1. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін әскери-спорттық ойындар мақсаттары мен міндеттері


"Жас ұлан" әскери-патриоттық ойыны



бет8/13
Дата06.02.2022
өлшемі109,61 Kb.
#58679
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
"Жас ұлан" әскери-патриоттық ойыны
9 мамыр-Ұлы Жеңіске 66 жыл және 7 мамыр-Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 19 жыл толуына орай колледж білімалушылары арасында өткізілетін «Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны
Әскери-патриоттық ойынның мақсаты: білім алушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру. 
1. Өткізілетін орны және уақыты
Ойын 2011 жылдың 7 мамыр күні Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің алғашқы әскери дайындық алаңында өтеді.
2. Ойынға колледж білімалушыларынан құралған 3 бөлімше қатысады. 1-ші бөлімше -1202-10-9-1, 0902-10-9-1 топтары, 2-ші бөлімше -1305-10-9-1, 0518-10-9-1 топтары, 3-ші бөлімше -0105-10-9-1, 0103-10-9-1 топтары 
3. Ойын келесідей жарыс түрлері бойынша өткізіледі:
- сап түзеу және ән байқауы
- ату; 
- викторина; 
4. Жас ұландардың киім үлгісі:
Парад киімі (қара шалбар, әскери көйлек (немесе ақ көйлек), қара түсті аяқ киім);
5. Марапаттау
Ойын қорытындысы бойынша 3 командалық жүлделі орын анықталады. Үздік бөлімше командирі және үздік атқыш анықталады. Жарыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталады. Соңында мерекелік концерт.
Жарыс кезеңдерін өткізу шарттары
1. Сап түзеу және ән байқауы.
Қатысушылар ұжымдық іс-әрекеттер бөлімше құрамындағы үйлесімділік: бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, саптық жаттығулар, екі қатарға сапқа тұру, ән мен саптық байқауға дайындығы туралы бөлімше командирінің рапорты, сәлемдесуге қайтарған жауаптары, бір орында және қозғалыстағы бұрылулар, жауынгерлік сәлемдесу рәсімі және ән айтып өту (музыкалық сүйемелдеусіз).
2. Ату жаттығуы
Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы.
Жаттығудың шарты:
Қатысушылар саны – 3 жас ұлан. Нысана – №7 нысана, арақашықтық – 7 м; оқтар саны – 3; ату уақыты шектеусіз; ату ережесі – отырып ату; қару – пневматикалық винтовка.
Жаттығуды орындау шарты:
Атқыш винтовка мен оқтар жатқан оқ ату шебінде орналасады. Атқыш «Ұрысқа!» командасы бойынша оқ ату шебіне жүгіреді, винтовкасын оқтайды және «Жас ұлан______, атуға дайын» - деп баяндайды. «Ат!» командасы бойынша жас ұлан 3 рет есептік оқ атады және «Жас ұлан______, атуды аяқтады» - деп баяндайды. «Нысанаға қарай алға бас!» командасы бойынша жас ұлан өзінің жетекшісімен бірге нысанаға тиген оқты қарап шығады. Біріншілік ұпай санына қарай, ал ұпайлары тең болған жағдайда оқ саны бойынша анықталады. 
3. «Викторина» конкурсы.
Конкурстың шарты: Команданың барлық мүшелері қатысады. Әрбір командаға Қазақстан тарихынан, әскер және әскери дайындық бойынша сұрақтар беріледі.
Біріншілік команданың жинаған ұпай саны бойынша анықталады.
Ұйымдастырушы: Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, запастағы сержант Түменбаев Д.Қ. 
«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойынының бағдарламасы
1. «Сап түзеу және ән айту» сайысының бағдарламасы
Осы сайысқа Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Саптық жарғысының элементтері бар саптық тәсілдер енгізілген.
Бөлімше командирі:
— Бөлімше! Бір қатарға сапқа тұр! (бөлімшенің сапқа тұрғызылуы)
— Түзел! Тік тұр! Рет-ретімен санал! (бөлімшенің 1-шіден бастап соңына дейін. Соңғы нөмірлі саптан шықпай өз нөмірін айтып, «санақ аяқталды» деп жауап береді)
— Түзелу ортаға! (рапорт беру)
— Сержант мырза! ____бөлімше ____адаммен сапта жүру және ән айту байқауына сапқа тұрғызылды. 
Қолбасшы:
— Құп болады! Саламатсыздар ма! (бөлімше хормен «Саламатсыз ба сержант мырза!»)
Сіздерді Ұлы жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын ! (бөлімше хормен «Ура!», «Ура!», «Ура!»)
Еркін тұр! 
Бөлімше командирі:
— Еркін тұр! Бөлімше! Түзел! Тік тұр! Солға! Оңға! Айнал! Айнал! Бірінші-екіншіге санал!
Екі қатарға сапқа тұр! Солға! Оңға! Айнал! Айнал! Бір қатарға сапқа тұр!
Бірінші-үшіншіге санал! Үш қатарға сапқа тұр!
Оңға! Жақында! Бір орында адым бас!
Алаңды айнала адым -бас! 
Ән сал! (бөлімшенің әнін айту 1 шумақ+қайырмасымен) 
Бөлімше! Бір орында! Тоқта!
Солға! Тік тұр! Түзелу ортаға! (рапорт беру)
Сержант мырза! ____ бөлімше өзінің көрінісін аяқтады. Бөлімше командирі _______________ (тегі, аты) 
Байқау қолбасшысы:
Қызметтеріңізге алғыс жариялаймын! (бөлімше хормен: «Қазақстан Республикасына қызмет етеміз!»)
Еркін тұр! Тараңдар!
Бөлімше командирі:
Еркін тұр! Тараңдар! Солға! Оңға! Орынға адым бас! (варианттар)
Саптық тәсілдер және оларды орындау
Бір қатарлы сап
Бөлімшені бір қатарлы сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарлы сапқа тұр!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Бұл пәрмен бойына командир сап маңдайшебі тұсына «тіктелу» бойынша тұрады. Бөлімше аяқтарын бір сызық бойымен қойып, командирден солға қарай орналасады.
Саптық адым
Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады. Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.
Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
2. Ату жаттығу
Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы.
Атыс жүргізу алдында қатысушылар қауіпсіздік ережелерімен таныстырылады
Жаттығудың шарты:
Қатысушылар саны – әр бөлімшеден 3 білімалушы қатысады. Нысана – №7 нысана, нысана арақашықтығы – 7 метр; оқтар саны – 3; ату уақыты шектеусіз; ату ережесі – орындықта отырып ату; қару – пневматикалық винтовка.
Жаттығуды орындау шарты:
Атқыш винтовка мен оқтар жатқан оқ ату шебінде орналасады. Атқыш «Ұрысқа!» командасы бойынша оқ ату шебіне жүгіреді, винтовкасын оқтайды және «Жас ұлан______, атуға дайын» - деп баяндайды. «Ат!» командасы бойынша жас ұлан 3 рет есептік оқ атады және «Жас ұлан______, атуды аяқтады» - деп баяндайды. «Нысанаға қарай алға бас!» командасы бойынша жас ұлан өзінің жетекшісімен бірге нысанаға тиген оқты қарап шығады. Біріншілік ұпай санына қарай, ал ұпайлары тең болған жағдайда оқ саны бойынша анықталады.
“Викторина” конкурсының сұрақтары
Бұл саты барысында ойынға қатысушы білімалушыларға Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әр бөлімшеге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауаптар саны ескеріледі. Қай бөлімшенің дұрыс жауаптар саны көп болса сол бөлімше конкурста жеңген болып есептеледі.
Егер қорытындылары бойынша дұрыс жауаптар саны бірдей болып қалса, онда олардың ішінен ең мықтылары қосымша сұрақтар арқылы іріктеледі.
Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымызды бастайық!
(Ескертпе: Жүргізуші сұрақтарды оқиды, төрешілерден кім бірінші болып қол көтергенінен сұрап, оған жауап беруді ұсынады. Егер жауап дұрыс болмаса, төрешілерден кім екінші болып қол көтергенін сұрап оған жауап беруді ұсынады. Жауап нұсқаға жақын болып, бірақ толық сәйкес келмесе төрешілерден төрелік етіп шешуді сұрайды) 
Сұрақтар:
1-ші 10 сұрақ
1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген.(Еліміздің ата заңы – Конституцияда)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары.(Жауынгерлік дәстүрлер)
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды? (100)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат. (Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы (Рақымжан Қошқарбаев)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
9. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі. (Маневр)
2-ші 10 сұрақ
1. Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ. (аға лейтенант)
2. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (Жаяу әскер ұрыс машинасы БТР)
3. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы (Бауыржан Момышұлы)
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді (жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер)
6. Оңтүстік әскери өңірлігі қолбасшылығының штабы қай қалада орналасқан? (Тараз)
7. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қалай аталады? (қарауыл)
8. Адыммен қозғалыс қандай болады. (саптық және жорықтық болады)
9. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бойынша бас штабының бастығы (Кәрім Мәсімов)
10. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны (кадет корпусы)
3-ші 10 сұрақ
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар? (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар)
2. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)
3. Суық қару түрлерін атаңыз.(Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
4. Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады?(Қатардағы сарбаздардан)
5.“ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді?(Танкке қарсы мина)
6. Калашников автоматы қай жылы шықты? (1974)
7. 1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім?(Жамбыл)
8. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418күн)
9. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (Әділбек Жақсыбеков)
10. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992жыл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет