1. Жалпы ережелер


«Металмен қаптау және бояу» Алюминдеуші 570. Алюминдеуші 4-разряд



бет32/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71

7. «Металмен қаптау және бояу»

Алюминдеуші



570. Алюминдеуші 4-разряд




Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды құндақтарға, реторталарға немесе басқа да құрылғыларға салу. Бұйымдар салынған құндақты балқытылған алюминий құйылған астауға немесе алиттеуші қоспасы бар ретортаға көтеруші механизмдердің көмегімен түсіру және шығару. Астауға алюминий немесе ретортаға алиттеуші қоспаны толтырып құю. Астауды тазалау. Алюминдеу процессін жүргізу, алюминдеуге арналған флюстерді дайындау және оны балқытылған алюминийі бар астауға біліктілігі анағұрлым жоғары алюминдеушінің басшылығымен құю. Бұйымдардың қаспақтарын алып тастау.

Білуге тиіс: астаулардың (пештердің) және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, алюминдеу процессі, металл сұрыптамасы және бұйымдарды алюминдеуге қойылатын техникалық талаптар, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары, бұйымдарды алюминдеу кезінде қолданылатын арнайы құрылғылардың құрылымы.



571. Алюминдеуші 5-разряд




Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды алюминдеу процессін техникалық шарттарға сәйкес балқытылған алюминий құйылған астауда және ретортасы бар пеште жүргізу. Флюстерді дайындау. Астаулар мен реторталарды алюминдеу үшін дайындау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде электр схемалар және астаулардың (пештердің) және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикасы, флюстерді жасау ережесі, астаулар мен реторталарды алюминдеу үшін дайындау тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесі.



Антикоррозилеуші




572. Антикоррозилеуші 3-разряд




Жұмыс сипаттамасы. Резервуарлардың, тұндырғыштар мен жабдықтардың ішкі бетін жуғыш ерітіндіні қолдана отырып, механикалық тәсілмен тазалау. Құрылғыға құбырлар мен бөлшектерді толтырып салу. Құбырлар мен бөлшектерге біліктілігі анағұрлым жоғары антикоррозилеушінің басшылығымен компаунд құю. Құрылғыны полимерлеу камерасына жіберу. Полимерлеу процессін бақылау және полимерлеу камераларындағы температураны бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен реттеу. Арматуралы өзектерді, торларды, қаңқаларды, темір бетон құрылымдарға арналған толтырғыш бөлшектердің қорғаныш қабаты бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты, шайырмен қапталуға тиіс құбырлардың, бұйымдардың, бөлшектердің бетіне қойылатын талаптар, қолданылатын материалдар, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен қолданылу шарттары.



573. Антикорозилеуші 4-разряд




Жұмыс сипаттамасы. Резервуарлардың, тұндырғыштар мен цистерналардың және басқа да жабдықтардың, бұйымдар мен бөлшектердің бетін эпоксидті шайырмен, лакпен, пенопластпен және басқа да материалдармен қаптау. Ыстық құбырлар мен бөлшектерге олар айналып тұрған кезде эпоксидті шайыр немесе басқа да компаунд құю. Құбырлар мен бөлшектердің қорғаныш қабатын полимерлеу сапасын тексеру. Әртүрлі қатайтқыштарды қоса отырып шайыр негізіндегі компаундтарды және басқа да компаундтарды жасау. Компаундтердің даярлығы дәрежесін айқындау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде шайырдың, әртүрлі қатайтқыштардың, лактардың, пенопласттар мен бөлшектердің және басқа да материалдардың физикалық және химиялық қасиеттері, құбырлар мен бөлшектерге құю тәсілдері, құбырлар мен бөлшектердің қабатын полимерлеу режимі, әртүрлі компаундтерді жасау тәсілдері, қолданылатын материалдар мен дайын өнімге қойылатын талаптар.



Электоролиттік майсыздандыру апаратшысы




574. Электоролиттік майсыздандыру апаратшысы 3-разряд




Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары электролиттік майсыздандыру аппаратшысының басшылығымен қаңылтыр жолақтар мен үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттардың әртүрлі бөлшектерін электролиттік майсыздандыру процессін жүргізу. Агрегатты іске қосқан және жолақ үзілген кезде қаңылтыр жолақтарды майсыздандыру астаулары мен щеткалау-жуу машинасы арқылы өткізу және жолақтың агрегат пен кептіргіш құрылғылар арқылы дұрыс өтуін қамтамасыз ету. Щеткалау-жуу машинасына ерітінді мен ыстық судың жіберілуін реттеу. Астаудағы электролиттің құрамын түзету, өңделген электролит ерітіндісін орналастыру. Агрегатты баптау. Агрегат жабдықтарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері, әмбебап және арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, электролиттер мен ерітінділердің қасиеттері, ерітіндінің құрамын түзету әдістері, майсыздандырылуға тиіс болаттың сұрыптамасы мен маркасы.



575. Электоролиттік майсыздандыру апаратшысы 4-разряд




Жұмыс сипаттамасы. Жолақ жылдамдығы 3 м/с дейін болған кезде қаңылтыр жолақтар мен үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттардың әртүрлі бөлшектерін электролиттік майсыздандыру процессін жүргізу. Металды майсыздандыру сапасын және жолақ бетінің жай-күйін, концентрациясы мен майсыздандыру астаулары мен щеткалау-жуу машиналары бактарының жай-күйін, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын, ауаның температуралық режимін, электролит ерітіндісі мен судың жай-күйін, тоқ күші мен майсыздандыру астауындағы кернеуді бақылау. Агрегатты баптау.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлеміндегі кинематикалық, электр схемалар және қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары, әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылысы, орындалатын жұмыс көлемінде майсыздандыру процессінің физикалық және химиялық негіздері, электролиттер мен ерітіндіні талдау әдістері.


576. Электоролиттік майсыздандыру апаратшысы 5-разряд




Жұмыс сипаттамасы. Жолақтың қозғалу жылдамдығы 3 м/с астам болған кезде қаңылтыр жолақтар мен үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттардың әртүрлі бөлшектерін электролиттік майсыздандыру процессін жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет