Tunicata 1400-дей түрді біріктіретін 3 класқа, Acrania, Бассүйексіздер 30-35 түрді біріктіретін 1 класқа жіктеледі. Craniota, Омыртқалылар тип тармағы 42 мыңдай түрді біріктіреді және 2 бөлімге бөлінеді:
1 бөлім Agnatha – Жақсыздар 1 класс бар Cyclostomata – Дөңгелекауыздылар
2 бөлім Gnathostomata – Жақтылар Бұл бөлім 2 класс үстіне жіктеледі. 1 класс үсті Pisces – Балықтар, олар 2 класқа: 1 класс Chondrichthyes – Шеміршекті балықтар, 2 класс Osteichthyes – Сүйекті балықтар, 2 класс / үсті Tetrapoda 4 класқа:
1 класс Amphibia, 2 класс Reptilia, 3 класс Aves және 4 класс Mammalia деп бөлінеді.
Зат алмасу дәрежесіне және ішкі жылылықтың тұрақтылығына қарай Омыртқалылар а) салқынқандылар – пойкилотермділер немесе экзотермділер (дөңгелек ауыздылар, шеміршекті, сүйекті балықтар, Amphibia, Reptilia); ә) жылықандылар – гомойотермділер не энтодермділер (Aves, Mammalia) деп бөлінеді.
Жақтылар таксономиялық жағынан бір-біріне жақын келмейтін 2 топқа жіктеледі. 1 топ – Anamnia(Анамниялар, Қағанақсыздар немесе Су жануарлары). Бұларға шеміршекті, сүйекті балықтар және қосмекенділер жатады. Қосмекенділер құрлыққа шыққанмен сулы ортамен байлансын үзбеген. 2 топ – Amniota (Амниоталар – Қағанақтылар немесе Алғашқы құрлық жануарлары). Бұларға Reptilia, Aves, Mammalia жатады.
Анамниялар мен Амниоталардың бір-біріне айырмашылығы:
а) жұмыртқасының құрылысында; ә) эмбриональдық дамуының сипатында; б) ересектерінің құрылысының көптеген ерекшеліктерінен көрінеді.
а) Анамниялардың жұмыртқасы іркілдек қабықпен қапталған, ол сулы ортада оның формасын сақтайды. Сары уызы аздау, ұрықтық дамуы үшін қажетті су сыртқы ортадан жұмыртқа қабығының өткізгіш қабілетіне қарай енеді. Амниоталардың жұмыртқасы бірнеше қабат қабықтармен қапталған, формасын сақтап тұрады. Сары уызы мол – дамуы үшін керекті заттар (тірек және энергетикалық) жеткілікті. Ақ уыз үлкен, дамуы үшін су мұнда жеткілікті.
ә) Анамнияларда жұмыртқа клеткасы толықтай бөлшектенеді, пайда болған личинка жұмыртқа қабығын жарып, суға түсіп, желбезектермен тыныс алады. Қосмекенділердің дернәсілдері бірнеше рет түрленіп (метаморфозданып) ересек организмге айналып, құрлыққа шығады. Амниоталардың жұмыртқа клеткасы сары уыздың ішінде жатады. Осыған орай бөлшектену тек анимальды полюсте жүріп, сарыуызда қалқып тұратын бір қабатты ұрық дискісі түзіледі. Ол ары қарай дамып, ұрықтық үш жапырақша: эктодерма, мезодерма және эндодерма түзейді, одан сомиттер пайда болып, органдар жүйесінің бастамасы қалыптасады. Сыртқы ұрықтық қабық – сероза, ішкі ұрықтық қабық – амнион пайда болады. Личинкалық стадия болмайды. б) Ересек анамниялар мен амниоталарда ерекшеліктер көп. 1 – тері жабындысы анамнияларда су және газ өту үшін тері бездері бөліп шығаратын сілемейлермен жабылған. Қабыршақтар, жабынды сүйектер – терінің дәнекер ұлпасынан пайда болады. Амниоталарда тері бездері аз (сүтқоректілерден басқаларында), эпидермистің үстінгі қабаты мүйізденген. Қабыршақ, тұяқ-тырнақтар, қауырсын, түк – эпидермис туындылары: 2 – тірек – бұлшық ет жүйесі Амниоталарда толықтай сүйектенген, әрі жіктелген.; 3 – асқорыту жүйесі – амниматорларда жақсы жетілген; 4 – тыныс алу – анамнияларда желбезек, тері, өкпе; амниоталарда – өкпе; 5 – қантасымалдау жүйесі – амниоталарда кіші және үлкен қанайналу шеңбері жақсы жетілген, жүректе қан шамалы араласады, немесе мүлдем араласпайды; 6 – зәр-жыныс жүйесі – анамнияларда болатын мезонефрос бүйрек амниоталардың ұрығында ғана жұмыс атқарады, негізгі – метанефрос бүйрек; 7 – нерв жүйесі – ми амниоталарда жақсы жіктелген және күрделенген.
Міне, осындай ерекшеліктері Амниота тобына жататын омыртқалылардың жер шарына кең таралып, алуан түрлі биотоптарды меңгеруді қамтамасыз еткен.