1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет31/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
surdopedagogika kazaksha okulyk, surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
МОТОРЛЫ АЛАЛИЯ

 Моторлы алалия орталық бөліктің органикалық бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұндай неврологиялық теріс көрініс сөйлеу тілінің белсенділігінің төмендеуіне, сөйлеуге зауқының жойылуына және ой өрісі мен психикасының дамуының біртіндеп артта қалуына әкеліп соғады. Балалардың сөйлеу тілінің белгілі зерттеушісі А.Б. Богданов-Березовский балалардың афазиясы \алалиясы\ салдарынан сөйлеу тілінің барлық қызметтері дертке шалдығатын тек мидың белгілі бір бөлігінің бұзылуымен ғана байланысты емес, сонымен бірге міндетті түрде жалпы ой өрісінде де бейнеленеді деп көрсетті.

Невралогиялық кемістіктің көрінісі ата-аналардың өзі дімкас және әлсіз баланың асты-үстіне түсіп шектен тыс мәпелеп, есіркеушілік көрсетіп дұрыс тәрбиелеу алмаулары жиі қосылады. Бұндай балаларға тапсырма берілмейді, талап қойылмайды, жанашыр жақындары оны тіпті қолынан келетін қажетті жеңіл жұмысқа да жуытпай қорғаштайды. Бұндай қолпаштаулар баланың қасарысқан, қырсық, ерке, ашуланғыш қылықтарды жиі көрсетіп, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына үлкен зиянын тигізеді.

Бұндай балалар күнделікті тұрмыс тіршілігіне өздігінен көндіріп дағдыланбаған киімін дұрыстап кие алмайды, түймелерін салуды, аяқ киімінің бауын байлауды білмейді және сол сияқты тағы басқа да өзін күтудің ең қарапайым жеңіл түрлерін орындай алмайды. Бұндай балалардың жалпы қимыл-қозғалысы да бұзылады. Олардың жүрістері қорбаңдап епетейсіз болады, көбінесе тайғанақтап немесе өз аяғына өзі шалынып құлап қала береді, бір аяғымен секіріп және бөрененің үстімен жүре алмайды, музыканың ырғағымен жылжи білмейді. Сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстары да жетілмеген. Бала тілін жоғары көтеріп ұстап тұру, үстіңгі ерінін жағалай жалау, таңдайын қағу сияқты сөйлеу тілі мүшелерінің белгілі бір қимылдарын қайталап орындай алмай, сондай-ақ бір қимылдан екінші қимылға көше алмайды.

Алалик балардың тағы бір ерекшеліктері ықыласпен тыңдау, жадында сақтау жоғары психикалық қызметтері жеткілікті дамыған.

Моторлы алалияға шалдыққан баланың шаршағыштығы ұлғайып, жұмыс істеу қабілеті төмендеп, психофизикалық жағдайы нашарлайды.

Н.Н. Трауготт алалик балалардың психиялық енжарлығымен, тарқыншақтығымен, ынтасыздығымен ақыл-ойы кем балаларға ұқсағанымен шын мәнінде алалик балалардың ой-өрісінің оларға сәйкес келмейтінін атап көрсетті.

Моторлы алалияның ерекшелік белгісі сөйлеу тіліндегі сөздің бұзылып айтылуының басымдылығы, демек өздігінен қиыстырып сөйлеу мүмкіндігінің күрт төмендеуі болады. Белсенді сөздік қорын, сөйлеу тілінің граматикалық құрамын меңгеру кезінде балалардың қиналатындығы байқалады. Бұндай көрініс сөйлеу тілін толық түсінуінде де байқалады.

Профессор Р.Е. Левиннің сипаттағаны бойынша моторлы алалиядағы сөйлеу тілінің әр деңгейде дамитындығы байқалады. Ол жалпы қолданылатын сөйлеу тілінің мүлде жоқтығынан бастап лексико-граматикалық және фонетикалық элементтері толық дамымаған байланыстарын ауызекі сөйлеу мүмкіншілігін игеруіне шейін ғана.

Сонымен, алалик балалардың сөйлеу тілінің жағдайлары неврологиялық бұзылуының ауырлығына, қарым-қатынастағы сөйлеу тілінің және тәрбиесінің жағдайына, логопедиялық ықпалдың уақытына және ұзақтығына, сонымен бірге баланың психиялық белсенділігі, ой-өрісінің жағдайы және көңіл күйіне, компенсаторлық мүмкіндігіне көп байланысты әр түрлігімен сипатталады.

Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейіндегі алалик балалардың сөйлеу тілін егжей-тегжейлі анықтап білу үшін біріншіден көп уақытты керек етеді, екіншіден өз ісін жақсы білетін тәжірибелі маман болу керек, ал іс жүзіндегі тәжірибесі аз адам қысқа мерзім ішінде жарытып ештеңені біле алмайды. Пайда болған тұлғасыз сөздерден ға-ке \аға келді\ сөйлеу тілінің сүйемелдеуімен ымдау мен дене қимылдары арқылы тура сол мезеттегі жағдайды тікелей түсінуге болады. Дамудың бірінші деңгейінде бала іс-қимылды, оқиғаны немесе тілекті дәл сол мезеттегі көрініп тұрған жағдайға байланысты болмаса жеткізе алмайды, сөйтіп тіл қатынасынан шеткері қалады.

Бала сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейінде өзінің кейбір бақылағандарын айналасындағыдарға қарапайым тілмен пікірін білдіруіне мүмкіндігі болады.

Бала сөйлеу тілі дамуының үшіші деңгейінде айтатын ойын кеңірек, айқынрақ түсіндіруге тырысады. Бірақ байланыстырып сөйлеу тілін талдау кезінде лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық қателері айқын көрінеді.

Жоғарыда көрсетілгендей моторлы алалияда баланың өзіне арнайы айталатын сөйлеу тілін түсінуі бір шама сақталған. Ересектердің ауызша айтқан сөздеріне бірден құлақ асады, жеңіл өтініштерін және тапсырмаларын ықыласпен орындайды. Ата-аналар тәрбиешілерімен және логопедтің қабылдауына өздерінің балалары туралы әңгімелерінде: «Ол бәрін түсінеді, бірақ сөйлнмнйді» дегенді жиі айтады. Бірақ бұндай баларды психолого-педагогикалық бағытта мұқият тексерудің  нәтижесінде сөйлеу тілін күнделікті тұрмыс-тіршілік жағдайында түсінуімен ғана шектелетіндігі анықталады.  Алалик балалар үшін қиын тапсырма етістікті және зат есімнің жекеше және көпше түрлерін \ «Мен оқығанмын, сендер оқығансыңдар», «Не жүзіп келе жатқанын және нелер жүзіп келе жатқанын айтыңдар»\; етістіктің өткен шағын \оның не істегенін айтыңдар\; лексикалық мағыналардың кейбір түрлерін \ «Көшемен кім келе жатқанын және көшені кім кесіп өткенін айтыңдар»\; заттың кеңістіктегі орнын \ «Қолыңды кітаптың үстіне қой, қолыңды кітаптың арасына қой»\; себеп-салдардың байланысын анықтауын түсінуі болады.

Бұл сияқты тапсырмаларды орындағанда жіберетін қателіктерді балалардың көбінесе нұсқау жасайтын сөздің лексикалық мағынасын бағалайтандығымен, сонымен бірге мағынасын анықтайтын грамматикалық және морфологиялық элементтерді ескермейтіндігмен түсіндіріледі.

Сөйлеу тілін түсінбеуі ұзақ уақытқа созылады, оны жою үшін арнайы оқытуды ұйымдастыру керек. Баланың өзіне айтылған сөйлеу тілін түсінуінің ата-аналар үшін сәтті болып көрінуі әдеттегідей қарым-қатынастағы және күнделікті тұрмыс-тіршілекте қолданып жүрген жаттанды сөйлеу тілдерін түсінудегі дағдылы жағдайлар екені белгілі.

Бірақ сөйлеу тілінің бұл сияқты жағдайы жалпы бала бақшаға барып, оқу-үйрену сабағына толық қатынасып жүрген алалик балаға кедергі жасайды, бағдарламаны меңгеруін көшеулдетеді.

Баланың бұл сияқты өзінің сөйлеу тілінің деңгейі мен мектеп жасына дейінгі мекеменің қоятын талаптарының арасындағы қарама-қайшылық невротикалық әлсіздіктің, қыңырлықтың пайда болуына себепші болады және кейде бұндай бала өзі қатарластарымен және тәрбиешілермен ренжісіп, жанжалдасуға дейін барады. Бұндай қатынастық қиындығының себебін білетін тәрбиеші шыдамдылық және қырағылық көрсету қажет, балалардың сөйлеу тілдерініңі дұрыс айтылуына өнегелікпен жәрдем беру керек, оларды дендері сау қатарластарының жағымсыз қылықтарынан қорғау керек.

Оқу сабағында және оқудан бос уақытта тәрбиеші алалик баланың көшеуілдеуін ескеру қажет, оның дербес ерекшелігіне назар аударып және ол үшін тапсырманың жеңіл түрін іріктеп алу керек.

Моторлы алалик балалардың мағыналы сөйлеу тілінің бұзылуын жүйелі түрде және ұзақ уақыт түзетуді талап етеді. Бұл ақаулық арнайы оқытусыз түзелмейді, тәрбиеші қозғаушы алалик балаларды арнайы бала бақшаға орналастыру үшін алдымен логопедтің тексеруіне жіберуі міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет