Вегетативтік жүйке жүйесі қозғаушы және нейросекреторлық нерв талшықтарынан тұрады. Олар жүректің етін, ішкі мүшелерді және қан тамырларын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасады. Олардың талшықтары ядролардан шыққаннан кейін, нерв импульстерін шеткі вегетативтік түйіндерде орналасқан шеткі жүйке жүйесінің нейрондарына өткізеді. Нерв импульстерін қабылдаған екінші нейронның талшықтары жүмысшы мүшелерге жетеді. Яғни вегетативтік жүйке жүйесінен өтетін нерв импульстері 2 бөлімнен түрады: біріншісі – орталық нерв жүйесінде орналасқан нейроннан шеткі нерв жүйесінің түйіндеріне дейінгі преганглионарлық бөлім; екіншісі – шеткі түйіннен жұмысшы мүшеге дейін 2-ші нейрон арқьшы нерв импульстерін өткізетін п о с т г а н глионарлық бөлім.
Ол симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады. Симпатикалық жүйке жүйесі орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады. Оның нерв орталықтары жүлынның І-көкірек омыртқасымен Ш-бел омыртқасының арасында орналасқан. Жұлындағы нерв клеткаларының аксондары алдыңғы түйіндердің орталықтары арқылы өтіп, жұлын нервтерімен ұштасады. Олардың преганглиялық талшықтары симпатикалық шекара бағанасына ауысады. Симпатикалық жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, нервтер мен нерв өнімдерінен тұрады. Симпатикалық шекара бағанасы жұбымен орналасқан түйіндер мен түйін аралық байланыстардан құрылады. Оның түйіндері симпатикалық жүйке жүйесінің екінші нейрондарының жиналған жері. Ол нейрондардың талшықтарын постганлиялық талшық деп атайды. Олар тегіс еттерді, бездерді нервтендіреді.
Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел жөне сегізкөз бөліктеріне бөлінеді. Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Оның ең ірі жоғарғы түйінінен ми сауытының ішіне мидың қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді нервтеңдіретін күре тамыр нерві кетеді. Мойын болігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек нервтері тарайды (жоғарғы, томенгі, ортаңғы жүрек нервтері).
Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктің нерв талшықтары көкірек қуысындағы барлық мүшелерге тарайды, мүнда үлкен және кіші қүрсақ нервтері басталады. Олар диафрагмадан құрсақ қуысына өтеді.
Бел белігі 3-5 түйіннен тұрады. Олардың нерв талшықтары құрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларына тарайды.
Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Соңғы, сыңар түйіңде оң және сол жақ симпатикалық шекара бағаналары қозғайтын еттерді нервтеңдіретін күре тамыр нерві кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек нервтері тарайды (жоғарғы, томенгі, ортаңғы жүрек нервтері). қосылады. Бұл бөліктің талшықтары жамбас қуысының мүшелері мен қан тамырларына тарайды.
Симпатикалық жүйке жүйесінің 2-ші нейрондары симпатикалық шекара бағанасынан басқа қүрсақ бағанасы мен шажырқай артериясының жоғарғы жағыңда орналасқан түйіндерде орналасқан.
Парасимпатикалық бөлімнің де орталық және перифериялық (шеткі) бөліктері бар. Орталық бөлігінің ядролары ми бағанасы мен жұлында орналасқан. Ми бағанасында 4 парасимпатикалық ядро бар: ортаңғы мидағы Якубович ядросы көздің қарашығын тарылтатын еттерді нервтендіреді; көпірде орналасқан жоғарғы сілекей шығару ядросы тіл асты жөне жақ асты сілекей бездері мен көз жасының безін нервтендіреді; сопақша мида орналасқан төменгі сілекей шығару ядросы шықшыт сілекей безін нервтендіреді, ал дорсальды ядро мойынды, көкірек пен құрсақ қуыстарының мүшелерін нервтендіреді. Жұлынның сегізкөз бөлігінде орналасқан ядролар тоқ ішек пен жамбас қуысындағы мүшелерді қамтамасыз етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің барлық бөлімдері аралық мида орналасқан жоғары дәрежелі вегетативтік нерв орталығына бағынады. Мұнда торлы қүрылымнан, мишықтан, қыртыс асты құрылымдар мен үлкен ми сыңарларынан нерв импульстері келеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі тірлікке маңызды жүйе болғандықтан ерте дамиды. Дегенмен бала туғанда симпатикалық жене парасимпатикалық бөлімдерінің қызметтері әлі теңеспеген әрі симпатикалық жүйке жүйесі басымырақ болғандықтан баланың жүрегінің соғуы жиі болады. Даму барысында вегетативтік жүйке жүйесіне жоғары дәрежелі нерв орталықтарының әсері күшейіп, ішкі мүшелердің қызметі дұрыс реттеледі.
Нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне – нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабылдайды. Тек қозу кезіңде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да оның қызметі өшеді.Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелгені Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін, қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.