1-Жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын, Танытқан қазағымның азаттығын, Танытқан қазағымның ғажаптығын, Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім. Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары. 2-Жүргізуші



бет1/4
Дата30.08.2022
өлшемі161,33 Kb.
#148365
  1   2   3   4
Байланысты:
тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры


1-Жүргізуші:
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары.

2-Жүргізуші
Армысыздар, құрметті көрермендер ! 
Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл ғұмыры ұлт ғұмыры атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Ендеше келесі кезекті ғұмыры ұзақ тіліміздің тарихы туралы қысқаша бейне роликке кезек берсек.

1-Жүргізуші
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі неде деп ойлайсың Айғаным ?

2-Жүргізуші
Себебі, Ермахан тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

1-Жүргізуші
Бұл жанды тіл менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры қуат, сөзі ана уызындай.
Жасай бер Ана тілім Қазақ тілім.

2-Жүргізуші
Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар. Ендеше келесі сөзді достарымызға берейік.
Өлең оқитын балалар ортаға шығады (Р ашида, Ерзат, Т.Мадина, Айғаным)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет