7. Шетелде инклюзивті сыныпта оқыту модельдері: АКШ.
АҚШ-да 1875 жыл мен 1914 жылдары міндетті мектепте білім беру енгізілді, соған байланысты ақыл-ойы жетілмеген балалар үшін және «мінез-құлқын түзетуге болмайтын» балалар, саңырау немесе физикалық мүгедек балалар үшін сыныптар құрылды. Осы кезеңде білім берудің Ұлттық ассоциациясы арнайы білім беру Департаментін құрды. Интеллектіні өлшеу тесттері дамыды, иммигранттар ағыны келе бастады, ұйымдасқан жұмыс күшінің саны артты, психологиялық теориялар дамыды. Бұл факторлардың бәрі мектеп жүйесіне әсер етті, бұл жүйеде өлшеу принциптері ж»не жеке айырмашылықтар мен әлеуеттің анықтамасы қалыптасты. 60-70-жылдары оқушылардың сәтсіздігіне кінәлі мектепке қарсы сындар айтыла бастады. АҚШ-да «ерекше» балалардың ата-аналары жеңіп шыққан бірнеше сот арызынан кейін, 1975 жылы №94-142 Мемлекеттік заңы қабылданды, ол ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға келесі маңызды кепілдіктерді ұсынды:
- «минималды шектеулері бар ортада» білім беру;
- тегін және адекватты білім беру қызметі;
- әділетті және дискриминациясыз бағалау және қажетті құқықтық қамтамасыз ету;
- жеке оқу жоспары.
1977 жылдағы «Мүгедек балалар арналған білім» Заңында, мүгедек балаларға арнайы білім беруде қажетті қосымша қызмет тізімі көрсетіледі: көлік, логопедия, аудиология, психологиялық қызмет, физиотерапия, рекреация, оккупациялық терапия, ерте идентификация, медициналық қызмет, мектеп дәрігері немесе мейірбике, мектептегі әлеуметтік қызметкер, психолог, балалар мен отбасымен әлеуметтік жұмыс істеу қызметі, ата-аналарға кеңес беру және дайындық. 1990-жылдары АҚШ-да мүгедектігі бар балаларға жекелей оқыту принципі бар білім беру туралы заң қабылданды.
Арнайы білім беру саласында жүргізілетін АҚШ-ның қазіргі заманғы саясаты, жалпы білім беру және арнайы білім беруді біріктіру ұсынысынан құралады. Бұл біріктірудің үш негізгі тұғыры ұсынылады:
1) «негізгі бағыт»;
2) «жалпы білім беру бастамасы»;
3) «енгізілу».
Бұл тұғырлар арнайы білім беру саласында қызу пікірталас тудырды.
«Негізгі бағыт» жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптардың ашылуын және қалыпты дамитын балалармен бірлескен іс-шараларды өткізуді қамтиды. Мұның қажеттілігі бұл балалардың қоғамда болуы себепті, оларды әлеуметтік және оқу іс-әрекетіне енгізуге ықпал ету үшін, мектепке бағыттап жіберумен негізделеді. Қазіргі кезде АҚШ-да негізгі бағыт ерекше қажеттіліктері бар барлық балалардың 25%-ын қамтиды.
«Жалпы білім беру бастамасы» (ЖББ) – бұл тұғырды 1986 жылы АҚШ білім департаменті жанындағы арнайы білім беру бөлімі ұсынған болатын. ЖББ «негізгі бағыт» тұжырымдамасына қарағанда, дамуында ауытқуы бар балаларға білім берудің жағдайларын іргелі өзгертуді ұсынады. Ол үшін оқытудың белгілі жағдайларын құру ұсынылады:
- сыныптардың шағын толықтырылуы;
- оқытудың жеке бағдарламасы;
- дайындалған педагогтар мен басқа мамандардың болуы;
- оқу үдерісін сәйкес жабдықтармен қамтамасыз ету;
- реабилитация бөлмесі жағдайындағы қосымша сабақтар. Аталған бағыттағы қамтылған балалардың саны, мектеп жасындағы дамуында ауытқуы бар барлық балалардың 35%-ын құрайды. Бірқатар дефектологтар және жалпы білім беру басшылары ЖББ-ні қолдайды, ал басқа дефектологтар мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері дамуында ауытқуы бар балаларға ЖББ-нің әсерінің мүмкіндіктерін түсіну үшін, қосымша тәжірибе мен зерттеудің қажеттілігін атап көрсетеді.
«Енгізілу» моделі тұрғылықты мекен-жайы бойынша, бұзылу типіне және оның көріну дәрежесіне қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізуден құралады. Толық енгізудің мақсаты – бұзылудың ауырлығына қарамастан, тұрғылықты жері бойынша барлық балаларды орналастыру және арнайы білім беру жүйесін қысқарту. «Енгізілу» моделін жүзеге асыру үшін бірқатар талаптар қажет:
- қалыпты дамыған және «енгізілген» балалар арасындағы белгілі арақатынасты сақтау;
- «енгізілген» балалардың аз саны;
- мұғалімдердің соған сәйкес дайындығы;
- мектепте әрбір бала үшін жеке бағдарламаларды құрастыратын қажетті мамандардың (команда) болуы.
Келесі компоненттер ұсынылатын жеке оқыту бағдарламасының мазмұны ерекше қызығушылық танытады:
- қазіргі кездегі баланың оқу қызметінің деңгейі туралы толық анықтама;
- бір жылға арналған бағдарламаның мақсаттарын және қысқа мерзімді мақсаттарды құру;
- оқушыға ұсынылуы тиіс арнайы білім беру қызметтің тізімі және оның тұрақты жалпы мектептік бағдарламаға қатысуына арналған нұсқау;
- ұсынылатын қызмет және осы қызметтің күтілетін ұзақтығының белгіленген күні;
- баланы бағалаудың соған сәйкес объективті критерийлері, қысқа мерзімді оқу мақсаттарының қаншалықты табысты жүзеге асырылатынын көрсететін аттестациялық процедуралар мен жоспарлар.
Тіпті қарапайым талдау, енгізілген оқытудың біршама маңызды материалдық ресурстарды және мақсаттар мен міндеттерді басқа көруді талап ететін көрсетеді, яғни мамандарды даярлаудағы басқа тұғырды талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, интеграция модельдерін өмірде жүзеге асыру үдерісінде, мұғалімнің құзыреттілігіне деген жоғары талаптармен байланысты мәселелер туындайды.
Қазіргі кезде АҚШ-да 1990 жылы қабылданған Заң жүзеге асырылады, ол дамуында бұзылуы бар адамдарға білім беру Актісі деп аталады. Ол жалпы білім беру жүйесінде баланың мұқтаждықтарына сәйкес тегін оқытуға кепілдік береді. Ата-аналар мектептен баланың оқу мүмкіндіктері туралы қорытындыны талап етуге құқығы болады, онда баланың дамуында бұзылудың болуы немесе болмауы туралы негіздеме беріледі. Мектепке мүмкіндігі шектеулі балаларды айқындау міндеті жүктеледі. Заң тек арнайы білім алу емес, сонымен бірге қосымша қызмет түрлерін (көлік, логопедиялық сабақтар, психологтың көмегі, аудиологиялық зерттеу) алу құқығын береді. Заң бойынша әрбір балаға жазбаша қорытынды және жеке білім беру бағдарламасы құрастырылады, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепте міндетті оқыту, сонымен бірге оның минималды шектеулері бар ортаға енгізуді ұсынады. 2001 жылдан бастап білім беру саясаты АҚШ-ның федеральды деңгейінде «Ешбір бала заңнан тыс қалмайды» атты құжатпен реттеледі. Бұл заң 2014 жылға қарай 100 % оқушылардың үлгерімінің білім беру стандарттарына сәйкес болғанын талап етеді. Бұл жолда «бір жылда прогресс» көрсетпейтін мектептер жазаланады – мемлекеттік қаржыландырудан айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |