Тездетілген әдіс: Ұнның ылғалдылығын тездетілген әдіспен кептіріп анықтау Чижова аспабында 160оС температурада 5 мин жүргізіледі, эксикаторда 3 – 5 мин суытылады. Екі үлгі арасындағы айырмашылық ±0,1г болуы керек.
Ұнның қышқылдылығын анықтау
Қышқылдылық - бұл, ұнның жаңа екенін білдіретін басты көрсеткіштердің бірі. Ұнның қышқылдылығын анықтаудың көптеген әдістері бар. Ең жиі қолданылатын түрі МЕМСТ 27493-87 стандарты бойынша ұнның қышқылдылығын ұнның сулы суспензиясын титрлеу арқылы анықтау. Анализге керекті ұн үлгілері МЕМСТ27668-88 сәйкес алынады. 5г үлгіні 100см3 колбаға салып, үстіне 50см3 дистелденген су құйып, жақсылап араластырып, 3 тамшы фенолфталеин тамызып, 0,1 моль/дм3 концентрациялы натрий гидроксидімен ал – қызыл түске дейін титрлейді.
Жалпы қышқылдылық келесі формуламен есептеледі:
Х = 2аК, град (2)
Мұндағы: а – титрлеуге кеткен 0,1Н сілті ерітіндісінің мөлшері, мл;
К – сілті титрінің түзету коэффициенті.
Достарыңызбен бөлісу: |