2.1.2 Газ талдаушысының сипаттамасы
УГ-2 газ талдаушысы ауа алатын құрылымына, шкалалар үшін алынып-салынатын қойдырғыштан, үш шток жинақтан,өлшеу шкалаларынан, түтікшелер мен патрондар даярлайтын реактивтері бар құралдар жинағынан және ауаны газдандыратын қондырғыдан тұрады.
2.1.2.1 Ауа алатын кұрылғы
Ауа алатын құрылым стақан ішінде орналасқан серіппесі бар резеңке сильфоннан тұрады, серіппе сильфонды созылған күйде ұстап тұрады (1-сурет).
Корпустың жабық бөлімінде (1) резеңке сильфон (2) екі ернемекпен (3) және онда серіппесі бар (5) стақан (4) орналасады. Сильфонның ішкі бүктесіндеріндегі тарату дөңгелектері (6) сильфонға қатаңдық пен тұрақты көлемді сақтау үшін орнатылған.
Жоғарғы тақшада (7) қозғалмайтын қуысты бөлшек (8) соташықты бағыттауға (9) қысатын сильфон; саңылау (10) соташықты жұмыссыз қалпында сақтау үшін және өлшеу шкалалары үшін қондырғыш (11), сильфон арқылы өтетін ауа көлемін соташықпен бекіту үшін қозғалмайтын бағыттау қуысты бөлшекте тоқтатқыш (12) орналасқан. Жалғастыққа (13) ішкі жағынан резеңке түтікше (14) қосылған, ол сильфонның төменгі ернемегі арқылы оның ішкі ойығымен қосылады. Жалғастықтың сыртқы ұшына алынатын резеңке түтікше (15) киілген, оған индикатор түтікшесі салынады. Бұған ауа талдауға кедергі жасайтын қоспаларды аулайтын сүзгілейтін қысқы қосылады.
Зерттелетін ауаны индикатор түтікшесі арқылы сору, сильфонды алдын ала соташықпен қысудан кейін жасалады. Қырларда (соташық басының астында) талдаудағы сорылатын ауа көлемдері белгіленген. Соташықтың цилиндрлік бетінде сорылатын ауа көлемін бекітетін төрт ұзынша науа (16) орналасқан. Тереңдетулер аралығы былай таңдалған; соташық олардың біреуінен екіншісіне жүргенде (17), сильфон сол газ талдауға қажетті ауа мөлшерін сорады.
Өлшеу шкалалары мен индикатор түтікшесі газдар үшін тағы да қосымша сүзгілейтін қысқыны орнатады. Индикатор түтікшесі мен сүзгілейтін қысқы арнайы қысқышта орналасады. Осылардың көмегімен және өлшеу шкалаларымен қойдырғыш ойықтан оңай алынады, бұл газдар шоғырлануын анықтау, аспаптан біршама аралықта істеуге мүмкіндік береді.
1-сурет. УГ-2 аспабы.
1 – аспаптың корпусы; 2 – резеңкелі сильфон; 3 – сильфонның қозғалмайтын төменгі ернемегі; 4 – сильфонның серіппелі стақаны; 5 – сильфонның серіппесі; 6 – кернегіш сақинасы; 7 – аспаптың жоғарғы тақшасы; 8 – қозғалмайтын төлке; 9 – соташық; 10 – соташықты сақтау үшін саңылау тесік; 11 – өлшегіш шкаласы үшін тұғырық; 12 – тоқтатқыш; 13 – жалғастық; 14 – жалғастықта төменгі сильфонға түсетін түтікше; 15 – жалғастықтан индикаторлы түтікшеге бұрып жіберетін резеңке түтік; 16 – соташықтың бойлатылған бунақтары; 17 – бойлатылған бунақтағы тереңдетілген соташық.
Достарыңызбен бөлісу: |