2. Тоғысатын сәулелер дифракциясы (Френель дифракциясы)
Егер жарық дифракцияланатын бөгет жарық көзі мен бақыла нүктесіне жақын болса, онда байқалатын жарық дифракциясы Френель дефракциясы немесе тоғысатын сәулелер дифракциясы деп аталады.
Дөңгелек тесіктен өткен дифракция. S жарық көзінен таралып жатқан сфералық толқын, таралу жолында кішкене тесігі бар экран кездеседі (1.7-сурет). Байқалатын дифракция тесіктегі Френель зоналарының санына байланысты. Э экранының В нүктесіндегі жарық амплитудасы болсын, мұндағы «плюс» белгісі тесікті ашатын Френель зоналарының m тақ сандары үшін, ал «минус» белгісі m жұп сандары үшін.
Дифракциялық бейне қара және ақ сақиналардың кезектескен және центірі В нүктесі түрінде болады (m – тақ сан болса, онда центрлік сақина қара түсті болады, ал m – жұп сан болса, онда ақ түсті).
Дискідегі дифракция. S нүктесінен таралған сфералық толқын таралу жолында диск кездеседі. Егер диск Френель зоналарының бірінші m жауып тұрса, онда Э экранының В нүктесіндегі тербелу амплитудасы:
В нүктесінде әрқашан интерференциондық максимум байқалады(жарық дақ), ол бірінші ашылған Френель зоналарының жарты әрекеттеріне сәйкес келеді. Центрлік максимум қара және ақ сақиналармен қоршалған.
Достарыңызбен бөлісу: |