1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Жоғары сезімталдылықтың І типінің ауруларын атаңыз және түсіндіріңіз



бет25/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

37) Жоғары сезімталдылықтың І типінің ауруларын атаңыз және түсіндіріңіз.
Қазіргі кезде атопия деп –түрлі аллергендерге жасушаларға цитофилді иммуноглобулиндердің , ең алдымен IgE, шамадан тыс артық өндіретін генетикалық қабілетті түсінеді. Ағзаға аллерген қай жолмен түссе де атопиялық аллергиялық серпілістер дамитыны анықталған. Атопияның клиникалық мысалдарына: атопиялық (немесе жұқпалы емес аллергиялық) бронх демікпесі, есекжем және басқа да атопиялық дерматиттер, Квинке ісінуі, поллиноздар, атопиялық энтериттер, рениттер мен конъюктивиттер жатады. Атопияға айқын тұқым қуалауға тән бейімділік дәлелденген. Егер аллергиямен ата-анасымен екеуі де ауырса, балалары 50% жағдайда аллергиямен ауыруы мүмкін, ал егер ата-анасының тек біреуінде ғана болса мүмкіндік шамамен 30% болатыны анықталған. Отбасылар мен егіздерді тексеру жұмыстары, IgE жалпы деңгейі ағзада генетикалық фактолармен анықталатынын айқын көрсетіп отыр. IgE –нің түзілуі Тх2 және оның бөлетін цитокиндерімен тудыратындығынын 5-ші хромосомада орналасқан ИЛ-4,ИЛ-5,ИЛ-10 гендер тобы ( кластер) аймағындағы генетикалық маркерлермен , IgE жалпы генге және атопиямен ауыратын науқастардағы арнайы IgE мөлшері мен байланыс болуы керек . Бірнеше зерттеулерде бұл байланыстың болуы анықталған. IgE-нің шамадан тыс артық мөлшері HLA жүйесінің белгілі бір антигендері мен байланысы бар екендігі анықталды. Мысалы , 90%-дан астам амброзия аллергендеріне IgE деңгейінің көп түзілуі мен жауап қайтаратындар HLA-Dw2 антигендері бар адамдар . Полиаллергиясы бар науқастарда HLA- B8 және HLA-Dw3 антигені жиі кездесетіні көрсетілген,әсіресе HLA-B8 антигені бар адамдарда жалпы және арнайы IgE деңгейі жоғары болады.
Квинке ісінуі кәрі жастағы адамдарда сирек кездеседі. 60 жастан асқан адамдардағы өршімелі Квинке ісінуі қатерлі жаңа түзіліс болуы мүмкіндігін айқындайды.Шектелген (сульфаниламидті) эритема жиі сульфаниламидті, дапсонды дәрілерді, тетрациклиндерді, анальгетиктерді қабылдаумен байланысты дамиды. Қою күлгін немесе бурыл түсті дөңгеленген ошақтар көрінеді, үдеріс соңында дақ қалады.
Поллиноз (латын тілінде pollen — өсімдік пен шөп тозаңы және osіs — ауру) — жоғары тыныс жолдары мен көздің шырышты қабығына өсімдік тозаңының түсуінен пайда болатын аллергиялық ауру. Аурудың маусымдық сипаты бар, әсіресе желмен тозаңданатын өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң көбейіп, организмнің сезімталдығы көтерілетін кезде байқалады. Поллиноз бір немесе бірнеше аллергендерде дамуы мүмкін. Аллергендер мұрынның шырышты қабығы, ас қорыту жолдары арқылы организмге түсіп, онда арнайы аллергиялық антиденелердің (негізінен иммундық глобулин Е, G) өндірілуіне әкеледі. Бұл антиденелерді реагиндер деп атайды. Реагиндер шырышты қабықтарда, тегіс салалы еттерде болатын клеткалар мен қан базофильдерінің беттеріне жабысып, артынан аллерген организмге қайталап түскенде, онымен байланысады. Осыдан клеткалар мен базофильдер өздерінен түйіршіктер бөліп шығарады. Бұл түйіршіктерде биологиялық белсенді заттар (гистамин, серотонин, т.б.) болады. Осы заттардың әсерінен ауық-ауық тыныс алу жолдарының шырышты қабығы қабынады, мұрын бітеліп, одан көп мөлшерде су бөлінеді, көзден жас ағып, түшкірік жиілейді. Жоғары тыныс алу жолдарынан шырыш көп бөлініп, қақырық пайда болады, майда кеңірдекшелердің тегіс еттерінің жиырылуынан тыныс алу қиындайды. Емі: ауру адам өсімдік гүлдеген кезде тыныс жолдарына (дәке маска байлау) және көзіне (қорғаныш көзілдірік кию) тозаң түсірмеуге тырысуы керек; қыс айларында ауруды қоздыратын арнайы аллергенді анықтау қажет. Сол аллергеннің өте аз мөлшерін организмге енгізу арқылы адамның аллергенге көтерілген сезімталдығын азайтады.
Есекжем (есекжемді қызба) — көптеген күлдіреумен және қышымамен жіті немесе созылмалы түрде өтетін тері ауруы. HYPERLINK "https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "Аллергия" Аллергиялық есекжем және аллергиялық емес есекжем деп бөлінеді. Аллергиялық есекжем азық-түліктер, дәрі-дәрмектер әсерінен пайда болады. Аллергиялық емес есекжем морфин, кодеин, декстран және қалақаймен, медузамен, жұлдыз құртпен, актиниялармен жұғысқанда пайда болады.[1]Есекжем (urtіcarіa) — теріде және шырышты қабатта кенеттен қызарып, күлдіреп, қышымалы бөртпелер түрінде болатын ауру; денені қалақай шаққан кездегі күлдіреуікке ұқсайды. Есекжемнің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел түрі — кейбір тағамдардың (жұмыртқа, құлпынай, шоколад, бал, цитрустар, т.б.) және дәрі-дәрмектің (көбінесе, антибиотиктердің) организмге кері әсер етуінің салдары. Сондай-ақ, организмдегі аллергиялық реакция нәтижесінде де пайда болады. Созылмалы түрі, немесе мезгіл-мезгіл қайталайтын, кейде бірнеше айға дейін созылатын Есекжем, әдетте, ішкі мүшелердегі (бауыр, ішек-қарын жолы, бүйрек) ауруларға, организмдегі зат алмасудың бұзылуына, іштегі гельминттерге немесе баяу өтетін инфекцияға (бадамшаның созылмалы қабынуы — тонзиллит, мұрын, құлақ қуыстарының қабынуы) байланысты. Мұндай кезде ауру кенеттен басталады. Күлдіреуіктердің пішіні мен көлемі әр түрлі, түсі ашық қызғылт, ортасы ақ. Көп жағдайда күлдіреуік бірнеше сағаттан кейін ешқандай із қалдырмай өзінен-өзі басылады. Кейде ауру ұзаққа созылып, науқастың қызуы көтеріліп, мазасы кетеді. Көмейдің кілегей қабығында бөртпе болғанда адам жөтеліп, тұншығады. Емді дәрігер тағайындайды. Ауырған адамға сүт, өсімдік тағамдары беріледі, әсіресе, аллергия тудыратын тағамдарды, ащы және сүрленген тағамдарды жеуге болмайды. Қышыманы басу үшін салқын компресс, жылы ванна қолданады, теріге спирттік ерітінділер (қырмызыгүл, 2%-тік салицил, арақ, т.б.) жағады. Тамақтың немесе дәрі-дәрмектің әсерінен болған Есекжемде ең алдымен клизмамен ішті тазалап, көп мөлшерде су ішкізеді. Ауру қайталамас үшін науқас дәрігердің берген нұсқауын бұлжытпай орындағаны жөн.
38) Жоғары сезімталдылықтың ІІІ типінің ауруларын атаңыз және түсіндіріңіз.
Ревматоидтық артрит – көбінесе шеттік ( синовиялық ) буындардың симетриялық эрозиялық-деструциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.Ревматоидтық артрит көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро ( 1863 ж ).
Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторлар әсер етеді:
Ген ерекшеліктері. Ревматоидық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі.
Инфекциялық агенттер.
Клиникалық көрінісі
Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөлінеді. Біріншісі – буындық түрі,
ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездеседі. Оның басты белгісі – буындардың
қабынуы мен деформациясы. Екіншісі – буын – висцеральды түрі. Бұл түрінде буынмен бірге
түрлі ағзалар зақымданады.
Көбінесе ревматоидтық артрит баяу басталады. Бірақ, кейде оның бастамасы биік қызбадан,
буындардың бірден қатаң сіресуінен, ісініп ауырсуынан жіті басталады. Ревматоидтық артрит
басталған кезінде ең алдымен өзінің » сүйікті » буындарын зақымдайды: алақан-саусақ,
проксимальды флангааралық, кейіндеу – табан-бақай және тілерсек буындарын. Бұл ауруға
буындардың симметриялы зақымдануы тән.
Жүре бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық
артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігінің, дистальды
саусақаралық. Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге артриттерден айыруға көмектеседі.
Диагноз осы ауруға тән клиникалық, рентгендік және лабораториялық белгілерге негізделеді. Ең
негізгі клиникалық белгілері: алақан саусақтық, проксимальды фалангааралық және табан
бақайлық буындардың симетриялы қабынуы, буындардың таңертенгілік сіресуі, жаңа буындардың
біртіндеп зақымдануы, теріастылық ревматоидтық түйіндер.
Диагнозды қоюға диагностикалық критерийлерді пайдаланады.
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:
әйелдердің жиілеу шалдығуы.
инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.
буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.
қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сғат сіресуі.
бір » ұстаған » буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6 айдың ішінде 1-2 буынды қосып зақымдауы.
басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.
буындардың қайтымсыз деформациялануы.
бір биіктеген ЭТЖ – ның оңайлықпен төмендемеуі.
буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.
РФ болуы.
рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет