2. Көлемдері бірдей темір (ρ=7800кг/м3), алюминий (ρ=2700кг/м3) және мыстан (ρ=8900кг/м3) жасалған шарлар бірдей жылдамдықпен қозғалуда. Шарлардың кинетикалық энергияларын анықтаңыз.
Массасы 30 г тас жер бетінен 5 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыcы суретте көрсетілген, максимал көтерілу биіктігі 3,5 м-ге тең. Ауа кедергісі ескерілмейді және g = 9,8 Н/кг.
А, В нүктелеріндегі тастың энергиясын анықтап, кестені толтырыңыз.
Траектория нүктесі
А
В
Биіктік h, м
0
3,5
Рычагтың ұзындығы 3 м. Рычагтың ұштарына 40 Н және 160 H күш әсер етеді. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, онда тіреу нүктесі қай жерде болғаны?
Суретте иіндікке орналастырылған жүктер мен жүк тарапынан әсер етуші күштердің иіндерінің мәні берілген. Әр нұсқадағы иіндіктің тепе-теңдікте болатынын немесе сағат тіліне бағыттас/қарсы айналатынын анықтаңыз және кестеге жазыңыз.