1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


Е витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі



Pdf көрінісі
бет44/45
Дата31.10.2022
өлшемі1,21 Mb.
#155920
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Химмм

 
86. Е витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі
авитаминоз, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.
 
Витамин Е, токоферол. 


Құрылысы/хим.табиғаты
: Е дәрумені өзінің химиялық табиғаты 
бойынша туыстық қосылыстардың- токоферолдардың тобын 
құрайды. Токоферол молекулалары екі компоненттен тұрады: 
бензохинон туындысы болып табылатын хроманол сақинасы 
және изопреноид бүйір тізбегі. Е витаминіне токоферолдардан 
басқа α-, β-, γ- және δ-токотриенолдар - сәйкес токоферолдардың 
аналогтары кіреді, олар соңғыларынан бүйірлік тізбекте қос 
байланыстардың болуымен ерекшеленеді. Ең үлкен биологиялық 
белсенділікті α токоферол көрсетеді. 
Биологиялық әсері
: Токоферолдың биохимиялық функциялары 
алуан түрлі:

Әсер ету механизмі бойынша токоферол антиоксидант, ол 
мембрана фосфолипидтерінің құрамындағы көп қанықпаған 
май қышқылдарының оттегімен жанасуына кедергі 
келтіретін орында (гидрофобты комплекс тузіп) орналасып, 
мембрананы пероксидтік тотығудан қорғайды. Е витамині 
каротин мен А витаминінің молекуласындағы қос 
байланысты тотығудан қорғайды. Е витамині (аскорбатпен 
бірге) селенді глутатионпероксидазаның активті 
орталығының құрамына енгізіп, ферменттік 
антиоксиданттық қорғаныш жүйесін активтендіреді 
(глутатионпероксидаза липидтердің гидропероксидтерін 
залалсыздандырады). 

Токоферол митохондрия мембранасын тұрақтандырып, 
жасушаның оттегіні жұмсауын үнемдейді. Е витаминінің 
мембрананы тұрактандырушы әсерінен митохондрияда 
биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың 
қабысуы артады, АТФ пен креатинфосфаттың түзілуі 
күшейеді. Е витамині тыныс алу жүйесінің және 
митохондрияның басты антиоксиданты - убихинонның 
биосинтезін қадағалайды. 

Токоферол нуклеин қышқылдарының (транскрипция 
жеңгейінде), гемнің, микросомалык цитохромдардың және 
басқа да гемі бар белоктардың синтезін бақылайды.

Е витамині мембрана фосфолипидтерін бұзатын 
лизосомалардағы фосфолипаза А2 активтілігін төмендету 
кабілетіне ие. 



Е витамині организмнің иммундық қорғаныстық күшін 
нығайтуға кабілетті тиімді иммуномодулятор болып 
табылады. 
Авитаминозы:
Е витамині жетіспегенде эритроциттердің 
гемолизі байқалады, оларда антиоксиданттық қорғаныс 
функцияларының активтілігі төмендейді Токоферолдыың 
жеткіліксіздігінің симптомдары: бұлшық ет дистрофиясы, 
бедеулік, бауыр некрозы, ми бөлімдерінің, әcipece мишықтың 
жұмсаруы барлық жасушалар мен субжасушалық 
құрылымдардың мембраналарының өткізгішітігінің артуымен, 
оларда липидтердің пероксидті тотығуының өнімдерінің 
жиналуымен түсіндіріледі. Е витамині гиповитаминозының 
алғашкы сатыларында зақымданған тіндерден ферменттердің 
(креатинфосфокиназа, аланинаминотрансфераза) қан сары суына 
шығуы және қан сары суында липидтерің пероксидті 
тотығуының өнімдерінің мөлшерінің көбеюі байқалады. 
Тәуліктік қажеттілігі: 
20-40 мг 
Тағам көздері
: өсімдік майы, салат, орамжапырақ, астық 
өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет