1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері



бет5/6
Дата21.01.2022
өлшемі122,91 Kb.
#112518
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Банк ісі Комерциялык банктер

3 Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметін жетілдіру жолдары
3.1 Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланыеты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде "тәуекелдік" деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.

Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.

Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есеитеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.

Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк белгілейді.

Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен келеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан

Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

Ұлттық банк өзінің негізіі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.

Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.

Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болса, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.

Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.

Шығындар. Банктер өз қызметі барысында бегілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады./30,49-61б/

Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жүмсалу формасында көрініс табатын за­лалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекедігі нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық есептелінбеуімен байланы­сты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға үшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.

Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.

Мұның барлығы белгілі бір шамада бірбіріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салым-шыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.

Банк үшін неғізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен байланысты.

Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.

Несие тэуекелдік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.

Ол қарыздар портфелінің сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш түрге белуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелідігі, шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі займдар бойынша төлем телемеу тәуекелдігі.

Қиянатшылық жасау - 1991-1993 жж. біздің республикамызда банктің үмітсіз қарыздарының неғүрлым көп таралу себебі.

Тексеру нәтижесінде маусымды егіндік жүмыстарға, астық жинауға, меншікті қаражаттарды толықтыруға бөліңген мақсатты несиелік ресурстардың көзделген мақсатында пайдаланылмауы туралы көптеген фактілері анықталған. Мұндай жеңілдік несиелері басқа банктерден алған несиелер бойын­ша қарызды етеуге машиналар сатып алуға бағытталған. Сондай-ақ бұл несиелерді нарықтың мелшерлеме бойынша коммерциялық құрылымдарға қайта сатып валютаға айналдыру, т.б. жағдайлар жиі болып отырған.

Қиянатшылық жасау - банктік жүйеде 80-жылдардың басында кеңірек тарап, олардың үлесіне АҚШ-ғы барлық банк­рота ұшыраған банктердің жартысынан астамы тускен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары лауазымды қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына, "достық" несиелерді ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз алушының қаржылық жағдайын тексерусіз бергендігі туралы сөз қозғалады.

Шетел несиелері боііьшша тәуекелдіктер - дамушы елдердің қарыз алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70-жылдарда анықталды. Бұл АҚШ-тың бірқатар ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болған./12/

Ішкі зиймднр бойыншп төлемеіздік қарыз алушының төлем қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты туындайды.

Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:

1. Банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқартылған несие мөлшері, оны қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының қысқаруына мүмкіндік жасайды.

2. Несиелы қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады.

Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:

- абсолюттік өтімділік коэффициенті - бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;

- аралық өтеу коэффициенті - бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттардың қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.

- жабудың жалпы коэфициенті - бұл айналым капиталы қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.

Сонымен қатар, банкке несиені алдағы уақьпта қайтару көзі ретінде ақшалай түсімдерді, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін де бағалау қажет.

Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны баллдық баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің рейтингін жасауды ұсынады.

3. Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны сақтандырумен айналысатын үйымдарға толық өтеуін сипаттайды. Несиелерді сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды іске асырумен байланысты шығындардың барлығы қарыз алушыға тиісті болып келеді. Біздің республикамызда несиелерді сақтандырумен сақтандыру компаниялары айналысады.

Өтімділік тәуекелдігі. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде етімділікті қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі және сыртқы.

Ішкі өтімділік - инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылатын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары - 1,3,6,9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.

Сыртқы өтімділік, оның өтімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолдан-қолға ауыспалы салым сертификаттарын, т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін./12/

Егер де банктер ертеректе тез іске асырылатын активтер құру арқылы ішкі өтімділікті қамтамасыз етуге ұмтылған болса, ал қазір олар активтер мен пассивтерді біртұтас баскару есебінен баланс өтімділігін қамтамасыз етуге тырысады.

Бұл тұста ұсақ банктер өтімді активтер кұруды дұрыс көрсе, ірі банктер пассивті басқару саясатын (керек уақытта бағалы қағаздарды сата отырып, кейіннен қайта қайтарып алу туралы келісім-шарт жасасу жолымен банктік активтерді сату-сатып алу, коммерциялық бағалы қағаздарды қолма-қола шығару жәые т.б.) жүргізуді қалайды.

Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің қайтарылу мерзімдерін көлбеу жолымен басқарады.

Өтімділік деңгейін қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:

- пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозиттер тарту;

- айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар, т.о. шығару;

- қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату;

- пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ мөлшері бойынша жинақтау;

- несиелерді қайтарып алу;

- Ұлттық банктен, т.б. несиелер алу.

Қажетті өтімділік деңгейін ұстап отыру үшін, банк пас-сивтің төмендеуі және несиеге деген сұраиыстың ұлғаюы, яғни коньюнктуралық өзгеру мүмкіндігін болжауға тиіс.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелідігі - бұл пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зияндар. Соңғы уақытгарда, Батыста инфляция және реттеу сая­сатын жүргізу нәтижесінде пайыз мөлшерлемелерінің тұрақсыздығы байқалуда. Пайыз мөлшерлемесінің артуы, тұрақты пайыз әкелетіи бағалы қағаздар бағасының түсуіне жол беріп, нәтижесіне банктің портфелінің құнсыздануына және бағамдық зияндардың болуына әкеледі. Әр турлі нарық сегменттеріндегі пайыз мөлшерлемелерінің




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет