1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Гуморалды иммунитет жүйесінің зақымдануымен болатын ауруларды атаңыз және түсіндіріңіз



бет22/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

33) Гуморалды иммунитет жүйесінің зақымдануымен болатын ауруларды атаңыз және түсіндіріңіз.
Гуморалдық иммунитет жүйесінің зақымдануы: пиогендік микроағзалармен, стафилококк, пневмококк, ішек жұкпалы инфекцияларымен шақырылған аурудың қайталануы тән.
1. Гуморалдық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік ИТЖ
-Брутон ауруы
-Жалпы өзгермелі гипогаммаглобулинемия
-Транзиторлық гипогаммаглобулинемия
-Иммуноглобулиндердің таңдамалы тапшылығы
Гуморалдық иммунитеттің дефектісі (50-70%)
Х-хромосомамен тіркескен агаммаглобулинемия (Брутон ауруы)
Ақауы: В-жасушалардың болмауы, барлық Ig деңгейі төменКлиникалық ерекшелігі: Streptococcus, Haemophilus, Staphylococcus шақырылатын өкпенің, мұрын қойнауларының, ортаңғы құлақтың, терінің қайталамалы жұқпалы іріңді аурулары. Ауру 5-9 айда басталады. Тек ер балалар ауырады.
Жалпы вариабелді иммунтапшылық (гипогаммаглобу-линемия) Ақауы: IgM, IgA, IgG төмен. В-лимфоциттердің саны қалыпты. Антидене түзу қызметі бұзылған. Т-лимфоциттер қызметі бұзылған.Клиникалық ерекшелігі: өкпенің қайталамалы жұқпалы іріңді аурулары. Ауру 15-35 жаста анықталады. Ер және әйел адамдар ауырады.
Балалардағы транзиторлық гипогаммаглобу-линемия
Ақауы: Ig деңгейі төменКлиникалық ерекшелігі: тыныс алу жолдарының және бүйректің қайталамалы іріңді аурулары, отбасында жиі иммунтапшылық. Ауру 3-5 айдан бастап 2-4 жасқа дейін анықталады. Сау нәресте кенеттен ауырады.
Иммуноглобулиндер-дің таңдаулы (селективті) тапшылығы (дисгаммаглобулин-емия)
Ақауы: Ig деңгейінің кемуіКлиникалық ерекшелігі: аллергиялық, аутоиммундық аурулар, тыныс алу жолдарының жұқпалы аурулары, ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулары, қатерлі ісіктер. Ауру ересек адамдарда анықталады.
34) Фагоцитарлық жүйенің зақымдануымен болатын ауруларды атаңыз және түсіндіріңіз.
Фагоцитарлық жүйенің тапшылықтары
-Созылмалы лимфогранулематоз
-Чедиак-Хигасси синдромы
-Гипер IgE-синдромы
Фагоцитарлық жүйенің ақаулары стафилококтар және клебсиеллалар шақыратын созылмалы гранулематозды аурулар кезінде, терінің және паренхиматозды мүшелердің жұқпалы зақымданулар түрінде болатын клиникалық көрініс береді.
Чедиак-Хигаси синдромы - (жапондық Хигаси және кубалық дәрігер Чедиак аттарымен аталатын ауру) аутосомно рецессивті тәртiппен ұрпаққа беріліп және қайталанатын инфекциялардан туатын ауру түрі. Ішінара көз және тері альбинизмі, Фотофобия. Әдетте жас балалар ауырады. Инфекция немесе қатерлі ісік өлімге әкеледі. Ерте жастағы балаларда, ауру тез қарқынды жүреді. Бірақ қайталанатын инфекциялармен орын алып, ауру жеңіл жүруі мүмкін. Жоғары жастағы балаларда ауру жедел фазасына өтеді. Бұл кезде неврологиялық патологиясы- мишық, перифериялық нейропатия және ақыл-есінің ауытқуын атап өткен жөн. Перифериялық қан лейкоциттердің саны мен сүйек кемігінің барлық жасушаларының цитоплазмасында, нейтрофилдер, эозинофилы, базофилдер мен моноциттер де қалыптан тыс түйіршіктерді көрсетеді. Оларда лизосомалық ферменттер, пероксидаза және қышқыл фосфатаза ұсынылған нақты түйіршікті материалдар бар. Аурудыңөршуінебайланыстыжиі анемия, тромбоцитопения, лейкопения дамыпотырады.
Созылмалы лимфогранулематоз
Леикоздық сіңбелер жедел лейкоз кезіндегіге қарағанда жетілген, жасушалары цитарлы формалы. Ағымы ұзақ және қатерлі. Терминалды кезеңінде бласты криз дамиды, қанда жасушалардың бласты түрі кездеседі
Цитогенезіне қарай келесі түрлерін ажыратады:
- миелоцитарлы
- лимфоцитарлы
- моноцитарлы
А.Миелоцитарлы созылмалы лейкоздар. Біріккен жасушалардың деңгейінде ісіктік клондардың пайда болуымен сипатталады- миелопоэз ізашарлары, бұл ауру соңғы кезде миелопролиферативті синдром терминімен бірігетін лейкоздың түрлерін ажыратады. Созылмалы миелоцитарлы лейкоздардың тобында негізгі орынды созылмалы миелоидты лейкоз, шынайы полицитемия, миелофиброз және тробоцитемия алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет