Батырмалы электрқозғалтқыштың гидроқорғағышы.
Гидроқорғағыш электрқозғалтқыштың ішкі жағына қабат сұйығының енуін болдырмау, температура және электроқозғалтқыш білігінен сорап білігіне берілетін айналу моментінің әсерінен электрқозғалтқыштың ішіндегі май көлемінің өзгерісін теңестіру үшін арналған.
Қозғалтқыштың жетілдірілген сериясы үшін гидроқорғағыштың екі түрлі конструкциясы (5.6 - сурет) жасалынған:
ашық типті – П92, ПК92, П114, ПК114;
жабық типті – П92Д, ПК92Д (диафрагмалы), П114Д, ПК114Д.
Гидроқорғағышты қарапайым және коррозияға төзімді («К» әріпі болады) етіп шығарады.
Қарапайым орындалған гидроқорғағыш ФЛ-03-К (ГОСТ 9109-81) грунтовкасымен қапталған. Коррозияға төзімді етіп жасалынған гидроқорғағыш білігі үшін К-монельден ЭП-525, IV, 7/2 110°C эмалімен қапталған.
ПЭД жинағы үшін гидроқорғағыштың негізгі түрі (типі) болып ашық гидроқорғағыш қабылданған. Ашық типті гидроқорғағыш электроқозғалтқыш ішіндегі май мен ұңғыдағы қабат сұйығының араласуын болдырмайтын физика-химиялық қасиеттерге ие тығыздығы 2 г/см³-ке тең арнайы барьерлік сұйықты қолдануды қажет етеді.
Жоғарғы камера барьерлік сұйықпен толтырылған, ал төменгі – диэлектрлік маймен толтырылған. Қозғалтқыштағы диэлектрлік майдың көлемінің өзгерісі гидроқорғағыш камерасындағы бір камерадан екінші камераға барьерлік сұйықтың ағуы есебінен теңестіріледі.
Жабық типті гидроқорғағыштарда резиналық диафрагма қолданылады, қозғалтқыштағы сұйық диэлектрлік көлемінің өзгеруін олардың иілгіштігі теңестіреді.
5.6-сурет - Ашық (а) және жабық (б) типті гидроқорғағыш:
А – жоғарғы камера; Б – төменгі камера; 1 – бас; 2 – жоғарғы ниппель; 3 – тұлға; 4 – ортаңғы ниппель; 5 – төменгі ниппель; 6 – негіз;
7 – білік; 8 – шеткі тығыздағыш; 9 – қосқыш құбыр; 10 – диафрагма
Гидроқорғағыштың негізгі сипаттамалары 5.6 - кестеде көрсетілген:
5.6 – кесте - Гидроқорғағыштың негізгі сипаттамалары
Гидроқорғағыш
|
Камералардың сыйымдылығы, л
|
Берілетін қуат,
кВт
|
Монтаждық ұзындық, мм
|
Массасы,
кг
|
МА-ПЭД майы
|
Барьерлік сұйықтық
|
П92, ПК92
|
5
|
2
|
125
|
2200 + 5
|
53
|
П92Д, ПК92Д
|
6,5
|
0,15
|
125
|
2200 + 5
|
59
|
П114, ПК114
|
5
|
4
|
250
|
2300 + 5
|
53
|
П114Д, ПК114Д
|
8
|
0,25
|
250
|
2300 ± 5
|
59
|
КТППНКС жинақталған сериялы трансформаторлық бекеттер. КТППНКС ұңғы шоғырынан мұнай алу үшін қажетті қуаты 16 ÷ 125 кВт электроқозғалтқыштары бар төрт ортадан тепкіш электросорап, және төрт тербелмелі-қондырғы электроқозғалтқышының қорегі мен жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалмалы ток тұтынушылардың қорегін басқару мен қорғауға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |