1)Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
2)Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos — мадақтау ән) — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.
3)Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
4)Демократиялық режим—Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos — халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады.
5)Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу). Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады.
6)Валюта(итал.voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі.
7)Рәміз — белгілі бір адамдар тобы үшін шартты мағынасы бар заттай белгі. Ол адамның, қандай да бір аң-құстың, жануардың немесе басқа да табиғат тіршіліктерінің, құрал-сайманның бейнесі болуы мүмкін. Бірнеше бейне өзара үйлесімде орналастырылған Рәміздер жиі кездеседі.
8)Жарлық — мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі.
9)Акт (лат. actus - «әрекет») - заңды күші бар ресми құжат. Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат және лауазымды адамдармен бекітіледі.