1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне
арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
1-жүргізуші: Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға
деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық
келісімнің мерекесі.
2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың
өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары
бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық
келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты
міндет.
2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық –
біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай
еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен
ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік,
бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз
молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ
БОЛСЫН!
Ән:
—————————————————————————————————————————-
1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың
шертсем деймін бір жырын.
Татулығын
жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып
ұлыстардың бірлігін.
2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген
жүрек гүл.
Қазақстан бар
ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан
шаттығымыз тіреп тұр.
1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз
бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат
түспесе екен.
1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде
таныстым мың тіліммен.
Жылағанда
жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда
күлкімнен күн түрілген.
2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым
өмірге қайта келдім.
Мен мың да
бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім
келеді, айта бергім.
1-жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы
отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі
жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі
ардагер-ұстаз Төлесбаева Айханым апайға беріледі.
/мерекелік лебіз/
—————————————————————————————————————————-
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде
біз 8 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан
астам ұлт өкілдері тұрады.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен
тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір
елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
1-жүргізуші:
Ортақ мекен жер шары,
Төбеміздебір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
1-жүргізуші:
—————————————————————————————————————
1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ
біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің
биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара
кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта
өмір кешуде.
1-жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
1-жүргізуші:
—————————————————————————————————————
1-жүргізуші: Жақсылыққа,бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
1-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы
тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!
2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған
тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған
елміз!
1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы
қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының
жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті
түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап,
өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын
жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі
бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік,
ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек»
деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму
болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің
өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі
күні жасасын!
1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!»
атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.
1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |