АФАЗИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Акустико-гностикалық сенсорлы афазия. Сенсорлы афазияның алғашқы ретнемістің психиаторы Вернике сипатталады. Ол сенсорлы афазияның бас миының сол жақ жарты шарының артқы жағындағы үшінші жоғарғы самай қыртысынан зақымдануынан пайда болатынын көрсетті. Афазияның бұл түрініңерекшелігі естіген сөзді қабылдау түсінігі бұзылады. Афазияның бұл түріндегі түсінуінің бұзылуы себебі ұзақ уақытқа дейін түсініксіз болып келеді. Тек 20-ғасырдың 30жылдарында бұрынғы кеңес психологтары акустикалық агнозия фонематикалық есту қабілетінің бұзылуы себебінен пайда болатынын анықтады.
Акусто-гностикалық афазияда жазу тілі оқуына қарағанда қатты бұзылады, себебі ол фонематикалық есту қабілетінің жағдайына тікелей байланысты болады.
Акустико-мнестикалық афазия самай миының және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдануынан пайда болады. /А.Р. Лурия; 1969,1975; Л.С. Цветкова 1975/.
А.Р. Лурия есту қабілеті белгілерінің қатты тежелуінен есіткен сөзді жадында сақтауы төмендейді деп есептейді. Бұндай ақаулықтар сондай-ақ буындар мен сөздердің тізбектерін қайталағанда да байқалады.
Жекелеген сөздерді қайталау қабілетінің біршама сақталуы мен мағынасы бір-бірімен үйлеспейтін үш-төрт сөзді қайталау мүмкіншілігінің бұзылуынан /мысалы: қол-үй-аспан; қасық-төсек-мысық; арман-үй-құлақ және т.б./ араларындағы диссоцияция психикалық афазияға тән қасиет. Әдетте ауру адам өзіне тапсырылған сөздердің тізбектерін бергенде барлығын бірдей есінде сақтай алмайтындығын айтып, тек біреуін ғана қайталайды. Берілген сөздерді екінші қайтара мұқият таңдап алғанның өзінде тізбектің реттік қатарын сақтай алмайды немесе біреуін қалдырып айтпай кетеді.
Есіткен сөзді жадында сақтауының бұзылуы афазияның басқа түрлерінде де байқалады, бірақ бұл кемістік тек акустико-мнестикалық афазияның ғана негізгі ақаулығы болып саналады, өйткені онда фонематикалық есту қабілеті мен дыбыс шығаратын сөйлеу тілі мүшелерінің қызметі бұзылмаған. Аурудың айналасындағылармен қарым-қатынастағы сөйлесу белсенділігінің жақсы жетілгендігі байқалады.
Семантикалық афазия бас миының жарты шарының артқы төбе аймағындағы сөйлеу тілі жөнінен үстемділік /доминантты/ орталықтарының зақымдауынан пайда болады. Бас миының сол жақ жарты шарының артқы төбе бөлігі зақымдалған кезде сөйлеу тілінің синтагмалық құрылысының жатықтығы сақталады, сөздің дыбыстық құрамына керекті дыбысты іздестіруі ешқандай байқалмайды, естіген сөзді есінде сақтауы төмендейді немесе фонематикалық есту қабілеті бұзылмайды.
Семантикалық афазияда керекті сөзде немесе заттың атын өз бетімен іздестіріп табуда өзіне тән өзгешелігі бар амнестикалық қиыншылық байқалады, ауру адам лексикалық сөздердің септелу және жіктелу үлгісін /доминантты/орталықтарының зақымданунан пайда болады. Бас миының сол жақ жарты шарының артқы төбе бөлігі зақымдалған кезде сөйлеу тілінің синтагмалық құрылысының жатықтығы сақталады, сөздің дыбыстық құрамына керекті дыбысты іздестіруі ешқандай байқалмайды, естіген сөзді есінде сақтауы төмендейді немесе фонематикалық есту қабілеті бұзылмайды.
Семантикалық афазияда керекті сөзде немесе заттың атын өз бетімен іздестіріп табуда өзіне тән өзгешелігі бар амнестикалық қиыншылық байқалады, ауру адам лексикалық сөздердің септелу және жіктелу үлгісін /парадигмы/ табуда қиналғанда заттың іс-әрекетін және сапасын синтагматикалық әдіспен сипаттауға тырысады, демек сөзді басқа сөзбен алмастырмайды /вербальные парафазии/, бір сөздің орнына бүтін сөйлемді айтады: «Ия, әлгі жазатын нәрсе сол», «әлгі кесетін нәрсе сол» және т.б., ал бір жағынан афазияның бұл түрінде тілдің сөйлем құрылысын түсінбейтін өзіне тән ерекшелігі бар /имперссивный грамматизм/.
Септелгенде, жіктелгенде өзгерген сөздердің және қосымшалардың жалғануы арқылы туған жаңа сөздердің сөйлем құрамында әр түрлі септеулік шылаулармен тіркесіп сабақтасқандағы грамматикалық өзара байланыстарын және мағыналарын түсінудегі ауытқуын импрессивтік аграмматизм деп атайды.
Аурулар себеп-салдарға, уақытқа және кеңістікке байланысты есімше мен қосымша тіркерстерін көрсететін күрделі синтаксикалық байланыстарын бірден түсіне алмайды. Мысалы «мен асқанаға апайыммен сөйлескен соң кеттім» деген сөйлемнің мағынасын немесе «ылғал болды, сондықтан жаңбыр жауып тұр» деген сөйлемнің қисынсыздығын түсінбейді.
Семантикалық афазияда метефораны, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді түсінуі мүлдем жойылады, олардың мағыналарының астарын түсінбейді, есептеу, санау қабілеті бұзылады.
Афференттік моторлы афазия бас ми қыртысының төбеден төменгі және тұрақты орталық бөлімдерінің қосымша аймағында орналасқан артқы орталық немесе Ролланд атқызының /борозда/ зақымдануынан пайда болады.
Афференттік моторлы афазияға тән ерекшелік ол күрделі буындардың құрамын таңдаудың қиындығы. Аурулар тұйық буындарды екі ашық буынға бөлшектейді, буындағы дауыссыздардың тіркесіп қатар келген жерін бөлшектейді, дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады.
Сондықтан да тон, жаз, мал, сөздерін «то-н», «жа-з», «ма-л» деп айтады.
Зақымданудың немесе инсульттің алғашқы кезеңіндегі афферентті афазияда сөйлеу тілін түсіну өрескел бұзылатындығы байқалады. Бірақ ол көпке созылмайды, инсульттан кейінгі бір немесе бірнеше тәуліктен кейін олардың ауыз екі сөйлеу тілін, жеке сөздердің мағынасын, жеңіл-желпі нұсқауларды түсініп орындауы қалпына келеді.
Эфференттік моторлы афазия түзу, уақытша ұйымдасқан қимыл бас ми қыртысының алдыңғы аймағында іске асырылады. Матасудың қатаң заңына бағынатын сөйлемдегі сөздердің, буындардың, дыбыстардың синтагматикалық /тұтас синтаксикалық ырғақ-мағыналық бірлігі/ тізбектелуі пайда болады. Мысалы: сабақ деген сөздегі дыбыстардың реттік қатары міндетті түрде тек солай тұруы керек.
Эфферентті моторлы афазия орталық ми тамырларының солжағындағы тармақтарының зақымдануынан пайда болады. ОЛ дағдыдағыдай бағдарламаның қимылын игеріп алуы мен еске түсіруінің қиындығын көрсеттетін кинестикалық ауытқуымен /апраксиямен/ қоса жүреді. Ми қимылы бөлімдерінің алдыңғы жағының зақымдануы дыбысқа, буынға және лексикалық орын ауыстыруына және персеверацияға /патологиялық қайталау/, қайталап айтуына еліктеп сөйлеуінің патологиялық енжерлығын туғызады. Сөйлеу мүшелерінің бір әрекеттен екіншісіне дер кезінде ауысуына мүмкіндігі болмауының салдарынан персеверациясында, буындардың, сөздердің еріксіз қайталануында қиналады, ал кейде оқуы, жазуы, ауызекі сөйлеу тілі толығымен орындалмайды.
Өрескел бұзылған эфферентті мотрлы афазияның алғашқы кезеңінде ми қан айналымы бұзылғаннан кейін өзінің сөйлеу тілі мүлде болмай қалуы мүмкін.
Афазияның бұл түріндегі сөйлеу мүшелері аппаратының жеке дыбыстарды қайталануында қиналмайды, Керісінше буындардың немесе дыбыстардың көп сериясына қайталауда қиналатындығы байқалады. Афазияның бұл түрінде мақалдарды, астарлы сөздерді, көп мағыналы сөздерді толық түсінбейтіндігі байқалады. Оқуы мен жазуында да айтарлықтай қиындықтар кездеседі. Мысалы, сөздер мен сөз тізбектерін тек буындап айтқанда ғана жазуы мүмкін. Бұл афазияның жеңіл түрінде оқу қабілеті сақталғанмен оның мазмұнын түсінуі қиындыққа соғады.
Динамикалық афазия ми сыңарларының сөйлеу тілінің маңдай арты бөлімінің сол жағындағы орталық үстемділік жүйесі зақымданған кезде пайда болады, немесе үшінші функционалды блок деп аталады. Ол блок сөйлеу тілі қызметінің белсенділігін, реттеуін және жоспарлауын қамтиды.
Афазияның бұл түріндегі сөйлеу тілінің негізгі ақаулығы сөзді қиналып айтатындығы, ал кейде емін-еркін белсенді сөйлеуге мүмкіндігі мүлде дұрыс айтылады, сөздерді және қысқа сөйлемдерді артикуляциясының қиындығынсыз қайталайды, бірақ сөйлеу тілінің қызмет қатынасы әйтсе де бұзылады. Өрескел бұзылуы тек сөйлеу тілінде ғана білініп қоймайды, сонымен бірге оның жалпы еріксіздігі де, ынжықтығы да байқалады және нағыз эхолалия, ал кейде эхопраксия да пайда болады, кейде әңгімелеуші адамның тек сөйлеген сөзін ғана емес, өзіне қойылған сұрақтарын да, тіпті жасаған қимылдарын да өзі аңғармай соған еліктеп қайталайды.
Динамикалық афазияның мәнерлі сөйлеуінің мүлде жоқтығынан бастап сөйлеу тілінің қатынсатық бұзылуынын кейбір дәрежесіне дейін коммуникативтік қызметінің бұзылу дәрежесенің әр түрлілігін сипаттайтын бірнеше түрлері болады. Динамикалық афазияның негізінде жекелеген қысқа сөйлемдерді құрастыру кезінде оны жоспарлауының қиындығы байқалатын сөйлейтін сөзінің іштен ойлап бағдарлануының бұзылуы жатады. Сөйлегенде сөздердің әрқашан сүйемелдеп тұрғанды науқастар өте керек етеді. Олардың сөйлеу тілдетінде синтаксикалық құрылысынан қарапайымдылығымен және дағдылы құрғақ еліктеу сөздермен көзге түседі, бұндай кезде аграмматизм байқалмайды.
Динамикалық афазияның негізгі бөлімі өз еркімен байланыстырып сөйлеуінің бұзылуы болады. Сюжетті бейнелі сурет бойынша әңгімелеу кезінде жекелеген және бір-бірімен байланысы жоқ оқиға үзінділері айтылады, ал мағынасының негізгі желісі көрсетілмейді. Мысалы, /міне ... мынада тауық ... және алтын жұмыртқалары болған ... ол оны өлтірді ... міне!/ /мысалдар А.Р. Лурия 1975/.
Динамикалық афазияда заттарды атаған кезде, әсіресе таныс адамдардың әкесінің немесе өзінің есімдерін, қалалардың, көшелердің және тағы басқалардың аттарын атаған кезде жалған ұмытшақ бола бастау қиындығы /псевдоамиестические/ байқалады. Акустико- мнестикалық семантикалық афазияға шалдыққан науқастардан бұл афазияның түріне шалдыққан науқастардың айырмашылығы бұлар заттың атын атау үшін атқаратын қызметін фразиологиялық тұрғыда баяндап суреттемейді, сөздің бірінші буынына демеу беріп айтып жіберу оның іздеген сөздің табудағы елқостығын сейілтіп тұйықтан шы ғып кетуіне т үрткі болуы мүмкін. Сөйлеу тілі барысының селқостығы салдарынан санды аяғынан бастап басына қарай қатарымен санап шығу тапсырмасын орындай алмай едәуір қиналады. Мысалы, 20-дан 1-ге дейін.
Маңдай миының сол жағы кең көлемде зақымданған кезде, ойлау ниетін және мінез құлқын, тәртібін бағдарлауы қатты бұзылады, айналасындағылармен ісі болмайтыны байқалады, өтінішін ешуақытта тұжырымдап айтпайды, сұрақтар қоймайды. Өз еркімен мүлде сөйлей алмауы мүмкін. Диалогикалық сөйлеу тілі өрескел бұзылған және сұрақтарды қайталау эхо лалиямен сипатталады.
Бұдан гөрі жеңілдеу жағдайда көбінесе әңгімелесушінің сұрақтарын эхолалияоап пайдаланады, ондай жағдайда сөздің грамматикалық құрылысының сыртқы көрінісін дұрыс келтіреді. Мысалы, «сіздер бүгін тамақтандыңыздар ма?» деген сұраққа: біздер бүгін тамақтандық деген жауап береді. Сөйлеу тілінде көп персеверация байқалады.Мысалы, науқастардың өздері қарындаш деген сөзді «әртүсті» деген сөздің көмегімен айтып, келесі көрсетілген заттарды /қасық, гүл/ алдыңғы айтқан сөзді жалғастырып, шай қарындаш, темір қарындаш дейді. /шай қасық, темір қасық деп айтудың орнына/.
Қимыл алды /премоторный/ жүйелерінің зақымдануы кезінде тек толық айтылатын сөзінің түпкі ойы ғана емес, сонымен бірге әңгімені оқығанда желісін түсінуге сөйлеу тілі құрылысының орамдылығы да бұзылады.
Динамикалық афазияның жеңіл түрінде біршама баяу қарқынмен, арасына үзіліс жасап айтылған қарапайым сөйлеу тілін түсіну сақталады, бірақ ұсынылған тапсырманы тездеткенде, бейнелі суреттерді адамның дене мүшелерін көрсеткенде персеверациясы және заттың тұрған орнына таба алмау қиындығы байқалуы мүмкін, сөздің мағынасына өгейсініп түсінбей қалатындығы пайда болады.
Динамикалық афазияда да эфферентті қозғаушы афазиядағы сияқты сөйлеген сөзді түсінуі бұзылатындығы біліндеі, күрделі сөйлемдердің мазмұнын түсінбейтіні, әсіресе түсінігіне жеңіл болу үшін сөйлемдердегі сөздердің орындарын ауысытырып қоюды талап ететін инверсиялау қиындығы пайда болады.
Динамикалық афазияда оқуы мен жазуы сақталған және олар сөйлеуін қалпына келтіоу мақсатына қызмет етеді.
Динамикалық афазияда қарапайым санау-есептеу амалдары тіпті сөйлеу мәнері өрескел бұзылған кезде де сақталады, бірақ афазияның бұл түріне дұрыс шығару үшін жоспар құруды талап ететін арифметикалық сөз есептерді шығару күрт бұзылады. /А.Р.Лурия, Л.С.Цветков, 1966/.
Жарақаттанғанда немесе мидың қан айналымының бұзылуынан көршілес жатқан сөйлеу тілі аймағының немесе бірнеше ошақтарының зақымдануына байланысты, афферентті-эфферентті, динамикалық-эфференттік және сенсомоторлы афазиялардың барлық түрлері қосылған аурулар жиі кездеседі.
Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі мидың қыртысының қызметін зерттеудің жалпы мазмұны төмендегідей жүргізіледі.
1. Сөйлеу тілі қатынасының жалпы қабілетін зерттеу сөйлеу тілінің толықтығын, күнделікті тұрмыста қолданатын сөйлеу тілін түсінуін, сөйлеу тілінің белсенділігінің дәрежесін анықтау мақсатымен аурумен әңгімелесу.
2. Сөйлеу тілін түсінуін зерттуе. Бір және көп бөлімді арнайы нұсқауларды өстіртіп айтады; заттарды іздеп табу тапсырылады; қысқа әңгімені есіту бойынша айтып береді; логико-грамматикалық құрылысты шешеді. Фонематикалық есіту қабілеті; естігенді жадында сақтауы; мақалдардың мағынасын түсінуі тексеріледі.
3. Сөйлеу мәнерін зерттеуге: машықтандырылыған сөйлеу тілі дыбыстарды, буындарды, күрделілігі әр түрлі дәрежедегі сөздерді қайталау бейнелі суреттегі заттарды атауы, іс-әрекеттердің қимылдарын атауы, бейнелі суреттегі оқиға желісіне қысқа сөйлемдер және әңгіме құрастыруы, оқыған әңгімесін айтып беру жатады.
4. Оқуын, жазуын және есебін зерттеу.
5. Ауыздың /оральный/, кеңістіктің және динамикасының әдеттегі қозғаоуын /праксис/ зерттеу.
6. Акустикалық және оптикалық аңғаруын /гнозис/ зерттеу.
Ми қыртысының қызметін тексерудің қортындысын жинақтап афазияға шалдыққан аурудың сөйлеу тілінде жалпы сипаттама жасалады. Онда фонематикалық есту қабілеті, ингрессивтік аграмматизмі, тапсырманы орындағанда патологиялық қайталауы /персевератность/ жеке сөздерді және күрделі нұсқауларды түсінуі, фразиологиялық оралымдары, сөйлеу тілін естуінде жадыгда сақтауының ерекшелігі сияқты, сөйлеу тілін түсінуінің бұзылу дәрежесі сипатталады. Сөйлеу мәнерінің, патологиялық қайталауының /персеверация/, сөздік /вербальный/ және дыбыстық /литеральный/ парафазияның, жеке сөйлемді сөздерді, дыбыстарды қайталау мүмкіншілігінің, қарапайым және көп сериялы бейнелі суреттер бойынша қысқа сөйлем құрастыру және заттарды атау мүмкіншілігінің бұзылу дәрежелері белгіленіп көрсетіледі. Ішінен оқу, жазу, нұсқауларын орындау, өрескел бұзылған оқуында жеке сөздерді тану, қысқа сөйлемді, сөздерді, дыбыстарды жазу, өздігінен жазу мүмкіншілігі, дыбыстық /литеральный/ жеке сөздік /вербальный/ парафазия, сөйлемдегі әріптердің, буындардың және сөдердің түсіп қалуы және орын алмастыруы, патологиялық қайталауы /персеверация/ міндетті түрде көрсетіледі.
Аурудың математикалық амалдарын орындауын ондық сандардан өтіп санау мүмкіншілігін, оральдық артикуляторлық ауытқуларын /апраксия/, динамикалық немесе конструкциялық-кеңістік ауытқуын, акустикалық және оптикалық аңғаруының /гнозия/ сақталуын тексереді. Ауруды мұқият тексеруден өткізеді /сұрау, психологиялық байқау /тесты/. Жанжақты нейропсихологиялық /құрамы врач, психолог, логопед/ тексерудің нәтижесінде афазияның түрі және оның барлық қызметтерінің бұзылу дәрежелері туралы қорытынды жасалады.
АФАЗИЯНЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Афазияны жою жөніндегі логопедия жұмысына жалпы дидактикалық негіздегі оқыту пайдаланылады /көрнектілігін, түсініктілігін, саналылыған және басқалар/, алайда осыған байланысты, сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудің үйрету жұмысын қалыптастырудан айырмашылығы бар, жаңа сөйлей бастаған балаға қарағанда сөйлейтін және жазатын ересек адамның миындағы қыртыстың күрделі қызметі біршама құрылған. /А.Р. Лурия, 1969, Л.С. Выготский, 1984/, педогогикалық түзету жұмысын жоспарлағанда негізі төмендегідей қағидаларды басшылыққа алған жөн.
1. Сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудегі педогогикалық түзету жұмысының тәсілдерін таңдау кезегңе немесе сатыға байланысты. Инсульттан кейінгі алғашқы күндеріндегі жұмыс сөйлеу тілін қалпына келтіру барысында аурудың біршама енжарлықпен қатысуы арқылы жүргізеді. Сөйлеу тілі қызметінің тежелуін түзететін және алғашқы кезеңде қалпына келтірілген эфферентті моторлы афазиядағы кездесетін литеральды парафазия сияқты тілінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру тәсілдерін пайдаланады. Сөйлеу тілі міндетін қалпына келтірудің ең соңғы кезеңінде ауруға тілін түзету жұмысының жолын және жоспарын түсіндіреді, тілін түзету жұмысына пайдалануға болатын көрнекі құрал беріледі.
2. Педогогикалық түзету оқуының жүйесі не алғашқы бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, не болмаса сөйлеу тілі қызметінің сақталған бөлімдерін қайта құруға мүмкіндік беретін жұмыс тәсілін таңдауды ұйғарады. Мысалы, сенсорлы афазиядағы фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіру барысы сақталған оптикалық және кинестетикалық қабілеттерін пайдалану жолымен іске асырылады, ең бастысы, дыбыстығының жақындығы бойынша сөздерді мағынасына қарай ажырату /дифференциялау/.
3. Алғашқы нейропсихологиялық алғы шартының қандайы бұзылғанына қарамастан афазияның кез келген түріндегі сөйлеу тілінің: сөйлеу мәнері, түсінуі, оқуы және жазуы сияқты барлық жақтарымен жұмыс жүргізіледі.
4. Афазияның барлық түрлерінде сөйлеу тілінде өздігінен бақылауы дамытылады, сөйлеу тілінің қатынас қызметі қалыптасады. Тек аурудың өз қатесін түсінген жағдайда ғана сөйлеу тілін бақылау үшін, әңгімесін жоспарлау үшін, литеральды және сөздік /вербальный/ парафазияны түзету үшін жағдай туғызуға болады.
5. Афазияның барлық түрлеріндегі сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркесиеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.
6. Түзету жұмысының барысында әр түрлі сыртқы тіректі жан-жақты пайдаланады. Бұндай тірекке динамикалық афазияда өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлемдердің жалпы нобайы және /фишка/ тәсілдері, афазияның басқа түрлерінде дыбыстардың артикуляциясын көрсетерін нобайын /схема/ таңдау жолы импрессивтік аграмматизмді жою үшін пайдаланатын жалпы нобайы жатады.
Сөйлеу тілі қызметінің бұзылуын қалпына келтірудің жетілдіру барысы /динамика/ зақымданған жерінің орнына және көлеміне, афазияның түріне, қалпына келтіруді бастап оқыту мерзіміне және аурудың преморбидниялық деңгейіне байланысты.
Бас миы қан тамырларының тромбоэмболия тамырлардың бітеліп қалуының қанның ұюы болған кездегіге немесе мидың зақымдануына қан құйылу салдарынан пайда болағн афазияларда аурудың сөйлеу тілі жақсы қалыптасады.
Мектеп жасындағы балалар мен ересектерге қарағанда 5-6 жастағы балалардың /көп жағдайларда зақымдануынан пайда болған/ афазиялық бұзылуы тезірек түзеледі.
Педогогикалық түзету жұмысы инсульттік /ми қан айналымының бұзылуынан талма ауруына шалдығуы/ немесе зақымданудың бірінші аптасының бірінші күнінен бастап дәрігердің рұқсатымен және оның бақылауымен жүргізіледі. Оқыту жұмысының ерте басталуы патологиялық симптомптардың белгілерін болдырмайды және мақсатқа лайықты жолмен қалыптастыруға бағыттайды. Психикалық қызметінің бұзылуын қалпына келтіруге ұзаққа созылған логопедиялық жұмыстың арқасында жетеді.
Афазияны түзетуде логопедиялық жұмысты жеке баламен де, топ балалармен де жүргізеді. Логопедиялық жұмыстың жеке баламен айналысатын түрі негізгі болып саналады, себебі тек осындай жұмыс қана аурудың сөйлеу тілінің ерекшелігін есепке жиі-жиі алып тұруды, оның өзімен тығыз байланысын қарым-қатынас жасап тұруды және де психотерапевтикалық ықпал жасауға мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Инсульттан кейінгі алғашқы кезеңдегі әрбір оқу жұмысының өткізетін уақытының ұзақтығы орта есеппен 10 минуттен 15 минутке дейін күніне 2 рет, ал одан кейінгі кезеңдерде 30 минуттен 40 минутке дейін аптасына кем дегенде 3 рет болады. Сөйлеу тілі бұзылуларының түрлері бір тектес және сөйлеу тілін қалпына келтіру сатысы бірдей болып келген балаларды топтап жүргізетін логопедиялық жұмыстың уақыт ұзақтығы 40-50 минут болады. Аурудың қиындығына байланысты логопед оның жеке басының ерекшелігін туыстарына айтып түсіндіру міндетті. Өзінің шамасына қарай үйіндегі тірлікке міндетті түрде араласып тұруын нақтылы мысалдармен түсіндіреді. Сөйлеу тілі қалпына келтіру жұмысы бойынша нұсқаулар беріледі.
Бақылау сұрақтары.
1. Афазияның себептері айтыңдар?
2. Афазияның қандай түрлері болады?
3. Алалия қандай себептердің салдарынан пайда болады?
4. Алалия тумысына ба әлде кейіннен пайда болған кемістік пе?
5. Алалияның қандай түрлері бар? Олардың бір-біріне айырмашылығы қандай?
11. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы. Сипаттамасы. Түзету жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |