Жарықтың осы бір екіжақтылық қасиетін физикада корпускулалық-толқындық дуализм деп атайды.
4. Корпускулалық-толқындық дуализм
Жарықтың осы бір екіжақтылық қасиетін физикада корпускулалық-толқындық дуализм деп атайды.
Корпускулалық-толқындық дуализм тек жарыққа ғана тән қасиет емес. Ол микродүниенің жалпы қасиеті. Яғни жарық толқындарының бөлшектік қасиеті ғана емес, сонымен қатар микробөлшектердің толқындық қасиеті де бар.
Де Бройль толқындары
Бөлшектерді корпускула ретінде олардың энергиясы мен импульсы, ал толқын ретінде тербеліс жиілігі мен толқындық векторы сипаттайды. Корпускулалық-толқындық дуализм бөлшектердің осындай екі алуан қасиеттерінің диалектикалық бірлігі болғандықтан, бұл қасиеттерді сипаттайтын физикалық шамалардың арасында да қандай да бір байланыс болуы тиіс. Шындығында да осылай. Де Бройль қатынасы деп аталған бұл өрнек мынадай:
Де Бройль қатынасы

Ерекше назар аударатын нәрсе, бөлшектердің әр алуан қасиеттерін сипаттайтын осы физикалық шамалар бір-бірімен Планк тұрақтысы арқылы байланысып тұр. Бұл оның микродүниеде іргелі роль атқаратынының айқап дәлелі.