1. Жалқы зат есімді көрсет



Дата30.01.2022
өлшемі17,93 Kb.
#116077
Байланысты:
үй жұмысы 5-6 сынып қазақ тілі тест 01
СОР 4ч 9кл, үй жұмысы 5-6 сынып қазақ тілі тест 01, Дәріс №1 АКТ ролі, 2022, 1, Макроэкномика, каз, БАН-21,БФЭ-21,БЭК-21 2, Дип.-Үйсіндер-тарихы-б.з.д.-ІІІ-–-б.з.Y-ғғ.

Тест 01
1. Жалқы зат есімді көрсет

А) Кітап


В) Жаз

С) Көлсай

Д) Сынып
2. «Мейірімді» сөзіне тән қатарды көрсет

А) Сын есім, дара, сапалық

В) Зат есім, күрделі, қатыстық

С) Сын есім, күрделі, қатыстық

Д) Сын есім, дара, қатыстық
3. Бірыңғай қысаң дауыстыдан құралған сөздер

А) Шаңғы, ағатай

В) Еламан, тәлім

С) Қырық, ұлық

Д) Тұман, туырлық

4. Езулік дауысты дыбыстардан жасалған нұсқаны көрсетіңіз.

А) Опера театры

В) Отбасын сыйлау

С) Әке-отбасы тірегі

Д) Шіреніп шалқайды


5. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?
А) он оннан

В) отыз қырықтарда

С) екеу үшеу

Д) төрт мыңға жуық


6. Бөлек жазылатын сөзді табыңыз.

А) Ешқайда

В) Жігітжелең

С) Заманауи

Д) Әрадам

7. Әрі жіңішке, әрі ашық дауысты дыбысты анықтаңыз.

А) Ө

В) Ы


С) О

Д) И
8. Сөйлемде неше есімдік қатысқан?



Бірақ олардың кімдер екенін саған айтқым келген жоқ.

А) 2 В) 5 С) 3 Д) 1


9. Реттік сан есімді белгілеңіз.

A) Он бүтін жүз елу бір.

B) Тоқсандай.

C) Жүз жиырма.

D) Екі-екіден

E) Жүз отыз бесінші.


10. Төл сөздің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз.

A) Біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз беру.

B) Автордың өзінің айтқан сөзі.

C) Біреудің айтқан сөзінің өзгерген нұсқасы.

D) Бағыштап айтылған сөз.

E) Өсиет сөз.

11. Ұяң дауыссыздардың санын анықтаңыз. Күзгі гүлдер

А) 5 В) 2 С) 3 Д) 4


12. Буынның барлық түрі кездесетін сөздерді табыңыз.

А) алпауыт, елгезек

В) инабат, жігерлі

С) ашутас, бозбала

Д) көріпкел, шану
13. Төлеу сөз бар сөйлемді аңықтаңыз.

A) «Мен шетелге оқуға барамын»,- деді досым.

B) Досым шетелге оқуға баратыны туралы айтты.

C) Досым шетелге оқуға барады.

D) Досым шетелге оқуға барады екен.

E) Досым: «Мен шетелге оқуға барамын»,- деді.

Базарбай биыл төртіншіден бесіншіге көшкен. Шаршап-шалдығуды атымен білмейді. Қашан көрсең де, қолына күрек-кетпенін алып, күйбеңдеп бақшасында жүргені. Күн қызуы қайтып көлеңке басы ұзарғанда, үй алдындағы құдықтан суды шелектеп тасып құяды.

Бірде ойынға асығып жүріп, бақшаның есігін жабуды ұмыт қалдырды. Кешкі өрістен келіп, жанында жайылып жүрген екі ешкі бақшаға кіріп кеткені. Ойынға әбден айызы қанған ол бақша ішіне кіргенде, әлгілер мол байлыққа кенелгендей, жүгеріні күрт-күрт шайнап, күйсеп тұр.

Өй, ашу-ызасы мұндай келмес! Жерде жатқан шыбықты алып шықпыртты. Тұщы етіне ащы таяқ тиген бәтшағарлар бақыра қашқанда, оң жақта гүлдеп тұрған қызанақтың екі-үш сабағын сындырып кетті. Мұны көрген Базарбай тіпті жыларман болды. Бірақ күтіп-баптаудың нәтижесінде артынан бәрі қалпына келді. Көп ұзамай бейнетінің зейнетін де көріп қалар.
14. Ешкілер бақшаға қай кезде кіріп кетеді? Дұрыс емес жауапты табыңыз.

А) Өрістен қайтып келе жатқанда

В) Кешкі уақытта

С) Базарбай ойынға кеткенде

Д) Базарбай су тасып жүргенде
15. Соңғы сөйлеммен мағыналас сөйлемді табыңыз.

А) Еңбегінің жемісін көрер.

В) Төккен терінің бекер екенін түсінер.

С) Алдағы уақытта есікті жауап жүрер.

Д) Ойыннан пайда болмасын ұғар.
16. Базарбайға мінездеме беріңіз.

А) Еңбекқор

В) Жомарт

С) Кеңпейіл

Д) Сабырлы
17. Ешкілер қандай көгөністерге зақым келтірді?

А) Қияр мен қызанақ

В) Орамжапырақ пен сәбіз

С) Жүгері мен қызанақ

Д) Бұрыш пен асқабақ

Жақында Қазақстанды әлемге танытқан он жұлдыз туралы оқыдым. Олардың қатарында адамзат тарихында алғаш рет Сахараны жаяу, жалғыз бағындырған, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген Марат Жыланбаев, кәсіпқой боксшы – Геннадий Головкин, «ең сұлу волейболшы» атанған Сәбина Алтынбекова, әнші – Димаш Құдайберген, мәнерлеп сырғанаудың шебері – Денис Тен, скрипкашы – Марат Бисенғалиев, үздік боксшы – Қанат Ислам, дирижер – Алан Бөрібаев, жас әнші – Мария Мудряк бар. Бұлар өнер мен спорт арқылы танылғандар.

Ғылым саласында жаңашыл, тәжірбиелі ғалымдар көбейіп, әлемге танылған сайын Қазақстанның қуаты да артады, ұлт байлығы еселенеді, дамыған 30 елдің қатарына енеміз. Осы бағытта дарынды адамдардың жұмысын үйлестіріп, жаңалығын жария етіп, ұлтымыздың ұлы бастамаларын қолдайтын орталық керек. Әлемді өзгерткен адамдардың тізімінен қазақтардың көрінуі болашаққа батыл қадам басқанымызды айғақтайды.
18. Қазақстанды әлемге өнерімен танытқан тұлғаларды көрсетіңіз.

А) Геннадий Головкин, Қанат Ислам

В) Алан Бөрібаев, Сәбина Алтынбекова

С) Димаш Құдайберген, Марат Бисенғалиев

Д) Марат Жыланбаев, Денис Тен
19. Марат Жыланбаевқа тән емес қатарды көрсетіңіз.

А) Гиннестің рекордтар кітабы

В) Сахараны бағындыру

С) Алғаш рет

Д) Кәсіпқой боксшы
20. Мәтін бойынша келешекке нық қадам басқанымыздың дәлелі не?

А) Жаңашыл, тәжірбиелі ғалымдардың көбеюі

В) Ұлы бастамаларды қолдайтын орталықтардың ашылуы

С) Қазақтардың әлемдік өзгеріске үлесін қоса алуы



Д) Адамзат тарихында қазақ жігітінің алғаш рет Сахараны бағындыруы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет