3 сатысында ЕДШ қолданылмайды.
Жүрек инфаркті (миокард)
Бұл жүрек қан тамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенет түйілу салдарынан жүрек бұлшық етінің, не тканінің өлуі. Жүрек қан тамыр-ларының кенет тарылуы, не склероз болып өзгерген тамырдың тығындалуы, оны қоршаған кішкене тамырлардың шамасының келмеуі. Қалпына келу процестері 5-6 күннен кейін басталады.
Ауруды ауруханада жатқызып, қажетті көмек көрсетіп, қиын кезеңнен алып шыққан соң емдік гимнастика тағайындалады. Егер микроинфаркт болса 2-3 тәуліктен соң, орташа түрінде 4-5, ал кеңінен жайылған түрінде 6-7 тәуліктен соң дене шынықтыру басталады. Е.Г. неғұрлым ерте бастаса, науқастан айығуға тезірек мүмкіндік туады. Ол адамның көңіл күйін көтеріп, шеткері қан тамырларын жақсартып, жүрек (миокард) бұлшық етін әлдендіріп күш береді.
Стенокардия- жүректің демікпелі ауруы, жүрек талмасы. Кенет жүрек тұсынан инемен піскендей қатты қысып ауырады, ол жауырынға, иыққа, сол қолға беріледі. Мұның себебі жүрек қан тамырлары бірден қысылып, білгілі бір жерде талаурап қан жетіспей қалады. Науқастың қатты ұстамасы басылған соң, электрокардиограммалық көрсету жөнді болса, емдік гимнастиканы бастайды.
Е.Г.аурудың жеңіл түрінде 2-3 күннен, ауыр түрінде 7-8 күннен кейін беріледі.
Е.Г. мақсаты нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, көңіл күйді жайландырып, қан тамырларынң жазылуына ықпал жасау. Жаттығулар шалқая жатқан бойда оң жағына аударылып отырған кезде жасалады. Барлығы еппен, науқастың жағдайына қарай біртіндеп орындалады. Жаттығу мөлшері 15-20мин.
Атеросклероз бұл созылмалы індет қан тамырларының тарылуынан, ішкі бетіне май қосындыларынң жабысуынан, дәнекер тканьдердің өсуінен болады. Осының бәрі тамырдың арнасын тарылтып, содан денеде қан ағымы тоқырап тоқтап қалады да, тканьдер мен органдар қоректік затқа тапшы болып әр түрлі өзгерістерге душар болады. Ең көп зақымданатын қолқа, жүректің ішкі тамырлары, ми, бүйрек, аяқтың ірі тамырлары. Атеросклероз асқынса тамыр жарылып кетуі немесе тығындалып қалуы ықтимал. Мұндай жағдай ми тамырларында болса инфарктке ұшырайды.
Бұл науқаспен ауыратындарға қимыл қозғалысты көбейтіп, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу, шылым шекпеу, ішімдік ішпеу. Мұндай науқастарға көбінесе 2-3 км жаяу жүру өте пайдалы, серуендеу, жүзу, шаңғы тебу, арнайы топтарға барып денсаулығын шыңдау қажет.
Асқынған түрінде қатты ырғықпен, серпінді, жылдам орындалатын жаттығулар қолданылмайды. Тыңғылықты қолданылған жаттығулар қан қысымын қалыпқа келтіріп, дене салмағын тұрақтандырып, май қабыршықтарының қан тамырларына жабысуын кемітіп, қант диабетіне қарсы тұрады.жаттығу кезінде әрдайым тамыр соғысы қадағаланып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |