1. Мектеп директоры: Курмашева Аягоз Абилкасымовна Байланыстар



бет13/18
Дата23.09.2023
өлшемі81,56 Kb.
#182175
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
отправить на сайт

Отбасылықтәрбие
Ата- аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық, педагогикалыққұзыреттіліктерінжәне жауапкершіліктерінарттыру.
Балатәрбиесіндеүштікодақтыңбірлескенжұмысыжақсынәтижекөрсететініанық.Ата-ана,оқушы,мектепболыпбірлесежұмылажұмысжасағанда ғана отбасылық тәрбие жүзеге асады. Осы мақсатты жүзеге асырудаоблыстық «Үндестік» жобасы жұмыс жасайды.
«Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі» КММ-нде педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» жобасы аясында біршама іс-шаралар өткізілуде.
«Үндестік» облыстық жобасы ата-аналар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған тиімді нысандардың бірі болып табылады.
Жобаның мақсаты: ​Отбасы мен мектептің әлеуметтік серіктестік қағидаттары мен шарттары бойынша жүйелі, кешенді, үйлестірілген әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, ең жоғары құндылықтар адам өмірінің негізі болып табылатын бірыңғай оқу-тәрбие алаңын, бірыңғай әлеуметтік саланы құруға бағытталған.
Міндеттері: 1. Ата-аналарды білім беру ұйымы қызметінің барлық салаларына белсенді тарту.
2. Ата-аналар білімін тепе-тең негізде ұйымдастыру: педагогтер ата-аналар, отбасын педагогикалық сүйемелдеу.
3. Өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіру. Білім беру ұйымының тәрбие процесін ұйымдастырудағы отбасының рөлін күшейту.
4. Отбасыларды салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Ата-аналардың және педагогтердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру.
Білім беру ұйымдарында ашық және қолжетімді әлеуметтік-педагогикалық жүйе құру арқылы ата-аналардың, балалардың және педагогтердің оқуда, шығармашылықта және әлеуметтік өмірде өнімді бірлескен қызмет және өзін-өзі табысты іске асыру тәжірибесін қалыптастыру.
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейту.
Ата-аналардың оқу-тәрбие қызметінің мазмұны мен нәтижелілігіне қанағаттануын арттыру.
Арқалық қаласы білім бөлімінің "Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі" КММ –нің «Үндестік» жобасы аясында оқу-тәрбие алаңын құруға бағытталған әлеуметтік серіктестік қағидаттары мен шарттары негізінде отбасы мен білім беру ұйымының жүйелі, кешенді, үйлестірілген әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында жоспар құрылып, іс-шаралар ұйымдастырылды.«Үндестік» жобасы аясында ата-аналарға ашық есік күні өткізілді, мектеп өміріне белсене араласып жүрген ата-аналар марапатталды. «Директор сағаты» ата-ананың қонақ бөлмесі форматында ұйымдастырылып , өз сауалдары ұсыныстары бойынша ата-аналарды қабылданды.
Ашық есік күні ата-аналардың қатысуымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Әр айдың 25 күні мектебімізде "Директор сағаты" өтуі қолға алынған. Бұл күні ата-аналар өздерінің мектепке немесе оқушыға қатысты сұрақтары бойынша мектеп директорының міндетін атқарушы Курмашева Аягоз Абылкасымқызына келеді. Туындаған мәселелер бойынша мұғалімдер мен ата-аналар бірлесіп кез-келген мәселені шешудің тиімді жолдарын табады. Балалар үшін отбасыларда коммуникативті дағдыларды, мейірімділік пен өзара түсіністікті дамытуға ықпал ететін мұғалімдер мен ата-аналардың келісілген әрекеттерін көру маңызды. Мектеп пен отбасының педагогикалық өзара әрекеті балалардың дамуы мен өсуіне қолайлы жағдай жасау, лайықты өмір сүретін адамның белсенді өмірін ұйымдастыру болып табылады.
Ғылыми-әдістемелік, диагностикалық-сараптамалық, профилактикалық, консультативтік-ағартушылық, дамытушылық бағыттар бойынша осы уақытқа дейін ата-аналар мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері, сынып жетекшілерден жеке консультациялар, интерактивті әңгіме, консультация-рефлексия жүргізілуде. «Әкімшілік қабылдау бөлмесі» бойынша арнайы кесте жасалғалы түрлі мәселелер бойынша өздерінің ойларын жеткізуге келіп жатқан ата-аналардың да саны көбейіп келеді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Курмашева Аягоз Абылкасымқызы өзара ұштасқан екі ұғым білім мен тәрбие, жасөспірімдерді вакцинациялау, гигиеналық талаптар төңірегінде жеке қабылдауға келсе, оқу, тәрбие ісінің орынбасарларына баланың пәндік білімінің сапасы, тәрбиедегі белсенді әрекет, тегін тамақтану, түрлі тақырыптар бойынша туындаған сұрақтардың шешімін табуға тырысуда. Осындай кездесулердің нәтижесінде ата-аналар, педагогтар және мектеп әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастың негізі қаланады.
Арқалық қаласы «Жас Ұлан» ұйымының өткізуімен ұйымдастырған "Менің жанұямның бақытты сәттері" бейне ролик байқауына Т.Әубәкіров атындағы НМ 2- сынып оқушысы Сапарбай Динара отбасымен қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Мектебімізде "Рухани жаңғыру" бағытының аясында"Эко" жобасы жұмыс жасауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет