1. Конфликтінің кеңістік-уақыттық шекаралары


Конфликтінің типтік кезеңдері



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі76,4 Kb.
#96517
1   2   3   4   5
Байланысты:
задание 2

2. Конфликтінің типтік кезеңдері.

Әдетте, әлеуметтік конфликте дамудың төрт кезеңі анықталады:


1. Конфликтіге дейінгі кезең.
2. Конфликтің өзі.
3. Конфликті шешу кезеңі.
4. Конфликтен кейінгі кезең.
Әрбір кезеңді нақтырақ қарастырамыз.
Конфликт алды кезеңі. Конфликт алды кезеңі – бұл белгілі бір қарама-қайшылықтан туындаған конфликтің потенциалды субъектілері арасындағы қарым-қатынастағы қарбаластықтың өсуі. Алайда қарама-қайшылық әрдайым конфликтіге айнала бермейді. Конфликтің потенциалды субъектілері тарапынан сәйкес келмейтін деп танылған қарама-қайшылықтар ғана әлеуметтік қарбаластықтың ушығуына алып келеді.
Конфликтің даму сатылары. Тараптардың ашық қарсыласуының басталуы конфликт тәртібінің нәтижесі болып табылады, мұндағы әрекет қарсы тарапқа даулы объектіні ұстау мақсатына бағытталған немесе оппонентті өз мақсаттарынан бас тартуына және оларды өзгертуіне мәжбүрлеуге бағытталған. Конфликтологтар конфликт тәртібінің бірнеше формасын атап көрсетеді:
– белсенді-конфликт тәртібі;
– селқос-конфликт тәртібі;
– конфликтік-ымыраға келу тәртібі;
– ымыраға келу тәртібі.
Конфликтік нұсқамаға және тараптардың тәртібіне байланысты конфликт даму логикасына ие болады. Дамып жатқан конфликт тереңдеудің және ұлғаюдың қосымша себептерін жасауға бағыт береді. Әрбір жаңа «құрбан» конфликтің бірте-бірте ұлғаюы үшін «дәлел» болады.
Сондықтан әрбір конфликт өз алдына ерекше болып келеді. Дамудың екінші кезеңінде конфликт дамуының үш негізгі сатысын ерекше атап көрсетуге болады:
1. Конфликтің жасырын жағдайынан тараптардың ашық қақтығысына ауысуы. Күрес шектелген ресурстармен жүргізіледі және жергілікті сипатқа ие болады. Күшке алғаш рет сынама жүргізіледі. Аталған сатыда ашық күресті тоқтату және конфликті басқа тәсілдермен шешу мүмкіндігі бар.
2. Қарсыласудың әрі қарай бірте-бірте үдеуі. Өз мақсаттарына қол жеткізу және қарсыластың әрекеттерін шектеу үшін тараптардың жаңа ресурстары енгізіледі. Ымыраға келудің барлық мүмкіндіктері дерлік аяқталды. Конфликт басқарылмайтын және болжап болмайтындай күйге енді.
3. Конфликт өзінің шарықтау шегіне жетіп, барлық мүмкін болған күштерді қолдана отырып, жаппай қырғын соғыс формасын қабылдайды. Аталған сатыда дауласқан адамдар конфликтің нақты себептері мен мақсаттарын ұмытып қояды.
Қарсыласудың негізгі мақсаты қарсыласқа барынша максималды апат келтіру болып табылады.
Конфликті шешу сатысы. Конфликтің созылмалылығы мен қарқындылығы тараптардың мақсаттары мен нұсқамасына, күрес жүргізу ресурстары, әдістері мен тәсілдеріне, қоршаған орта конфликтінің реакциясына, жеңіс пен жеңіліс таңбаларына, келісімге келудің мүмкін болған тәсілдеріне байланысты болып келеді.
Конфликт дамуының белгілі бір кезеңінде қарсыласқан тараптарда өз қарсыластарының мүмкіндіктері туралы көзқарасы маңызды түрде өзгеруі мүмкін. Жаңа өзара қарым-қатынас, күшті орналастыру, нақты жағдаятты ұғынуға негізделген құндылықтарды қайта бағалау кезі келеді. Мұның бәрі конфликт тәртібінің стратегиясы мен тактикасының өзгеруіне түрткі болады. Аталған жағдайда конфликтіге түскен тараптар татуласу жолдарын іздей бастайды. Осы сәттен конфликті аяқтау үдерісі басталады, алайда ол жаңа ушығуға қарсы бола алмайды.
Конфликті шешу кезеңінде оқиға дамуының нұсқалары болуы мүмкін:
– тараптардың бірінің айқын басымдығы оған барынша әлсіз оппонентке конфликті тоқтату бойынша өз шарттарын айтуға мүмкіндік береді;
– тараптардың бірі толығымен жеңгенше күрес жалғаса береді;
– ресурстардың жетіспеушілігі салдарынан күрес ұзаққа созылу сипатына ие болады;
– тараптар ресурстардың әлсіреуін және нақты (потенциалды) жеңімпазды анықтамай тұрып, конфликте өзара шегінімге жол береді;
– конфликт үшінші күштің ықпалымен тоқтатылуы мүмкін.
Әлеуметтік конфликт оны тоқтатудың нақты шарты пайда болмайынша жалғаса береді. Толығымен ресми мойындалған конфликте мұндай шарттар қарсыласу басталмай жатып анықталуы мүмкін (аяқтау ережелері белгілі болған ойындағыдай) немесе даму барысында жасалып, бекітілуі мүмкін. Егер конфликт жартылай ғана ресми мойындалған немесе толығымен ресми түрде мойындалмаған болса, оны аяқтаудың қосымша мәселелері туындайды.
Сондай-ақ қарсыластың біреуін немесе екеуін де толығымен құртатын абсолютті конфликтер бар. Жанжал пәні қаталырақ сипатталса, тараптардың жеңісі мен жеңілісін білдіретін белгілер нақтырақ көрінеді, сол арқылы оны оқшаулаудың мүмкіндіктері көбейеді.
Конфликті аяқтау тәсілдері, негізінен, қатысушыларға әсер ету жолымен немесе конфликт объектісі сипаттамасының өзгерту тәсілімен, болмаса басқа да әдістермен конфликт жағдайының өзінің өзгеруіне бағытталған. Аталған тәсілдердің кейбіреуін қарастырайық:
1. Конфликт объектісін жою.
2. Бір объектіні басқа объектімен ауыстыру.
3. Конфликт қатысушылары тараптарының бірін жою.
4. Тараптардың бірінің ұстанымын өзгерту.
5. Конфликт объектісі мен субъектісінің сипаттамасын өзгерту.
6. Объект туралы жаңа мәлімет алу немесе қосымша жағдай жасау.
7. Қатысушылардың өзара тікелей және жанама әсерін болдырмау.
8. Конфликт қатысушыларының бірегей шешімге келуі немесе кез келген шешіміне бағыну шартымен арбитрға бет бұру.
Конфликті еріксіз түрде аяқтау тәсілдерінің бірі – мәжбүрлеу. Мысалы, босниялық себртер, мұсылмандар және хорваттар арасындағы әскери конфликт. Бітімгерлік (НАТО, БҰҰ) күштер конфликтіге түскен тараптарды келісім жасау үстеліне отыруға мәжбүрледі десек те болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет