1 мәтін үзінді. Неврология



бет6/8
Дата04.09.2023
өлшемі43,34 Kb.
#180207
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
мәтін

Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиард нерв клеткалары бар, яғни орталық жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сыңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.
Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен түрады: мандай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы жөне артқы сайларды орталық немесе роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орна-ласқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артыңда төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігін маңдай бөлігінен бөліп түратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бұл аталған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.
Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қ ы р т ы с ы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қапталған нерв клеткаларының аксондарынан тұрады.
Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі және оның құрамыңда нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады әрі оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрондардан 10 есе артық болады.
Ми жарты шарларының жалпы көлемі 1700-1800 см2, бірақ оның 2/3 болігі қатпарларында орналасқан, тек 1/3 белігі сайларының үстіңгі жағынан орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет