1. Мектеп директоры: Курмашева Аягоз Абилкасымовна Байланыстар



бет14/18
Дата23.09.2023
өлшемі81,56 Kb.
#182175
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
отправить на сайт

Мақсаты: Экологиялық тәрбие беру, табиғаттың әсемдігіне төселдіру, еңбекқорлыққа баулу. "Үндестік"жобасы аясында ата-аналарды мектепке тарту бағытында бірнеше жұмыстар атқарылуда. Мектепалды даярлық тобының ата-аналары "Эко"бағытын жандандыру мақсатында және топты көгалдандыру бойынша топқа бірнеше гүл отырғызды. Жетекшісі Ақышбекова Айсұлу Сабырқызы.
Ахмет Байтурсыновтың 150 жылдық мерейтойы қарсаныңда мектебімізде шаңғыдан жарыс өтті. Шаңғы жарысына мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қатысып, өте жоғары деңгейде белсенділік танытты. Ұйымдастырушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қабылбек Тұралы Жайлаубекұлы.
8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "Қадірлейік қасиетті ананы" атты 4 сыныпта ата-анамен бірлескен іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ананың балаға деген махаббатының шексіздігі, оның арман-тілегі туралы түсіндіру, отбасындағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, оқушының шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, балалардың аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу. Өткізген: Мәрден Арайлым Боранбайқызы.
Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебінде “Ана мен бала” спорттық жарысы өтті. Мақсаты: Спорттық ойындардағы отбасының ерекше орнын көрсете білу. Балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру. Ойын барысында шапшандыққа, төзімділікке және жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Президент жарлығы бойынша 2018 жылы, шілденің бірінші жексенбісі домбыра күні деп бекітілген. Сол күнді атап өту мақсатында Арқалық қаласы бойынша дайындық жұмыстары басталған болатын. Осыған орай мектеп оқушыларының ата-аналары Қайрат Маратұлы, Бақытжан Аубакірұлы, Серікұлы Сағынбай, Калмуханбетов Айдын, Саутова Айгерім мектеп оқушыларына домбыра үйрену мақсатында 10 домбыра сыйға тартты.
" Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі" КММ-сі "Үндестік жобасы аясында 2022 жылдың 15-і сәуір күні "Мектеп, ата-ана және қоғамның өзара ықпалдастығы арқылы құқықтық тәрбиені нығайту" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектебімізде 1- маусым балалар күніне арналған іс-шара өткізді. Іс-шара барысында ата-аналар кейіпкерлер киімдерін киіп, мектеп ұжымымен бірге балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара соңында балаларға мектеп ұжымы мен ауыл әкімшілігінің дайындаған тәтті сыйлықтары таратылды. Сонымен қатар «Ата-анамның жұмысындағы бір күн» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды. Онда 1 сынып оқушысы Омаш Батыржан мен 3 сынып оқушысы Омаш Алихан ата-аналарының жұмысына барып, қолдан келгендерінше көмектесіп, ата-аналарының жұмыстарымен танысып келді.
Бастауыш сынып мұғалімі Балтамуратова Айзат Жұмағалиқызы 2 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге “Үндестік жобасы” аясында «Қолөнер – зор өнер» атты тақырыпта ана мен баланың қолөнер бұйымын жасау іс-шарасы өткізді. Бұл іс-шарады ата-аналар өздерінің балаларымен бірге кез-келген қолөнер жұмыстарын жасады.
«Үстел теннисі» үйірмесінің жетекшісі Қабылбек Тұралы Жайлаубекұлы ата-аналармен және ұстаздар арасында үстел теннисі бойынша жарыс ұйымдастырды.
“Үндестік жобасы” аясында мектеп психологы Ермекебаева Зура Хариятиқызы ата-аналармен бірге психологиялық тимбилдинг ұйымдастырылды. Ата-аналар бір командада рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісіп бірлесе жұмыс жасады.
Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебінде "Үндестік" жобасы негізінде 5-сыныптың бейімделуі бойынша педконсилиум өткізілді. Мақсаты: пән мұғалімі мен ата-ананы жүздестіре отырып, ата-анаға баласының жетістіктері мен оқу үлгерімі туралы толық ақпарат беру болды.
Сонымен қатар мектебімізде 3-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге “Үндестік жобасы” аясында "Менің отбасыммен кітап оқуым" атты жұмыс атқарылды. Қатысушы: Сапарбай Динара. Сынып жетекшісі:Баймуханова Динара Айтбаевна.
Шағын орталық тәрбиешілері Нұрхамит Перизат Құдайбергенқызы және Оразбек Көркем Жандосқызының ұйымдастыруымен «Түстер кеші» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты:  Ата-аналар мен балалардың арасында отбасы құндылығы, рухани-адамгершілік қарым-қатынас қасиеттерін кеңейте отырып, балалардың бойында жанұяға деген ыстық ықылас, өзара сыйластық туралы түсінік қалыптастыру . Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды. «Үндестік» жобасы бойынша өткізілген іс-шаралардың барлығы инстаграм желісіне салынып отырады.
Аталмыш «Үндестік» жобасына мектебіміздегі 6 (алты) сынып жетекшілердің және 3 (үш) тәрбиешінің де қосып жатқан үлесі толассыз. Сынып жетекшілерге жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі жаңа заман талабы, оның принциптері жүктеліп отырған ауыр жүк екендігі баршамызға белгілі. Ата-аналар мен мектеп ұжымы арасында туындап жатқан мәселелерге қатысты түрлі формада жұмыстар атқарып, кері байланыс алып, өзінің істеген іс-әрекеттеріне есеп беріп отырады. Міне, мектеп үшін «Үндестік» жобасының маңыздылығы да осында. Алдағы уақытта да ата-аналардың білім беру ұйымының әкімшілігімен өзара іс-қимылын жақсарту, педагогтер мен ата-аналардың қызметін көтермелеу бойынша жұмыстарымыздың нәтижесін көреміз деген сенімдеміз.
«Аутодесструктивтімінезқұқылықтыңалдыналу»түрлікелеңсізжағдайларыдңалдыналу,оқушылардыңинтернетресустанынтиімдіпайдалану, сыныпта буллинг пен кибербуллингті болдырмау мен алдын алудаата-ананың рөлі өтезор. Консилиумғакелген ата-аналар сыныпжетекшілерімен пән мұғалімдеріне және мектеп әкімшілігіне кездесіп сұрақтарына жауапалды. Балалардың оқу үлгірімен танысып, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етугенегізделген жаднамалар алды, сонымен қатар мектеп психологы З.Ермекбаева осы тақырыпта ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет