1. Жоспарлаудың өте маңызды принциптерінің мәні



бет1/2
Дата20.03.2020
өлшемі88,06 Kb.
#60468
  1   2
Байланысты:
ауылшаруа Мұратхан Қ.Ғ.

1.Жоспарлаудың өте маңызды принциптерінің мәні.
Өте маңызды прициптер – бұл барлық сәулеттік-жоспарлау шешімдерінде сақталуы тиіс, негізге алынатын принциптер. Оларға келесілер жатады:

- барлық түрдегі құрылыс құрамы мен көлемінің берілген ауыл шаруашылығы кәсіпорнының келешектік өндірістік жоспары мен оның әлеуметтік даму жоспарына сәйкестігі. Бұл принциптің сақталуының маңызы ерекше, өйткені сәулеттік-жоспарлық шешімнің шындығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді;

- кешенділік – жоспарлаудың барлық бес жағының өзара байланысқан есебі;

- қызметтік принцип, ол әр жобаланатын элементтің тағайындалуын есепке алуды қарастырады. Бұл принцип, ең алдымен, қызметтік аймақтарға бөлуде, яғни аумақты өздерінің ерекше қызметтерін (тұрғындық, өндірістік, санитарлық-қорғаныш аймақтары және т.б.) орындайтын қызметтік бөліктерге бөлінуінде пайда болады;

- елді мекеннің сәулеттік-жоспарлық шешімінің ең маңызды компоненті ретінде қоғамдық орталық құру;

- мәдени-тұрмыстық мекемелер жүйесін дамыту;

қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдай, өрт қауіпсіздігі және көркейтудің жоғарғы деңгейін құру;

- нақты жергілікті жағдайларды (табиғи, экономикалық, ұлттық, тұрмыстық және т.б.) максималды түрде есепке алу;

- табиғи жағдайларды ұтымды әрі толықтай пайдалану және табиғатты аялай күту;

- әр жанұяның жеке мүдделерін, әсіресе жеке қосалқы шаруашылықты ұйымдастыру кезінде есепке алу;

- құрылыс пен пайдаланудың тиімділігі;

- өмір сүру мен еңбек ету үшін қолайлы ғана емес, сыртқы көрінісімен де, орналасқан орнымен де тартымды елді мекен құру;

- одан кейінгі дамыту мен жетілдіру мүмкіндігін есепке алу.

Осы принциптердің барлығының сақталуы адам, оның еңбегі, тұрмысы мен демалуы туралы жан-жақты қамқорлық пайда болғандығын көрсетеді


18.Көшелерді әлем жақтары бойынша бағдарлаудағы талаптар. Көше қиылысындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көшелерді әлем жақтары бойынша бағдарлау келесі талаптармен айқындалады: а) көшемен келе жатқан адам үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету; ә) тұрғын үйлер инсоляциясының (күн түсуінің) ең үздік жағдайлары мен көше құрылысының көркемдік-эстетикалық жағдайларын үйлесімдеу.

Бірінші талапты ескере отырып, көшелерді онымен жүріп келе жатқан адам өзін жақсы сезінетіндей етіп белгілеу (трассалау) қажет.

Жазғы кезеңде, күн жоғары және тікелей түсетін сәулесінің әсері күштірек уақыттарда, көшенің үлкен бөлігі көлеңкелендірілуі тиіс. Күн сәулесінің жылуы адамға жағымды әсер ететін таңертеңгі және кешкі сағаттарда көшелер жақсы жарықтандырылуы қажет.

Бұл жағдайда көшелердің ең дұрыс бағыты: солтүстік ендіктен 500 солтүстіктеу аудандарда – батыстан шығысқа қарай (ендікте) болуы керек. Мұнда күннің ыстық кезеңінде жүргінші жолы салынған құрылыспен және жасыл екпелермен көлеңкеленеді, ал таңертеңгі және кешкі уақыттары ашық болады. Көшелерде желегі жіңішке ағаштар отырғызған дұрыс.

Солтүстік ендіктен 500 оңтүстік жақ аудандарда жүргіншілер үшін қолайлы жағдай көшенің солтүстіктен оңтүстікке қарай (бойлықта) бағытталуында және жалпақ желекті (мысалы, қарағаш) ағаштар отырғызу кезінде болады. Мұнда ыстық батыс күн сәулелері үйлермен және ағаштармен жабылса, тас төбедегі оңтүстік күнді екпелер жолағындағы ағаштардың желегі көлеңкелейді.



Қиылыстағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауылдық елді мекен көшелеріндегі көлік қозғалысының қарқындылығы, қағида бойынша, үлкен емес. Сондықтан көліктің соғысып қалуының алдық алу жөніндегі іс-шараларды жобалаудың қажеті жоқ.

Апатсыз жүріс үшін автомашина жүргізушісі өзінің алдындағы жолды кедергі (қарсы келе жатқан машина, жолаушы) пайда болған жағдайда машинаны дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік беретіндей қашықтықта көруі қажет. Ең кіші көру қашықтығы келесі формула бойынша анықталады:



мұнда S1 – реакция (машинаның кедергіні көрген сәттен бастап тежегішті қосқанға дейін жүретін) жолы;

S2 – тежеу (машинаның қосылған тежегішпен тоқтағанға дейін жүретін) жолы;

S3 – жолдың қосымша кесіндісі.

Осы формула арқылы есептелінген, тайғақ жолдағы әртүрлі жылдамдыққа арналған көру қашықтығы төменде келтірілген:
Қозғалыс жылдамдығы, км/сағ Көру қашықтығы, м

15 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15

30 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 40

40 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 50

60 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 80

Жүргізуші бүйір (қаптал) жақтарды қиылысатын көшенің оң жағынан да, сол жағынан да көруі қажет. Бүйір жақ көріністі қамтамасыз ету үшін қиылыста АБСД қауіпсіздік ромбысы салынады және оның шегінде қандай да бір ғимарат салуға немесе ағаш отырғызуға рұқсат етілмейді. Ромбыны көше осьтерінде қиылысу нүктесінен осы көшелер үшін қабылданған қозғалыс жылдамдығына сәйкес, көру қашықтықтарын белгілей отырып салады. А, Б, С, Д нүктелерін қосып, іздеп отырған қауіпсіздік ромбасын алады. Қауіпсіздік ромбасының қабырғалары қандай да бір ғимараттар мен жасыл екпелерден бос, ашық кеңістікті шекаралайды және сол арқылы көлік жүргізушілері үшін қиылыстың екі жағынан да бүйірлік көру жағдайын жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет