1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Газлифті ұңғыманың өнімін есептеу



бет17/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

3.3.1 Газлифті ұңғыманың өнімін есептеу

Ұңғыманы газлифті әдісімен пайдалану кезінде негізінен берілген диаметрдегі тиімді және ең жоғарғы өнімді есептеу қажет, ол үшін А.П. Крыловтың теңдеуі қолданылады:


, (3.7)




, (3.8)
мұндағы d – көтергіш құбырдың ішкі диаметрі, мм; Pб – көтергіштің башмагындағы қысым, егер газ башмак арқылы немесе жұмыс клапанын-дағы қысыммен енгізілсе, Па; Ру – ұңғыма сағасындағы қысым, Па; L – кө-тергіш құбырды түсіру тереңдігі немесе жұмыс клапанын орнату тереңдігі, м.
Мысалы: Төменде келтірілген мәндер бойынша ұңғыманың тиімді және ең жоғарғы өнімін есептеу қажет. Көтергішті түсіру тереңдігі L=1700 м; көтергіштің башмагындағы қысым Pб=8,7 МПа; ұңғыма сағасындағы қысым Ру=0,5 МПа; сұйықтың тығыздығы ρж=890кг/м; көтергіштің шартты диаметрі d=60 мм, стандарт бойынша құбырдың ішкі диаметрі 50,3 мм.
жауабы: =98 т/тәу; =222 м3/тәу.


3.3.2 Газлифті ұңғымадағы іске қосу қысымын есептеу

Іске қосу қысымы деп, ұңғымадағы сұйық деңгейі сорапты-компрес-сорлық құбырдың башмагына жеткендегі уақыт моментіне сәйкес келетін ең жоғарғы қысымды айтамыз.


Іске қосу қысымы келесі теңдеумен анықталады

, (3.9)


мұндағы h – сорапты компрессорлық құбырды сұйықтың статикалық деңгейінен төмен тереңдікке батыру тереңдігі, м; ∆h – газды айдау кезінде ығыстырылып шыққан сұйық бағанының биіктігі, м; ρж – ұңғымадағы сұ-йықтың тығыздығы, кг/м3; g – еркін түсу үдеуі (9,81 м/с2).


Тізбектегі сұйық көлемін және құбырдағы сұйық көлемін теңестіріп (қабаттағы сұйықты ығыстыруды есепте-мегендегі), яғни, Vк=Vт сақиналы кеңістік арқылы айдау кезіндегі мәнді аламыз:


, (3.10)
ал орталықтан айдау кезінде
(3.11)
Мысалы: Келтірілген мәндер бойынша ұңғымаға орталық және сақиналық газ айдау кезіндегі газлифтілі ұңғымадағы іске қосу қысымы-ның мәнін анықтау керек. Ұңғыма тереңдігі H=100м, пайдалану тізбегінің ішкі диаметрі D=150,3 мм. Ұңғымаға L=800м тереңдікке сыртқы диаметрі dн=89мм және қабырғаларының қалыңдығы δ=6,5мм болатын сорапты ком-прессорлы құбыр түсірілген. Ұңғыма сағасынан статикалық деңгейге де-йінгі аралық Hст=400м. Мұнайдың тығыздығы ρн=850кг/м, судың тығыз-дығы ρв=110кг/м болғанда өнімнің сулануы В=30%. Есептеулер кезінде, сұйықтың гидравликалық кедергісін және газды айдау кезіндегі қабатқа кететін сұйықтың шығыны аз болғандықтан оны есептемеуге болады.
Ұңғымадағы сұйықтың тығыздығын анықтаймыз:
.

Сорапты компрессорлық құбырды сұйықтың статикалық деңгейінен төмен тереңдікке батыру тереңдігі:


h= L - Нст=400 м.

Сорапты компрессорлық құбырдың ішкі диаметрі:


dвн = dн -2δ=76 мм.


Сақиналы айдауда (3.10) теңдеуін пайдаланып, ∆h=1016м; іске қосу қысымы (3.9) Рпуск =12,85 МПа мәндерін табамыз.


Сонымен берілген ұңғымада сақиналы айдау кезіндегі қысым, орта-лықтан айдау кезіндегі қысымнан жоғары болады екен.
Жауабы: 12,85 МПа және 1,4 МПа.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет