1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет82/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

4-мәтін


Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты.Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды . Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Ол ержетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – ... болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді.Әрбір қиын істің шешімін, ең алдымен, ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.





6-мәтін

Адам баласы күнделікті тамақ ішу керек. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу қажет. «Ас –адамның арқауы» деп бекер айтпайды. Тамақ арқылы адам ағзалары белок, май, минералдар, түрлі витаминдермен қамтамасыз етіледі.


Осылардың ішінде белоктың алатын орны ерекше. Ғалымдар белокты «протеин» деп атайды. Белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады.Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады. Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішінде айран, қаймақ, ақ ірімшік, құрт, жент, қымыз, шұбат, тағы басқалар ерекше бағаланады.

1-мәтін

Наурыз келісімен балалар да, үлкендер де Қыдыр атаны сағына күтеді. Қыдыр ата елге, жерге, адам баласына барша жақсылықты сыйлайды екен. Ол аппақ киім киіп, Наурызда елді мекендерді аралап, тыныштық болуын, адамдардың мейір – шапағатқа бөленуін, Жер Көктің жасыл желекке, гүлге орануын тілеп, ақ батасын беретін көрінеді.


«Жыл он екі ай» журналынан


2-мәтін

Құмырсқаның суға кетіп, жанталасып жүзіп бара жатқанын көрген көгершін оны өлімнен құтқармақ болыпты. Мойылдың жалпақ жапырағын жұлып әкеліп, құмырсқаның алдына тастапты. Құмырсқа жапырақтың үстіне шығып жайғасыпты. Жел тұрып, жапырақты жағаға қарай айдапты. Жапыраққа жабысып, қиындықпен алысып, қырға аман шығыпты.


Бір қарт көк жөтелмен ауырған немересіне көгершіннің қанын ішкізейін деп, арнайы ау құрып, киелі құсты алыпты.
«Ажалдан арашалап алған мейірбан достың жақсылығын қайтаруға тиістімін»,-деп жүрген құмырсқа қарттың аш санын қатты қыршып алғанда, санына біз кіргендей болған шал көгершін оралған ауды тастап жібергенін өзі де байқамай, санын сипалапты. Сол мезетте ... аудан сытылып шығып, аспанға бір-ақ самғапты.



1-мәтін
Құстар ауыл шаруашылығына зиян тигізетін кішкентай тышқандар мен шегірткелерді, кеміргіш жәндіктерді жояды. Құбылтып, құйқылжытып шырқайтын әнші құстар қонақтаған бақ ішінде жемістерге құрт түспейді. Сондай-ақ, қырғауыл, шіл, шағала және ұзақ, қарға сияқты құстар мекендеген далада егінге түскен зиянды жәндіктер жойылып құриды. Құс аулау - аңшылықтың әсерлі түрі. Құстардың балапандарын өсіріп, ұшыратын уақыттарында оларға тыныштық беріледі.
Жануарлар мен аңдардың да адамға тигізетін пайдасы бар. Осыған орай оларды қорғау керек. Шаруашылыққа, егінге зиянкестер мен арамшөптерді жойып, пайда тигізетін кірпі мен жарқанат, құмырсқа сияқтыларды қорғау керек. Табиғатта сирек кездесетін ақбөкен, киік, марал сияқты аңдарды көбейту керек.
2-мәтін

Кітап –жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамдарға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың.


Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы тиіс, себебі терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.
Кітап- адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап – біздің рухани жан-азығымыз.






3-мәтін

Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. ... жол – әдептілік жолы.


Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мұндай әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне назар аударады.
Әдептілікке адамның сыпайылығы, жақсы мінезі, қарапайымдылығы жатады. Әдепті кісі өз абыройына кір келтіретін әрекеттерден аулақ жүреді.






4-мәтін

Мен еліміздің шекарасын білемін.Кейде экономикалық аймақтары мен облыстарын шатастырамын. Оны сендермен бірге қайталаймын.


Қазақстан мемлекетінің жері кең-байтақ. Қазақстан – Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді. Құрамында 14 облыс бар және республикаға тікелей бағынатын 2 қала бар.
Қазақстанның жерінен Тобол, Есіл, Ертіс, Нұра, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Жайық, Талас, Шу, Іле, Ақсу, Балқаш атты көл-өзендер ағады.
Әр өнірдің топырағы мен ауа райына байланысты өсімдіктері де әр түрлі. Оңтүстік құмдарда бұталар, сексеуілдер өседі. Қазақстанның Солтүстігінде ақ қайыңды, қарағайлы ормандар кездеседі. Алтайда қылқанды ормандар сақталған. Батыста қарағаштың және теректің тоғайлары кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет