1. Кіріспе Негізгі бөлім а Қазақстандағы жер қатынастары б Жер қатынастарын реттеу



Дата12.12.2019
өлшемі23,43 Kb.
#53499
Байланысты:
сож асем
11,10
Жоспар

1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім а) Қазақстандағы жер қатынастары б) Жер қатынастарын реттеу в) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар жүйесі 3. Қорытынды

Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар жүйесінің функциясы

1.Елдің негізгі табиғи байлығы – оның жер ресурстары, әрі ол елдің экономикалық және әлеуметтік игілігінің негізі. Осыған орай Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық құрылысты реформалау процестері – жер қатынастарын түбегейлі өзгертуді және жер реформасын жүргізу жағдайын бақылауды қажет етеді. Жерге орналастырудың тарихи тәжірибесі мен даму заңдылықтарын зерттеу методологиясының екінші ерекшелігі жердің өндіріс құралы ретіндегі ролімен байланысты. Жер, шүбәсіз, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы. Бірақ, көшпелі шаруашылық жүйесінде оның өндіріс құралы болуының маңызды бір өзгешелігі бар. Бұнда жер малмен қосылғанда ғана ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы бола алады. Жалпы схема түрінде бұл байланысты жер+мал деп бейнелеуге болады. Әрине бұл жүйеде бірінші элементтің (жердің) орны ерекше басым. Көшпелі шаруашылық жүйесі жағдайларында жерді өндіріс құралы және меншік объектісі ретінде қарастырғанда, бірінші кезекте, жайылымдар алынады, өйткені бұнда ғасырлар бойы жер үшін жүргізілген күрес, жайылымдарды иелену үшін талас деуге болады. Малмен бірге олар көшпенділердің негізгі байлығы болып табылады. Жалпы мағынада жайылымдар көшпелі қауымның тіршілік ету кеңістігін құрады. Суармалы егіншілік аймақтарында да жер аса маңызды өндіріс құралдары қатарына жатады. Дегенмен, ондай рольге ол сумен қосылғанда ғана ие болады. Әр түрлі тарихи кезеңдерде республика территориясында қалыптасқан шаруашылық жүйелерінің осы табиғи-тарихи және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеріп отырғанда ғана, жер қатынастары мен жерге орналастырудың даму заңдылықтарын, мақсат-міндеттері мен мазмұнын толығырақ және дұрыс түсініп зерттеуге қол жете алады. Осындай методологиялық тәсіл бұрынғы болған жер қатынастары мен жерді реттестіру формаларын сенімді түрде ұдайы бейнелеуге, жерге орналастырудың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан дәлірек анықтауға мүмүкіндік береді. Нарықтық экономикаға көшу жерге әр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс құралы, кеңістіктік базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу нысаны ретінде оны заң тұрғысынан танудың обьективті қажеттілігін туғызды.

2. Кеңес кезеңінде Қазақстанда қолданған жер кадастрінің жүйесі КСРО-ның барлық республикасына ортақ болатын. Бұл жүйеде ең басты мақсат барлық жер қорының иесі мемлекет мүддесін қорғау болып табылатын. Одақтың ыдырауымен және республикалардың егемендік алуымен байланысты жер қатынастары да түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасында басталған жер реформасы жерге деген меншіктің көп түрлерін енгізуді, жерлердің кейбір санаттарын жеке меншіктеуге көшуді көздеп отыр. Мұндағы ой, жерді жеке меншікке алған азаматтар және заңды тұлғалар ауыл шаруашылық өнімдерін алу және басқа да мақсаттар үшін олар жерлерді тиімді пайдаланады. Жер табиғи зат ретінде, адам әрекетінің әсерінсіз келесідей қасиеттерге ие: жердің ең басты қасиеті – ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында топырақ жамылғысы сапасынан тәуелді. Топырақ жамылғысы жердің сұраныс бағасына да үлкен әсер етеді, оның пайдасы, мақсатты пайдаланылғанда және еңбек процесімен қосылғанда азық алу көзі болып табылады. Жердің кеңістік шектелуі ондағы өнім алудың шектелуін көрсетпейді, тек сол табиғи шептермен шектелген ауданда ғана пайдалану қажеттілігі мен мүмкіндігін көрсетеді. Жердің белгілі бір табиғи шептермен шектелуі жер рентасының пайда болуының себебі болып табылады.Жердің орны тұрақты болғандықтан, тұрған орныңда ғана пайдаланылады. Жер учаскесінің орналасқан орны экономикалық -әлеуметтік, әкімшілік және табиғи факторларын анықтайды. Жердің тағы бір ерекшелігі, басқа құралдармен алмастыруға келмейді, яғни жердің орнына басқа ешқандай құралды пайдалануға келмейді. Жер ресурстарының шектеулілігіне байланысты жердің құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында, қосымша қаржыны қажет етеді. Жер учаскесіндегі топырақ жамылғысы, тұйықталған су, орман, ғимараттар онымен үзілмес байланыста болады. Қазіргі таңда әлемнің дамыған көптеген мемлекеттерінде жер жеке меншікте. Бірақ, көп жағдайларда әлемдік құқық жүйесінде жердің жеке меншігіне елеулі шектеулер қойылған. Басқа мүліктерге тән шексіз иелік жүргізу жерге байланысты құқықтарға тиесілі емес. Сонымен қатар, меншік иесі қоғамдық мүддеде бола отырып оны қоғамның заңдарымен пайдалану құқығына белгілеген міндетке мүдделі болады. ХХ- ғасырдың орта кезеңінен бастап жеке меншікке байланысты бұрын қалыптасқан түсініктер біршама өзгерістерге ұшырады. Мұндағы басты мәселе, жердің ерекше қасиеттеріне, яғни жер – шектеулі табиғи ресурс болғандықтан және осыған байланысты жеке тұлғалардың жерге меншік құқықтары қоғам мүдделілігімен тікелей байланысты болуында. Осы себепті жеке тұлғалардың жерге меншік құқығы қоғам мүддесі үшін заң түрінде ұдайы шектелуде. Жерге, жылжымайтын мүлік ретінде, тек оның заттық құқығы шегінде ғана меншік иелерінің биліктері жүреді және де мемлекеттің қатаң бақылауында болды.



Қазақстанда жер қатынастарының реттелуі онжылдық уақытта жүргізіліп жатыр. Іс жүзінде жерге деген мемлекеттік монополия жойылды. Жерді ақылы пайдалану енді, азаматтардың пайдасына жерді тегін қайта бөлу жүргізілді. Ауыл шаруашылық жерлерінің көп бөлігі мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындарына тиесілі болды. Жер реформасы жүру барысында жер қатынастары өзгеріп, жетілуде жаңа заң, нормативтік хаттамаларды қабылдау кең орын алуда. Мысалы, «Меншік туралың», «Жер реформасы туралы», «Жер кодексі», «Шаруа қожалықтары», заңдары қабылданып, өзгеріп жатыр. 1995 ж. желтоқсан айында қабылданған заң күші бар. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» жарлығында жер реформасының бірнеше жылдар тәжірибелері ескеріліп, жер қатынастарына түбегейлі өзгерістер енгізілген. Мысалы: жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және заңды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына құқықтық негіз салынып, жерге жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т.б. Мұндай түбегейлі жер қатынастарының өзгерістері, әрине, Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрінің жаңа жүйесінің қабылдануын талап етті. Сондықтан, «Жер туралы» жарлығының 113, 114-баптарында жер кадастрінің негізгі талаптары және жаңа жағдайда оны жүргізу шарттары келтірілген. Мемлекеттік жер кадастрі бюджеттік қаржы есебінен Қазақстан Республикасының бір жүйесі бойынша жер қорларын басқару жөніндегі мемлекеттік органдармен жүргізіледі. Оны жүргізу тәртібін Үкімет белгілейді. «Жер туралы» жарлықтың 113-бабына сәйкес Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі, шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінің бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. «Жер туралы» жарлықта жерлерді тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасында жаңа мемлекеттік жер кадастры жүйесін енгізумен қатар, жаңа жер қатынастарын ескере отыра, жерді үйлестіру, жерлер мониторингісі, жерлерді пайдалануды, қорғауды мемлекеттік бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстарға негізгі талаптар қойылған.

Жер қатынастарын реттейтін мемлекеттік органдар:

1.Жалпы құзіретті органдар. Олардың қатарына: Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатады. 2.Арнайы құзіретті органдар. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігі. Бұл агенттіктің құқықтық мәртебесі Жер кодексінің 14-бабымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қаңтарда қаылданған Қаулысымен бекітілген ережемен реттеледі. 3.Функционалды құзіретібар органдар. Бұларға келесі органдар жатады: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстарын басқару жөніндегі комитет, құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, соторгандары, салық органдары. Бұл органдардың әр қайсысының өзіндік құзіреті бар. Яғни әр бір органның құқықтық құзіреті Жер кодексінде берілген заңдармен реттеліп отырады. Мысалы Жер кодексінің 15-бабына сәйкес:

1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекiту;

1-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту;

2) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау;

2-1) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органының немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есебін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерінің қатысуымен тыңдау;

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;

3-1) қала маңындағы аймақтардың шекараларын осы Кодекстің 110-бабына сәйкес бекіту;

3-2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу;

3-3) жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту;

4) алып тасталды - ҚР 2006.01.10. № 116 Заңымен;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде тұрғын халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.



Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Земельный кодекс РК. Алматы: «Жети Жаргы», 2003

  2. Научно- практический журнал: Қазақстанның жер ресурстары/ 2005 – 2012 ж.ж

  3. stud.kz жастар порталы

  4. https://kodeksy-kz.com/zemelnyj_kodeks/15.htm


ҚОРЫТЫНДЫ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет