1 глоссарий


Мекен (Места) 3. Мөлшер



бет6/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,09 Mb.
#6943
1   2   3   4   5   6

2. Мекен (Места)

3. Мөлшер (Количества и меры)



4. Сын-бейне (Образа и способа; действия)

5. Күшейту (Усилительные)

6. Мақсат (Цели)

7. Себеп-салдар (Причины и следствия)

8. Топтау (Разделительное).

Шылау(Союзы)

Өзара тең тұрған сөздерді (бірыңғай мүшелерді), сөйлемдерді (салалас сөйлемдер) байланыстырып, солардың арасындағы грам-матикалық қатынасты білдіріп тұрған шылаулар жалғаулықтар деп аталады.

Шылаудың үш түрі бар:

Жалғаулық шылаулар (Союзы)

Септеулік шылаулар(Послелоги)

Демеулік шылаулар(Частицы)

Абылай хан

Абылайдың шын аты - Әбілмәнсұр. Ол 1711 жылы Түркістан қаласының сұлтаны әкесі Уәлидің үйінде дүниеге келді. Абылай әке-шешесінен жастай жетім қалып, Ұлы жүз Төле бидің қолында малшы болып, басына үлкен сеңсең бөрік киіп, үсті-басы жалба-жұлба, қалай болса солай жүреді. Осы түріне қарап, бұл баланың аты "Сабалақ" болсын дейді Төле Би. Осылайша Сабалақ болып атанған бала 15 жасында қазақтың жонғарларға қарсы соғысына қатысып, "Абылайлап" ұрандап үлкен ерлік көрсетіп, Абылай атанып кетті деседі аңыздарда. Одан кейін орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы бірнеше күрестер ұйымдастырған. 1771 жылы Әбілмәмбет дүние салғаннан кейін Абылай Орта жүздің ханы болып сайланып, 48 жыл хандық құрды.

Абылай хан халқымыздың тарихында шебер ұйымдастырушы, батыл қолбасшы, іскер дипломат, әрі тілге шешен, алғыр, амал-ойласы мол адам ретінде қалды. 1741 жылдың басында қапыда жоңғарлардың қолына түсіп, олардың ханы Галдан-Цереннің сарайында болып, оның тікелей бақылауында болса да, мойымай, екі жылда ойрат тілін, жазуын үйреніп алады. Олардың мықты жағы мен осал жағын зерттейді. Абылай хан Ресей патшасы, Қытай империясы, Жонғар, Бұхар, Хиуа хандарымен қарым-қатынасты жақсартты. XVIII ғасырда елімізге көзін алартып, жаулап алуды көздеп отырған жонғар хандығына қарсы үш жүздің басын қосып біріктірген де Абылай болды.

1756-1758 жылдары Маньчжур-Қытай империясы 90 мың әскермен Жонғар хандығын біржолата күйретіп, елін жаулап, халқын қырып салуларын Абылай шебер пайдалынды. Абылай хан шығысында Қытаймен, іргесіндегі Ресеймен екі жақты дипломатиялық қарым-қатынас жасап, қай жағынан қысым көре бастаса екінші жағында арқа сүйеп отырады. Ресей мемлекетіне қосылуға 1740, 1772 жылдары уәде берумен ғана шектелді.

Абылай Қазақ мемлекетін жергілікті сұлтандар, тікелей ақылшысы болған Бұқар жырау сияқты ақылды адамдардың көмегімен басқарды. Ол шаруашылық пен сауданы дамытып, көршілес халықтармен мәдени байланысты нығайтты. Оған дәлел - Шынғыс тауының бөктерінен басталып, Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа қарай созылып жатқан "Хан жолы" ("Шаңды жол").

Абылай хан 1781 жылыжетпісжасындадүниесалды. ОныңсүйегіҚожаАхметИассауисағанасынажерленді.

Ауызәдебиетітуралы.

Қазақтың көркем әдебиеті ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Ауыз әдебиетінің (фольклордың) өзін екіге бөліп қарайды: бірі – авторлары мүлде белгісіз шығармалар, екіншісі – авторлары шамамен белгілілері. Біріншісіне мақал, мәтел, тақпақ, жұмбақ, ертегі және тұрмыс-салтымызға байланысты (қыз ұзату, шаруашылықтың түрлі саласына қатысты), кейбір көне айтыстар сияқты ұсақ жанырлар жатады. Екіншісіне «Батырлар жыры», «Ғашықтық жырлар» сияқты күрделі шығармалар жатады.



Батырлар жыры – көп халықта бар эпос жанры. Мысалы, көне гректің ақыны Гомердің «Илиада» мен «Одиссеясы», грузинның ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр», қырғыздардың «Манас» жыры т.б. бұлардың көлемі 20 мыңнан 100 мың жолға дейін жетеді.

Қазақ эпостарының көлемі бұлардай үлкен емес, көбі бір мың жолдан аспайды. Мұнда қара сөз (проза) шағын мөлшерде ғана қатысып, басынан аяғына дейін өлеңмен айтылып, көлемі шағын болып келеді. Қазақ эпостарында табиғаттан тыс мифология жоққа тән. «Батырлар жыры» болсын, «Ғашықтық жырлар» болсын, түгелімен дерлік – драма. Сондықтан болу керек, бұл эпостардың көпшілігі сахнада еркін қойылып жүр. Халқымыздың дүние жүзіне әйгілі батырлар жырына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қамбар», «Едіге», «Шора», «Баян» т.б. жырлар жатады.

Бұл жырлардың қайсысында болмасын негізінен үш кейіпкер болады. Олар: батырдың өзі, оның сүйген жары және сенімді сәйгүлік тұлпары. Мысалы, «Қобыландыда» - Құртқа, «Алпамыста» - Гүлбаршын, «Қамбарда» - Назым т.б. Аттың жақсысы: «Қобыландыда» - Тайбурыл, «Алпамыста» - Байшұбар, «Едігеде» - Бозтарлан т.б. Театры, киносы жоқ ескі ауылда бұларды жатқа орындайтын шеберлер – жыршылар болған.

Ғашықтық жырларды – лиро-эпостық жырлар деп атайды. Оларға «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан» жырлары жатады. Бұлардың бәрінде де екі жастың сүйспеншілігі баяндалады.

Қазақ көркем әдебиетіне эпикалық жанр ретінде араб, иран, шағатай елдерінен келген қиссалар енген. «Қисса» арабша «баяндау» дегенді білдіреді. Қиссаларда өлең мен қара сөз (проза) араласып келеді.

Қазақ қиссаларында сипатталатын ғашықтар: «Жүсіп пен Зылиқа», «Бәдігүл Жамал мен Сейфілмәлік», «Әміре мен Зияда», «Ләйлі мен Мәжнүн» сюжеттері арабтардан ауысқан да, «Фархат пен Шырын», «Таһир мен Зуһра», «Бозжігіт пен Сақыпжамал» - Орта Азияның өзінде туған кейіпкерлер.

«Батырлар жыры», «Ғашықтық жырлар» және «Қиссалардан» кейін көлемі жағынан көбі әрі әлеуметтік шындықты ашуы жағынан көрнектісі – айтыс жанры. Ақындар айтысы жүйрік аттардың бәйгесімен бірдей болған. Айтыста жеңген ақын рудың намысын қорғағаны үшін сыйлық алған. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлдүлі Біржан – Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Көкбай мен Әріпті, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлмамбетті т.б. арада ғасырлар өтсе де, халқымыз есінде сақтап келеді. Айтыстың көне түріне «Жар-жар» («Ау-жар»), «Бәдік» айтыстары жатады. Бұлардың авторлары белгісіз. Айтыстың «Жұмбақ айтысы», «Діни айтыс» дейтін түрлері де бар.


40,41,42-Сабақ. 15. Одағай.

Мәтін: Кино және театр өнері.
Одағай

(Междометие)

Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын көңіл-күй, сезім арқы-лы бідціретін сөздер одағай деп аталады.



Одағайдың атап көрсету қызметі жоқ. Оған арнайы грамматика-лык категория тән емес. Көмекші сөздердегі грамматикалық мағына үстеу қызметі де одағайда кездеспейді.

Қазақстан Республикасының халық әртісі

Роза Рымбаева

Роза Рымбаева 1957 жылы бұрынғы Семей облысындағы Жарма ауданының Жаңғызтөбе станциясында туған.

1974 жылы Роза Рымбаева театр-көркемсурет институтының комедиялық музыка-драма факультетін бітірді. Роза "Гүлдер" эстра-далық ансамблінің, "Арай" эстрадалық ансамблінің солисі. Қазіргі заман композиторларының шығармаларымен қатар, қазақ халқының әндерін өзіндік үн-бояуымен нақышына келтіре орындайтын әнші. Өнердегі еңбегі бағаланып, 1975 жылы ҚазССРне еңбек сіңіргенәртіс деген атақ берілді

Еркеғали Рахмадиев

1932 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданының "Мәдениет" совхозында туған. 1957 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын композиция класы бойынша бітірген. Еркеғали Рахмадиев есімі халқымызға "Қамар-Сұлу", "Алпамыс" опералары, "Дайрабай", "Құдаша-думан" симфониялық күйлері т.б. поэма, кантаталарымен сондай-ақ, әндерімен де танымал.

Төлеген Мұхамеджанов

1948 жылы бұрынғы Семей облысы, Бесқарағай ауданының Беген селосында туған. 1972 жылы Семей педагогикалық институ-тының тарих факультетін, 1980 жылы Алматы консерваториясының композиция класын бітірген. Композитор шығармашылығы түрлі музыкалық жанрларды қамтыған. Өзінің сазды да сырлы өнерімен бірге оның "Алдар көсе" операсы, "Махамбет" симфониялық поэмасы және т.б. шығармалары бар.

Бекен Жамақаев

Бекен Жамақаев бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Саржал селосында туған. Педагогикалық училищені бітірген. 1948 жылдан бастап, облыстык Ертіс газетіңде редактор, облыстық радио комитетінің директоры болып қызмет істеген. Бекен Жамақаев "Ма-хаббат вальсі", "Сен ғана", "Ертіс вальсі" сынды халқымызға кеңінен таныс әндердің авторы.
Мейрамбек Жанболатов

1938 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында туған. ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған.

1962 жылдан бастап партиялық қызметте істеді. Бүгінгі таңда Абай аудандық "Совхоз туы" газетінің қызметкері. Ол "Жүрек бір, тілек бір", "Кең дала", "Сағындым Сарыарқамды" және т.б. әндердің авторы.

43,44,45-Сабақ. 16. Еліктеуіш сөз.

Мәтін: Бүгінгі газет жаңалықтары. Газет жаңалықтарына шолу.

Аралық бақылау жұмысы

Еліктеу сөздер

(Подражательные слова)
Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе қүбылыстар мен қимыл-қозғалыс-тарды бейнелеуді білдіретін сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

Еліктеу сөздер мағыналық жағынан еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді. Жанды, жансыз заттар шығар-ған түрлі дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздер деп аталады: тарс-турс, ырр, саңқ, қарқ, сарт-сурт, салдыр-кулдір, қарш-қүрш.



Заттардың, қүбылыстар мен қимыл-қозғалыстардың түрлі сын-си-паты, әрекеттері көру қабілеті арқылы қабылданып айтылатын сөздер бейнелеуіш создер деп аталады: жалт, қалт, селк, зып, бүлк, маң-маң, қдлт-қүлт, желп-желп.

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

  2. Мәтінді азат жол бойынша бөліп, жоспар құрыңыз.

  1. "Табиғат және біз", "Табиғатты аялау" тақырыптарына диалог құрыңыз.


Табиғатты қорғау

Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері дүниежүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді химиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және та-биғат байлықтарын ұқыпты пайдалану, ауаның, судың және топы- рақтың тазалығын сақтау өзекті мөселелердің бірі болып саналады. Бұл адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты. Сон-дықтан да табиғатты қорғау адамды қорғау деген ұғыммен тікелей үндесіп жатады.

1991 жылы Қазақстан Республикасының "Табиғи ортаны қорғау туралы" заңы, ал 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің иАрал өңірі халқының тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" арнайы қаулысы қабылданды.

Мұның бәрі де республикамызда табиғатты қорғау мәселесіне мемлекет тарапынан үнемі назар аударылып тұрғанына толық дәлел бола алады.

Ірі кәсіпорындарда қалдықсыз әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мер-зімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.

Қазақстандық өнертапқыш Ғ.Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын "Бетон-20"-дан жүз мың есе сапалы болып шықты.

Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақындардың көп жырлаған тақырыптарының бірі - адам мен табиғат бірлігі.

Қазақ халқының ұлы кемеңгері Абай Құнанбаев та өз шығармаларында төрт түлікті шаруашылықты, аңшылық-саяткерлік өмірді табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған.

Адам өзінің іс-әрекеті арқылы табиғатта ұзақ уақыттар ара-лығында бір-біріне байланысты үйлесімді жүріп отыратын заңдылықтарға әсер етіп, кейде олардың бұзылуына жағдай жасайды. Ормандардың бей берекет қырқылуы, жерді қалай болса солай пай-далану, қырғын соғыс зардаптары, табиғатты талан-таражға салуы соған мысал бола алады.

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апаттыаймақ деп аталады. Соның бірі Семей полигоны больш та-былады. Бұл 18 мың км аймақты алып жатыр.

1949 жылдан 1989 жыл аралығыңда бұл жерде 467 ядролық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден Семей аймағының табиғаты мен халқы өте ауыр зардап шекті. Халқының тағдыры толғандырған азаматымыз Олжас Сүлейменов Семей полигонына қарсы және халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс ұйымдастырып, Семей полигонының жабылуына өз үлесін қосты. Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесіңде су айдындары бейберекет пайдаланудан және түрлі минералды тыңайтқыштарды, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы пайдаланған пестицидтер мен гербицидтерді қолданудан да су қорлары ластанып тартылады. Оны Арал теңізінің тартылуы жайынан, Балқаш көлінің суының азаюынан көруге болады.

3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

3.1 Дыбыс жүйесі.

3.2 Буын түрлері.

3.3 Ерін үндестігі

3.4 Тіл туралы заң. Халықаралық тіл, ұлттық тіл ұғымдары туралы

3.5 Киіз үй тарихы

3.6 Семей өңірінен шыққан өнер адамдары

3.7 Ұлттық музыка аспаптары

3.8 Антоним, синононим, фразеологизмдер

3.9 Амандасу салтының өзге халықтардағы көрінісі

3.10 Ұлттық отбасы тәрбиесі

4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4.1 Негізгі әдебиеттер

4.1.1. З.Күзекова, Г. Қарақұсова Жоғарғы оқу орындарының эканомика факультеттеріне арналған. А.1997,1999.

4.1.2. Ш.Б Сейтова. Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.

4.1.3. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық

4.1.4. Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы

4.1.5. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.

4.1.6. Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА

4.1.7. Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.

4.1.8. Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.

4.1.9. Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.

4.1.10. Г.Қ Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш А-2000

4.1.11. З.Күзекова . Практикалық курс. Қазақ тілі –Алматы: 2002

4.1.12. Ш.Бектұров. Серғалиев М. Қазақ тілі А-1994

4.1.13. Жас техниктің энциклопедиялық сөздігі. Москва.1980.

4.1.14. Р. Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы Астана, Елорда 2000.
4.2. Қосымша әдебиеттер

4.2.1. Жас толқын электронды оқулығы

4.2.2. Руханият электронды оқулығы

4.2.3. Зерде электронды оқулығы

4.2.4. Елтаным электронды оқулығы

4.2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы

4.2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы

4.2.7. Ыбырай Алтынсарин электронды оқулығы



4.2.8. Қазақ тілі электронды оқулығы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет