінде оттегінің болмауы немесе аз мөлшерде болуымен түсіндіріледі. Ауа құрамындағы оттегі, қышқыл-дану процесінің және мықты су тамшыларының түзілуіне себепші болады, сонымен қатар тұндыру кезінде шөгіп қалады. Осыдан кейін салыс-тырмалы жарылу қаупі жоқ, қалдық газ, айырудан өткеннен кейін газ жи-нау жүйесіне жиналады да, әрі қарай өңделеді. Газлифтілі ұңғымаға айдал-ған газ сорапты компрессорлық құбыр ішінде мұнаймен қарқынды аралас-қанда бензин фракциясымен байытылады. Осындай газды газбензин зауы-тында өңдеу кезінде тұрақсыз бензин және басқа құнды өнімдер түзіледі, нәтижесінде мұнай тұрақталады, ал оны тасымалдау және сақтау кезінде булануын азайтады.
Газбензин зауытындағы өңделген (құрғатылған) газды, өндірісте компрессорлық станциялармен қайтадан сығып газлифтілі ұңғымалардың жұмысына қолданылады.
Осыған байланысты газлифті әдісі газды қолдануда және кен орнын пайдалануда эрлифті әдісімен салыстырғанда тиімді болып табылады. Эрлифті әдісінің бірден-бір артықшылығы, ол газсұйық қоспасын көтеру үшін қажетті жұмыс агенті ретінде ауаның шексіз болуы. Шын мәнісіндегі газлифтілі ұңғымалар 3.1-суреттегі схема бойынша жабдықталмайды және ұңғымаға екі бірдей параллель құбырды түсіріп, оларды практика жүзінде төменнен башмакпен мықты етіп бекітуге болмайды. Бұл схема тек қана газлифті әдісін түсіндіру үшін берілген. Бірақта, оны қолдануы әбден мүмкін, мысал есебінде шахталарға көп мөлшерде су айдау үшін және т.б.
Газлифт әдісі компрессорлық және компрессорлық емес болып бөлі-неді. Газлифті ұңғымалардың жұмысы үшін 4÷10 МПа қысымға дейін сы-ғылған көмірсутегі газдары қолданылады. Сығылған газдың көзі қажетті қысымды қамтамасыз ететін арнайы компрессорлық станциялар немесе компрессорлы газ өңдеу зауыттары болып табылады. Газлифтілі пайдала-нудың мұндай әдісі компрессорлық әдіс деп, аталады. Ал энергия есебінде табиғи газ немесе таза газ және газ конденсат кен орындарының газы қол-данылатын болса, онда ол әдіс компрессорлық емес газлифті - деп, атала-ды.
Компрессорлық емес газлифтіде табиғи газ газлифтілі ұңғыма орна-ласқан жерге тасымалданады және арнайы қондырғыда конденсатты және ылғалды бөліп алу үшін алдын-ала дайындалып алынады. Артық қысым бір немесе бірнеше сатылы реттегіштерден (штуцер) газды өткізу арқылы төмендетіледі.
Газлифтілі пайдалану әдісінде ұңғыма ішілік газлифті деп аталатын жүйе бар. Бұл жүйеде сығылған газ көзі болып мұнай қабатының төменгі және жоғарғы бөлігінде орналасқан газ қабатының газы қолданылады. Екі қабатта ортақ сүзгішпен ашылады.
Осындай жағдайда газ қабаты мұнай қабатынан бір немесе екі пакер-мен оқшауланады (төменнен және жоғарыдан), ал газ сорапты компрес-сорлық құбырмен газ көлемінің мөлшерін реттегіш қондырғы арқылы келіп құбырға түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет