Қолданудагы жалпы әскери жаргылардан басқа ұрыстық жарғылар да болады. Үрыстық жарғылар туралы материалдарды оқушыларға түсіндіру қажет .
Жарғылардың басты талабы - Отанды корғаудагы әскери қызметшілердің жеке басының жауапкершілігіне, өз еліне, халқына аянбай кызмет етуіне тәрбиелеу . Содан кейін адамгершілік принциптері мен күкықтық нормалар туралы айтып етіңіздер.
Біздің барлық жаргыларымыз адамгершілік принцип-теріне негізделіп жасалады. Мүғалім осы адамгершілік принциптері неге негізделетінін анықтаганы дүрыс.
Окушылар назарын әскери үжымдарда жарғы талапта-рына қайшы келетін жагдайларға аудару қажет.
Сабақты оқушылардың өздері мынадай корытынды шығаратындай етіп аяқтаған дүрыс, яғни әскери ұйым жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормала-рынсыз жүмыс істеулері мүмкін емес және жаргылар сарбаздардың бойына идеялық сенімділікті, ерлікті, батырлықты, әскери жолдастықты, бастамшылдыкты, осы заманғы үрыстарда жеңіске жету үшін қажетті моральдық-жауынгерлік қасиеттерді төрбиелеу жолындагы куатты кұрал болып табылады.
Әскери қызметшілерге қызмет бойынша, тіпті уақытша болса да бағынатын бастықтың билігімен оларға қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бүзғаны үшін қолданылады. Тәртіптік жаза әскери қызметшіні жауаптылықтың басқа түрлеріиен босатпайды.
Әскери қызметші әсқери тәртіпті немесе қоғамдық тәртіпті бүзуы кезінде командир (бастық) оның міндеттері мен әскери борышы туралы есіне салумен шектеле алады, ал қажет болған жағдайда тәртіптік жаза қолдана алады. Бүл ретте ол қолданылатын жазаның тәртіпті иығайту мен өскери қызметшілерді тәрбиелеу шарасы ретінде жасалған теріс ісінің ауыртпалығына және командирдің (бастықтың) жүргізген тексеруінің нәтижесінде белгіленген кінәлылық дэрежесіне сәйкес келетіндігін ескеруі тиіс (4-қосымша).
Әскери тәртіпті немесе қоғамдық тәртіпті бүзуды қоғамдық айыптау мақсатында командирдің (бастықтың) шешімі бойынша әскери қызметшілердің теріс істері: сарбаздар мен матростар - жеке қүрамның жиналыстарында; сержаиттар мен старшиналар — сержанттар мен старшиналардың жиналыстарында; ирапорщиктер мен мичмаидар ~ праиорщиктер мен мичмандардың жиналыстарында; офицсрлер - офицерлер жиналысында қаралып, талқылана алады.
Әскери қызметшілердің теріс істерін офицерлердің, прапор-щиктердің, мичмандардың намыстық жоддастық соттары қарай алады. Офицерлсрдің, прапорщиктер мен мичмандардың намыстык жоддастық сотгарының қарауы туралы шешімді осы оргаіідар қүрылған әсксри бөлімдердің командирлері, сондай-ақ олардың жоғары бастықтары кабылдайды.
Әскери қызметшілердің теріс істерін намыстық жолдастык соггарыныц қарауы туралы шешіммен бір мезгілде оларға дәл осы теріс істері үшін тәртіптік жаза қолдануға тыйым салынады.
Намыстық жолдастық сотгарының шешімін олар қүрылған бөлім Командирі бекітуге тиіс.
Ең ақырғы, кейінге қалдыруды күтпейтін жағдайда әскери Қьізметшілер лауазымдарынан алынуы мүмкін.
Әскери қызметаіілерді лауазымынан оларды лауазымға тағайындау Қүкығы берілген командирлер (бастықтар) алады.
Бағыныштыны лауазымынан алған командир (басгық) бүл туралы
іи бойынша дереу мәлімдеуге, лауазымынан алуды тудырған
себентер мен жағдаяггарды егжей-тегжейлі көрсетіп, мәлімдсугс
міндетті.
Бағыныштыны лауазымынан бүған жеткілікті негіздерсіз алған
командир (бастық) бүл үшін жауап береді.
Сарбаздар (матростар) мен сержантгарға (старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар
Мерзімді әскери қызметтің сарбаздары (матростары) меы сержаштарына (старшитіларына) мынадай жазалар қолданыла алады: :
а) сөгіс;
б) қатаң сөгіс;
в) бөлімнің орналасқан жерінен немесе корабльден жағаға ксзекті
сейілдемеден айыру;
г) сарбаздарды (матростарды) нарядқа жүмысқа — 5 нарядқа дейін
тағайындау;
д) омырауға тағатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
үздігі белгісінен айыру;
е) сарбаздарды (матростарды) "ефрейтор" ("аға матрос") әскери
атағынан айыру;
ж) гауптвахтада үстай отырып қамау: сарбаздарды (матростарды) — 10 тәулікке дейін, сержаштарды (старгаиналарды) — 7 тәулікке дейін;
з) сержанггардың (старшиналардың) лауазымын төмендету;
и) сержанттардың (старшиналардың) әскери атағын бір сатыға
төмендету;
к) сержанттардың (старшиналардың) әскери атағын төмен
лауазымға көшіре отырып бір дәрежеге төмендету.
Әскери қызметті келісім-щарт бойынша сарбаздар (матростар), сержанттар (старшииалар) лауазымдарында өткеруші әскери қызметшілерге "в", "г" тармақтарды қоспағанда, осы Жарғыньщ 50-бабында көрсетілген тәртіптік жазалар және қосымша мынадай жазалар
қолданылуы мүмкін:
а) қызметтік қамау — 5 тәулікке дейін;
б) ақшалай қаражатты төлеуді 1 айға 25%-ке дейін қысқарту. Әскери қызметтерді сарбаздар (матростар), сержанттар
(старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша өткеруші әйсл-әскери қызметшілерге осы Жарғының 50-бабындағы "в'", "г" және "ж"-тармақтары мен 51-бабының "а"-тармағында керсстілген жазалар қолданылмайды.
___________________________________________________________
Командирлердің (бастыктардьщ) оздеріне багынышты сарбаздар
мен матростарға, сержанттарға (старшиналарға) тәртіптік
жазаларды қолдану қүқыгы
Болімшенің командирі, взвод командирінің орынбасары, ротаның старшинасы мен взвод командирінің:
- сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға;
- мерзімді әскери қызмет сарбаздарын (матростарын) әскери бөлімнің орналасқан жерінен, корабльден жағаға кезекті сейілдемеден айыруға;
- мерзімді эскери қызмет сарбаздарына (матростарына) жүмысқа нарядқа - бөлімше комаидирі, взвод командирінің орынбасары - 1 наряд, рота старшинасы - 2 наряд; взвод командирі — 3 наряд тағайындауға қүкығы бар.
Рота (4-рангідегі корабль) командирінің, батальон (3-рангідегі корабль) командирінің:
- сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға;
- мерзімді әскери қызмет сарбаздары (матростары) мсн сержанттарын
(старшиналарын) өскери бөлімнің орыаласкан жерінен немесе корабльден жағаға кезекті сейілдемеден айыруга;
- мерзімді әскери қызмет сарбаздарына (матростарына) жұмысқа нарядқа — ротаның (4-рангідегі корабльдің) командирі — 4 нарядқа дейін, батальон (3-ранггсгі корабльдің) командирі — 5 нарядқа дейін;
- мерзімді әскери қызмет сарбаздары (матростары) мен сержаштарына
(старшиналарына) ротаның (4-рангідегі корабльдің) командирі — 3 тәулікке дейін; батальонның (3-рангідегі корабльдің) командирі — 5 төулікке дейін, әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші сарбаздар (матростар) мен сержанттарға (старшиналарға) — 3 тәулікке дейін гауптвахтада үстай отырып қамау қолдануға қүқығы бар.
Жекебатальонның (2-рангідегі корабльдің) командирі, сондай-ақ осы Жарғының 12-бабына сәйкес батальон (3-рангідегі корабль) командирінің тәртіптік күқықтарын пайдаланушы бвлім командирінің, полк (1-рангідегі корабльдің) командирінің:
- сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға;
- мерзімді әскери қызмет сарбаздары (матростары) мен сержанттарын
(старшиналарын) әскери бөлімнің орналасқан жерінен немесе корабльден жағаға кезекті сейілдемеден айыруға;
- мерзімді өскери қызмет сарбаздарына (матростарына) — 5 нарядқа дейін жүмысқа наряд тағайындауға;
- мерзімді әскери қызмет сарбаздарына (матростарына) сержанттарыиа
(старшиналарына) — 7 тәулікке дейін, ал әскери қызметті келісім-
шарт бойынша өткеруші сарбаздар (матростар) мен сержанттарға — 5 тәулікке дейін камау колдануға;
- омырауға тағатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі
белгісінен айруға;
- ефрейтор ("аға матрос") әскери атағынан айыруға;
- сержанттардың (старшиналардың) лауазымын төмендетуге;
- сержанггардың (старшиналардың) әскери лауазымын аіа сержанттан
(бас старшинадан) және одан төмен бір сатыға темендетуге;
- сержанттардың (старшиналардың) әскери лауазымын төменгі лауазымға көшіре отырып аға сержанттан (бас старшинадан) және одан төмен бір дәрежеге төмендетуге;
- ескери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші сарбаздарға (матростарға) — 5 тәулікке дейін қызметтік қамау қолдануға қүқығы
бар.
Жеке батальон (2-рангідегі корабль) командирінің, полк (1-рангідегі корабль) командирінің бүдаи басқа:
- ақшалай қаражатты төлеуді бір айға 10%-ке дейін кысқартуға қүқығы
Дивизияның командирі, корпустың (эскадраның) командирі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің колбасшысы ездеріне бағынышты мерзімді әскери қызметтің және әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші сарбаздары (матростары) мен сержантгарына (старшиналарына) қатысты осы Жарғыдағы тәртіптік жазаларды қолдану қүқығын толық көлемде пайдаланады.
Прапорщиктерге (мичмандарға) қолданылатын тәртіптік жазалар
Прапорщиктерге (мичмандарға) мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
а) сөгіс;
б) қатаң сөгіс;
в) гауптвахтада үстай отырьш - 5 тәулікке дейін камау;
Негізгі єдибиеттер:
сновы ВПВ» М.ќ. 1998 ж. Л. А. Бублик; Ю.С. Васютин
«ВПВ учащихся на занятиях по НВП» М.ќ. 1988 ж. А. М. Катуков; Е. Н. Цветаев
Ќосымша єдебиет:
1. «Организация внеклассной работы по НВП и ВПВ учащихся». Просвещение М.ќ. 1985 ж.
№5 Тақырып . Орта оқу орындарындағы Әскери патриоттық тәрбиенің мазмұны.
Оқу сұрақтары :
Ж астарды Отан қорғауға даярлыққа тәрбиелеу.
Үлкен, орта, кіші жастағы оқушыларға әскери – патриоттық тәрбие беру.
Оқушы жастарға әскери патриоттық тәрбие беруге басшылық.
1. Жастарды Отан қорғауға даярлық тәрбиелеу.
Біздің мемлекетіміздің ең маңызды қызметінің бірі жастар мен оқушыларды әскери – патриоттыққа тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз байланысты және жастардың әскери істі меңгеруіне төтенше жағдайларда қорғаныс әдістерінің жабдықтарыншебер меңгерулері қажет.
1996 жылы 1 қара шада Қазақстан Республикасы үкіметінің жалпы білім беретін мектептер мен арнайы арнайы орта оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты енгізу туралы қаулысы қабылданған.
Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясы үкіметі , министріліктер және мемлекеттік комиттер, жергілікті атқарушы органдар басшылық жасайды.
Алғашқы әскери дайындық Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін , мемлекетік қорғаныс негіздерін жастарға оқып – ұйрету мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы қарулы күштері жарғысында әкери ант берудің негізгі талаптарын , Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметтегі құрметті міндеттерінің маңызын, оның ерекшеліктері мен қырларын, Қ азақстан Республикасы Қарулы күштерінің міндеттерін түсіндіру. Әскери бөлімдегі әскери техникалар, қарулармен және оның орналасуы жеке құрамның өмірімен байланысты. Әскери білімге қажетті төтенше жағдайларда адам өмірін қауіпсіздендіру негіздерін меңгеру.
Әскери патриоттылыққа тәрбиелеудегі ең басты мақсат, жастарды өзінің халқына деген адалдыққа, көз жеткізе тәрбиелеуге, олардағы ұлт аралық сезім рухына, өз отанын қолына қару алып қажырлық пен білгірлік көрсете қорғауға үнемі дайын болуға, өзінің азаматтық борышын адал орындауға жан – жақты дамыта тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбие жастарға әскери іске қызуғышылыққа, арнайы әскери мамандықты меңгеруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында борышын өтеуге дайындыққа тәрбиелеу.
Әскери – патриоттық тәрбиенің өзегі отан қорғаушы жас адамдардың адамгершілік- саяси және псиологиялық сапасын қалыптастыруды құрайды.
Республика азаматының міндеттерін ең қиын жағдайларда, сондай ақ бейбіт немесе әскери уақытталайықты орындайтын, әскери қызметтің барлық ауыртпалығын табандылықпен өткеруге дайын.Отанының сенімді патриоттарын тәрбиелеу қажет.
Келесі әскери – патриоттық тәрбие бағыты- оқушылардың жауынгекрлік сапасын реттейтінәскери техникалық даярлық, оның құрамына кіретіндер:
әскери білім.
Жауынгерлік шеберлік
Тәртіптік және ұйымдастыру
әскери және флоттық серіктестік :
Командирлер мен басшылылардың бұйрықтарымен өкімдерін, жарғылары мен әскери анттың талаптарын мүлтіксіз орындау.
Әскери отан сүйгіштікке тәрбиелеудің үшінші бағыты, жастардың дене шынықтыруы. Ол жауынгерлік жағдайында, сондай – ақ күнделікті әскери қызметте шыдамдылық , ауыр дене жүктемелерін өткеруге қалыптасуына көмек жасайды.
Дене шынықтыру тек қана сергектік пен сенімді көзқарас ғана емес , бұл бос уақытты дұрыс қолдана білуді ұйымдастыру, Отан қорғауға және еңбек етуге дайын болуға маңызды әсер етуі болып саналады.Жастарды әскери қызметке денесін шынықтырып дайындау ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Жас адамның дене дамуы , оның денсаулығынын жағдайы осы құрметті де, жауапты ауыр міндеттерді атқаруына өте үлкен маңыз береді.
Жастарға әскери- патриоттық тәрбие беруде ажырамас құрамды бөлігі болып бұқаралық қорғаныс және спорт жұмыстарын өткізу саналады. Бұл жұмыс біздің мемлекетімізді қорғау үшін қажетті, әскери білім мен дағдыларды меңгеруіне, жастардың жоғары адамгершілік – саяси және жауынгерлік сапасын қалыптастыру жұйесіне мемлекеттік және қоғамдықұйымдардың шаралары кіреді.Жақсы қойылған бұқаралық қорғаныс жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстарды, тек сабақта алған білімі, дағдысы мен шеберлігін тәжірбие жүзіндеқолданып бекітуге ғана емес , сонымен қатар оқушылардың жоғары адамгершілік – саяси және жауынгерлік сапасын қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Әскери жетекші АӘД бөлімдері бойынша осы жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру
Үшін тікелей жауапкершілікті атқарады. Ол балалар педагогикалық ұжымда беделіне, оқушылардың жетекшісі, нағыз тәрбиеші болуы қажет.Тек сонда ғана ол оқушылармен тығыз байланыста бола алады.
Әскери – патриоттық тәрбиенің нәтижесы алдын ала қойылған мақсат пен тапсырмаларды сәйкс айқын қортындыға жетуымен бекітіледі.
Әскери – патриоттық тәрбие беру нақты – тарихи пікірмен үйлесін тауып, сондай ақ уақытпен өзгерген және дамыған барлық болған жайттарды қарастыру ерекше маңызды екні анық. Бұл қағида барлығынан бұрын, тарихи нақты жағдайдағы әскери- патриоттық әдістемелер мен оның түрлері, мазмұнына сай жорамалданады.
Нақты – тарихи қағида, әскери патриоттық жұмыс жастарды тәрбиелеуде ерлік тарихымен , Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тамаша дәстүрімен тығыз байланыста үйлесін тауып жатады.Тарихты тұрмаламай нақты тарихи мәліметтермен оқыту ерекше маңызды саналады. Отан сүйгіштік сезім мен жасөспірімдердің мынандай шамада дамиды, ерлік жасауға ұмтылыс, жеңуге өзін аямауға қажеттілік , өзі қатарлы ұжымда өз орнын табу , олардың сенімін жеңіп алу , ұжымның талабына бағыт жасау және өзіне жоғары талап қойғыштық, сонымен қатар көптеген жасөспірімдер мектеп бітіргенен соң әскери форма киетінін ескерсек. Осы кезеңде оларды өз халқына деген сүйінспеншілікке соғыс ардагерлеріне ауыр еңбектің шынайы сұлулығын аша отырып құрметтеуге тәрбиелеу өте маңызды.
Үлкен орта және кіші жастағы оқушыларды әскери отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Отанын қорғау жаңа ұрпақ адамдарын дайындау адам өмірінің соңына шейін жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс. Әр түрлі жастағы оқушыларғаӘскери патриоттықтәрбие беруде арнайы айқындалған әсіресе кәсіби- техникалық мектептер мен мұғалымдер кейде мектеп басшылары әдетте қиындық көреді. Осы мақсатта әр жастағыларды айырып, яғни олардың отан қорғауға дайындығын қалыптастырудағы әкери патриоттың тәрбиенің мақсаты мен тапсырмаларын айқындауға әрекет жасадық.
Әскер және әскери – теңіз флоты туралы білім негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті еңбектері мен жауынгерлердің ерлігімен байланыстырылып қалыптастырылады. Кіші жастағы оқушылар өмірге деген құштарлығын отан үшін жасалған ерліктерімен оятады. Оларға азаматтың ұлы отан соғысы кезінде, Ауған республикасында интернационалдық борышын орындаған кеңес жауынгерлерінің , кеңес жастарының көрсеткен ерліктері туралы тарихтан алынған мысалдар айтылады.
Отанды қорғау туралы тарихи деректер және мәліметтер, барлық оқулықтарды Отан тақырыбына біріккен бағдарламаларда қаралған. Кіші оқушылар әр түрлі әскери флот күштеріне, әскери техникаға әртүрлі қару жараққа қызуғышылық танытады.Тәрбиешілер оқушыларға бірінші кезекте отан қорғауда ұжымдық сипаттың маңызын жеңіске жету үшін қазіргі ұрыс әректтерін, флот күштері мен ұрыстың өз аралық байланысын көрсете отырып жеткізу қажет. Бұған оқушылардың ұшақ және тікұшақ, корабль, су асты қайығы, пушкалармен мен жаяу әскердің шабылуы бейнеленген суреттерінен әсер ететін байқауға болады. Бүндай сабақтар өткізгенде балаларды ұрыс кезіндегі Қарулы Күштердің жекеленген түрлерімен таныстыру мақсатты болуға тиіс.
Қазіргі, тарихи дамудың өзгеше жағдайында ұлттық дәстүрлер негізінде патриоттық тәрбие жүйесінде жұмысы маңызы арта түсті. Мұның мәнісі- тотаритарлық жүйе дәуірінде ұлттық деген жүйенің аяқасты болып, жалпы кеңестік тәрбие қолдан жасалғандықтан, жемісі бермегендікте деп санаймыз.Яғни таптық идеяны ту етіп ұстаған жалаң ұран ұлт мүдесіне сай келмегендіктен ешқандай жақсылыққа жеткізбеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жағдайында патриоттық тәрбие мәселелері негізінен ұлттық дәстүрлерге сүйене отырып адамдарға ықпал ету арқылы ғана шешілуі мүмкін. Мұның бірнеше дәйектемелері бар.
Біріншіден, ұлттық дәстүрлер адамдарды халықтың материалдық және мәдениетімен туыстырады.
Екіншіден, ұлттық дәстүрлер халық зердесінде тарихи құндылықтарды жаңғыртады, ұлттық психология сипаттарын нығайтады.
Үшіншіден, халық зердесіне тарихи құндылықтарды жаңғырта, ұлттық психологияны жетілдіре отырып, ұлтық дәстүрлер адамдарды өз халқына, өз Отанына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Төртіншіден, қазақстан Республикасы халқының жартысынан астамы жиырма бес жасқа дейінгі жастар, олардың өмірлік тәжірбиесі аз. Тәрбие дегеніміз – ақыл-ой дамуының, дене тәрбиесі мен кәсіпке үйретудің шоғырланған түсінігі. Тәрбие ісі тәрбиеленушіге белгілі бір бағытта, мақсатты және жүйелі әсер ртіп, белгілі бір көзқарас, мінез- құлық, адамдық тәртіп, дағды мен машық түрінде берілсе ғана жемісті болмақ. Бұған, әрине жеке адамның табиғи жетіліп, өсуін де қосу қажет.
Адам тәрбиесінде салт- дәстүрлердің алатын орны маңызды болуының басты шарты- бұл салт дәстүрлердің рухани- парасат құндылықтары тұрғысынан ұрпақтан – ұрпаққа үзілмей жалғасып, дамып келе жатқандығында. Айта кету керек , салттар мен дәстүрлер бірімен – бірі тығыз байланыста. Тіпті, оларды ажыратып алудың өзі қиын.
Салттар дегеніміз- тарихи кезкңдерде қалыптасқан, адамдардың қоғамдық қатынастарының, тіршілігі мен тұрмысының белгілі бір дәрежеде сипаты бар нормалары.Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып, жалғасып отырады.
Анықтама түрінде пайымдайтын болсақ: Дәстүрлер дегеніміз тұрақты қайталанып, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отыратын, көпке тән нормалар, идеялар, принциптер, іс- әрекеттер, сезімдер түрінде қалыптасқан, қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекше көрінісі. Ол ар материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлеріне адамдардың құндылықтар ретінде қарауын анықтайды.
Басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда, дәстүрлер мына ерекшеліктермен оқшауланады: Іс- әрекеттер , идеялар мен сезімдер жалпыға ортақ, бұлжымайтын, қасиетті түсінікке ие болса ғана дәстүр болып танылады.Дәстүрлік нормалар, іс- әрекеттер, идеялар, көзқарастар, сезімдер белгілі дәрежеде халықтың әлеументтік, идеялық, рухани тәжірбиесін бейнелейді. Олар нақты бір материалдық және рухани мәдениетке байланысты түрде көрінеді.
Қоғамдық қатынастардың түрлері бола тұра дәстүрлер халық тіршілігінің материалдық, мінез- құлықтық, идеологиялық және рухани өмірінің көрінісі болып табылады. Дәстүрлер, әдетте заттық- салттық іс- әрекеттен көрінеді.Ғылыми әдебиеттерде дәстүрлер тек қана әлеументтік- психологиялық құбылыс ретінде танылып келеді.Патриотизмді қалыптастырудың және дамытудың жолдарының бірі жеке адамның санасында ұлттық сезімді бірікткру болып табылады. Әлбетте, адам қоғамнан тыс адам болмайды ғой. Әрбір адам белгілі бір ұлттың немесе белгілі бір ұлттың өкілі ретінде көрінеді. Ұлттық сезім дегеніміз – жеке адамның туған халқының мүддесіне, тағдырына, оның рухани құндылықтарына қатынасын білдіретін ұлттық санасы.Ұлттық сезім ұлттың қалыптасуына байланысты ұзақ уақыт бойы дамып, кемелденеді.Негізі ұлттық сезім- рухани құбылыс.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда дәстүрлер шешуші роль атқарады.Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақ патриотизмі дегеніміз,- ең алдымен қазақ халқына сүйінспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтырын бойына сіңіру болып табылады. Тереңдірек пайымдасақ, мұның өз ұлттардың ұласуына бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы қазақ патриотизмін күшейте түседі.Халық зердесінде өткен замандардың өшіп қалған материалдық, рухани мәдениетін, озық дәстүрлерін жаңғырту, оның ішінде ұлттық спорттың бүкіл байлығы мен қазынасын қалпына келтіру арқылы патриоттық сезім жаңа сипат алады.
Заты, патриоттық сезім қанмен берілмейді, нақты тарихи жағдайларда ұзақ уақыт бойы қалыптасыды.
Ұлтшыл- жікшілердің көп алдындағы көпірме ұрандарын қолдап, өзінің бақай есебін күйттейтіндер, әсте, патриот емес.
Туған елінің күш қуатын,беделін артыруға бір мысқалда пайда қоспастан, елдестерінің игілігіне немқұрайлы қарап, Отанға берілгендігін және оны сүйетіндігін дабыра етіп, ант- су ішетіндер патриот емес.
Күні кеше ғана біз Отан үшін отқа түсіп, туған жердің әр сүйемі үшін жанын пида еткендерді патриот деп, қоғам үшін, мемлекетүшін аянбай жұмыс істегендерді патриот деп санағамыз.Олардың әрқайсысын: кәсібіне, ұлтына, ақ- қарасына, көзінің қиығына қарамастан бәрін патрит дедік, оларды мақтан тұтық, мақтадық. Ал, қазір не болып жатыр, әркім өзінің ата бабасына батыр тауып тегін дәріптеп жатыр. Ең бастысы өз ұлтына даңқты адам іздеп, солардың атақтарын аспандатып, есімін жаңғырту болуда. Міне, қандай патриот бас көтеріп келеді. Адамдар өміріндегі мінез- құлық, өзін-өзі ұстау тәртібі, рәсімдер мен салттар, көпке ортақ қағидалар көп жағдайда психологиялық деңгейде ғана көрінеді. Әлеументтік топтың ортасында жеке адам дәстүрлер мен қағидалардың құлы бола тындығы жалған емес. Бұл арада қоғамдық пікір деп аталатын тылсым адамды басымырақ билейді.Қоғамдық пікір адамдардың қимыл-әрекеттерінің әдетін қалыптастырады. Осылайша ұлттық дағдылы, дәстүрлі мінез ретінде, ал, ұлттық түсініктен тыс жатқандары тосын тіпті жат болып көрінеді.
Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спортттың алатын орыны:
Біріншіден, оған қайталатындық, берілетіндік, тиянақтылық және бұқаралық сияқты дәстүр белгілері тән. Яғни патриоттық тәрбиеде ұлттық спорт басқа да өнегелі ұлттық дәстүр сияқты қызмет атқарады;
Екішіден, ұлттық спорт ерекше дәстүрлер мен салттардың (рәсімдердің) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін бойына сіңірген.
Ұлттық спортпен айналысу жеке адамның, ұжымның санасында ұлттық психологияны қалыптастыру, демек, олардың белгілі бір халықтың бөлшегі екендігін, түп-тамыры сол халықта, сол Отанда жатқандығын сезіну деген сөз.
Басқа ұлттар сияқты қазақтың ұлттық спортының негізгі белгілерінің бірі – ұ
рпақтан-ұрпаққа ауысып қайталанып отыратындығында. Тегі, қайталанушылық барлық материалдық және рухани құбылыстарға тән Даму үстінде, бір сападан екінші сапаға, ескіден жаңаға ауысып отыру жағдйында шеңбер бойынша айналу немесе өткенді шексіз қайталау емес, алдыңғы кезеңнің кейбір сәттерін қайталау құбылысы жүріп жатады.
Осылайша қайталанып келе жатқан қазақтың ұлттық спорты қазақ халқының әлеуметтік және парасат тәжірибесін сақтай, жеке адам бойында ұлттық психологияны нығайта отырып, қайталанып, мыңдаған жылдар бойы сақталып келеді.Ұлттық спорт халықтың өткен тижірибесін жаңғырта қайталайды. Яғни, әрбір дәуір, әрбір жаңа ұрпақ дәстүрге өзінің жаңалығын қосады.кейінгі кезге дейін ұлттың өткенін сақтауға құштарлық керітартпа үрдіс ретінде теріс бағаланып, ұлттық саясатқа елеулі залал келтірді.
Ұлттық спорт дәстүр тұрғысында қайталана, қорытылып отырады. Және де негізгі арнамен қосалқы белгілер де ілесіп келе беруі мүмкін. Бірақ қосалқы белгілер уақыт өткен сайыцн шетке шығып, негізгі арна байып, құнарланып, өсіп отырады.
Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың екінші бір маңызды белгісі – оның берілетіндігінде, яғни бір адамнан екіші адамға, бір ұжымнан екінші ұжымға, ұрпақтан-ұрпаққа берілу қажеттігі мен қабілетінде. Осылайша ұлттық спорт өз бойындағы бүкіл қадір-қасиетін, оның ішінде әрине, ұлттық белгілер жиынтығын алмасып отырады.
Дәстүр ретіндегі даму барысында ұлттық спорт мұрагерлік диалектикасына, терістеуді терістеу заңына бағынады. Бұл арада халықтың өткендегісінің бәрін керітартпа ретінде теріске шығару емес, өткеннің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтау ретінде терістеу туралы айтып отырмыз.
Патриоттық тәрбиедегі ұлттық спорттың маңызын оның ұзақ уақыт сақталып келе жатқан ұлттық дағдыларды, ережелерді, рәсімдерді, идеялар мен сезімдерді бере алатындығымен дәйектейміз. Ұлттық спорттың ескі мен жаңаны, өткендегі мен бүгінгіні ұштастырып отыратын қасиеті бар. Міне, сондықтан да ол халық мұрасын өшірмей сақтайдың баға жетпес жолдарының бірі. Ал. Енді мұрасыз қоғамдық сананың бірде-бір түрі, бірде-бір мәдениет немесе тұрмыс салты болмайтындығы да мәлім.
Қоғамдық сана, ұлттық мәдениет пене тұрмыс объективті болмыс жағдайында дамиды жәнге дәстүр ретінде сақталып қалған халықтың тіршілік тәжірибесімен тікелей байланысты.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
«Основы военно-патриотического воспитания» г.М., 1988г. Г.В. Средин
«Военно- патриотическое воспитание молодежи», г.М. 1991г. Ю. И. Дерюгин
«Военно – патриотическое воспитание учащихся на занятиях по НВП»г.М., 1988г. К.М. Катуков.
Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию учащихся /Под ред. Ф. Е. Штыкало - М.: Просвещение, 1985.
Программы подготовки студентов по специальности 0304 «Начальная военная подготовка и физическая культура» - М.: Воениздат, 1988
Достарыңызбен бөлісу: |