1-нұсқа Езулік дауыстысы бар сөзді табыңыз



Дата28.06.2017
өлшемі155,5 Kb.
Қазақ тілі пәні бойынша тест сұрақтары

1-нұсқа
1.Езулік дауыстысы бар сөзді табыңыз.

А) Тұмау.

В) Жуу.

С) Сулау.



D) Құлау.

Е) Жина.


2. Ашық буынды сөзді табыңыз.

А) Аз.


В) Қас.

С) Қант.


D) Сақ.

Е) Боса.


3. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Фото (көрме).

В) Шаң (сорғыш).

С) Қонақ (жай).

D) Қыз (келіншек).

Е) Алты (бақан).



4. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз.

А) Ауылданбыз.

В) Кеншінің.

С) Санақ.

D) Сепкіш.

Е) Табалдырық.



5. «Алтау» деген сан есімдегі түбірден түсіп қалған дыбысты көрсетіңіз.

А) ы


В) и

С) а


D) о

Е) і


6. «Әлде» сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

А) Әлде (қалай).

В) Әлде (адам).

С) Әлде (қашан).

D) Әлде(қандай).

Е) Әлде (кім).



7. Еліктеу сөзі бар тіркесті анықтаңыз.

А) Құлақшын бауы.

В) Өскен гүл.

С) Мәдени орталық.

D) Бүлк ету.

Е) Үй айналасы.



8. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Туысыма келіп кеттім

В) Сен барамысың

С) Сол кездері жоқ болдың

D) Ол үшін жазалама

Е) Ауа қандай керемет



9. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

Шамасы, осы жерден төрт шақырымдай болар.

А) Қаратпа сөз.

В) Қыстырма сөз.

С) Одағай.

D) Көнерген сөз.

Е) Құрмалас сөйлем.



10. Бірыңғай сөз тіркесінен көп мағыналы сөзді анықтаңыз.

Айызы қану, шөлі қану, ойыны қану.

А) Шөлі.

В) Ойыны.

С) Айызы.

D) Қану.

Е) Ұйқысы.



11. Тұрақты тіркес бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жауын жауды.

В)Қызыл түсті мата.

С) Басқышпен түсу.

D) Дала тас қараңғы.

Е) Сабаққа бару.



12. Көнерген сөзді қатарды анықтаныз.

А) Қолымнан домбырамды қалды тартып.

В)Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше.

С) Жанбота, өзің болыс,әкең Қарпық.

D) Аттарды ерттелгелі де бірталай уақыт болған еді.

Е) Ұл-қызыңның игілігін көр, жақсы ана.



13.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.

А) Ешкіемер.

В) Жауқазын.

С) Кәсіподақ.

D) Таңқурай.

Е) Әлібек.



14. Есім сөздерден жасалған сын есімдерді көрсетіңіз.

А) Қазандай, торсықтай.

В) Оқытқыз, жаздыр.

С) Береке, оқырман.

D) Табиғат, әлемде.

Е) Оқыр, кеткіз.



15. Көсемшенің түрленуіндегі дұрыс жауапты табыңыз.

А) Көптеледі.

В) Тәуелденіп барып септеледі.

С) Септеледі.

D) Жіктеледі.

Е) Тәуелденеді.


16. Меңгеріле байланысқан сөздерді табыңыз.

А) Ескерткіштің орны.

В) Орнынан тұрды.

С) Біз қарадық.

D) Жарық сәуле.

Е) Бұл- мұғалімдер бөлмесі.



17. Сөйлемдегі оңашаланған айқындауышты табыңыз.

Омардың үлкен ұлының,Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп.

А) Омардың.

В) Жақсылығы.

С) Үлкен ұлының.

D) Елге жасаған.

Е) Асанның.



18. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қақпаны біреу қатты қағып тұр.

В) Көктем. Орман іші.

С) Айгүл дәрігер айтқан еді.

D) Төбе шашы тік тұрды.

Е) Жақында тағы бір суық хабар естілді.



19. Төл сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол менен сұрап отыр.

В) Ол менен қашан келгенімді сұрады.

С) Ол менен: «Сен қашан келдің?» - деп сұрады.

D) Тәкежан балаларды ертіп, тоғайға апарды.

Е) Ол менен сұрады.



20. Бірге жазылған қос сөзді көрсетіңіз.

А) Әп-әдемі.

В) Бессайыс.

С) Биыл.


D) Жолсоқты.

Е) Көкпеңбек.



21. «Бұл» және «жыл» сөздерінен біріккен үстеудің қызметін көрсетіңіз.

А) Себеп пысықтауыш.

В) Мезгіл пысықтауыш.

С) Мөлшер пысықтауыш.

D) Мақсат пысықтауыш.

Е) Қимыл-сын пысықтауыш.



22. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қосақтай байлаған аттар пысқырынып тұр.

В) Ол әнін шаршамай, ұзақ салады екен.

С) Бұған ғалымдар қатты танғалып отыр.

D) Аталы сөзге арсыз таласады.

Е) Бертін келе ел түйе сияқты болды.



23. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Таң мезгілі болғанда, қонақтар да тарасты.

В) Жылан шаққан кісіні мүмкіндігінше қозғамай, төсекке жатқызып қойған абзал.

С) Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.

D) Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

Е) Екі жақты тыңдап алмай, үкім шығарма.



24. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.

Кімде-кім жеңіл еңбекке үйренсе, ол жалқау болады кімде-кім жалқау болса,ол-өмірінде оңбайды.

А)Үтір.


В) Қос нүкте.

С) Нүктелі үтір.

D)Көп нүкте.

Е)Нүкте.


25. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз.

А) Іс-қағаздар стилі.

В) Ғылыми стиль.

С) Публицистикалық стиль.

D) Ауызекі сөйлеу стилі.

Е) Құжаттар стилі.

Қазақ тілі пәні бойынша тест сұрақтары
2-нұсқа
1. Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер қалай аталатынын табыңыз.

А) Терминдер.

В) Диалект сөздер.

С) Кірме сөздер.

D) Кәсіби сөздер.

Е) Көнерген сөздер.



2. Еріндік дауысты бар сөзді табыңыз.

А) Қиналды.

В) Ән.

С) Ер.


D) Бұр.

Е) Ине.


3. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.

А) Дүлдүл.

В) Дауысты.

С) Оқушы.

D) Кітапхана.

Е)Арша.


4. Қосарлама қос сөзді табыңыз.

А) Төсек- орын.

В) Үлкен- үлкен.

С) Сөйлей- сөйлей.

D) Көзбе-көз.

Е) Орынды-орынсыз.



5. Табыс септігінің жалғауын табыңыз.

А) -ны, -ні, -н.

В) -лар, -лер.

С) -ң, -ың, -ің.

D) –менен, -бенен.

Е) –мын, -сың, -сыз.



6. Жинақтық сан есімнің сұрағын табыңыз.

А) Қанша?

В) Неше?

С) Қаншадан?

D) Қай шамалы?

Е) Нешеу?



7. Жалпылау есімдіктерін анықтаңыз.

А) Ата, сол.

В) Ақылды, бәрі.

С) Түгел, ақылды.

D) Күллі, барша.

Е) Ана, мына.



8. Бейнелеуіш сөз қатысқан тіркесті анықтаңыз.

А) Ырс етті.

В) Саңқ етті.

С) Тарс етті.

D) Қайқаң етті.

Е) Гүрс етті.



9. Сөйлемге тән тыныс белгіні қойыңыз.

Теміртау қаласының атағы немен шыққан

А) Көп нүкте.

В) Үтір.

С) Леп белгісі.

D) Нүкте.

Е) Сұрақ белгісі.



10. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Анайы- тұрпайы.

В) Ұрандау- жар салу.

С) Тарау- ыдырау.

D) Кішіпейіл- дөрекі.

Е) Биік - ұзын



11. Тұрақты тіркесті табыңыз.

А) Еңсесі биік ел.

В) Ер есімі- ел есінде.

С) Рысжан баяндама жасады.

D) Аузымен орақ орған.

Е) Кенесары егемендікті армандап еді.



12. Кейінгі ықпалды табыңыз.

А) Көкшетау.

В) Үмітбек.

С) Әншінің әні.

D) Жеңіл- желпі.

Е) Қара ала.



13. Сапалық сын есім дегеніміз не, табыңыз.

А) Сын есімнің заттық мағынаға ие болуы.

В) Шырай арқылы түрлене алмайтын сын есім.

С) Заттың сынын тікелей білдіреді.

D) Заттың сынын салыстырады.

Е) Іс- әрекет қимылдың сынын білдіреді.



14.Жедел өткен шақ түрінде тұрған етістікті көрсетіңіз.

А) Ойлайды.

В) Ойланбақшы.

С) Ойланбақ болып еді.

D) Ойландық.

Е) Ойланады.



15. Меңгеруді табыңыз.

А) Жайлауға шықты.

В) Мұның қызметі.

С) Ешкім үндемейді.

D) Алты алаш.

Е) Әсем қала.



16. Жанама толықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Тіл- атағыңды өсірер де өшірер.

В) Жақсының сөзі ақыл шақырады.

С) Өз тіліңді құрметте.

D) Тәрбие тілден басталады.

Е) Ат айналып иесін табар.



17. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Шөп астынан ақ жұмыртқалар көрінді.

В) – Кіріңіз.

С) Долы дауыл ышқына соқты.

D) Шабуыл жасайтын «жауы»- Сырдария.

Е) Айлы түн.



18. Оқшау сөздің түрін көрсетіңіз.

А) Қыстырма.

В) Жалғаулық.

С) Үстеу.

D) Шырай.

Е) Шылау.



19. Төмендегі өлең жолдарының авторын табыңыз.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

А) Қ. Мырзалиев.

В) А. Құнанбаев.

С) М. Шаханов.

D) А. Байтұрсынов.

Е) М. Мақатаев.



20.Дара сөзді табыңыз.

А) Пединститут.

В) Ақбозат.

С)Аялдама.

D)Некен- саяқ.

Е) Баспасөз.



21. Септік жалғауының көмегімен жасалған туынды үстеуді табыңыз.

А) Жерден қазылған бараққа тегіс келеді.

В) Сөйте- сөйте хат жазуды бәріміз де үйрендік.

С) Тура қасқырларға қарай жүрді.

D) Бір күні Аян жалғыз көзді дәу туралы ертегісін бастады.

Е) Көңілденіп алған қонақтар кезекпен ән шырқады.



22. Демеулік шылау түрін ажыратыңыз.

Ренжідің бе, палуан?


А) Тілек,қалау.

В) Күшейту,талғау.

С) Көңіл-күй.

D) Тежеу (шектік).

Е) Сұраулық.

23. Болымсыз етістікті көсемше қандай құрмаластікі, белгілеңіз.

Жер тоймай,

Ел тоймайды.

А) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

В) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

С) Себеп- салдар салалас.

D) Кезектес салалас.

Е) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.



24. Төл сөздің төлеу сөзге айналу жолының дұрысын көрсетіңіз.

-Енді кері қайтуға бола ма?- деп сұрады жауынгерлер.

А) Жауынгерлер қайтуға рұқсат сұрады.

В) Жауынгерлер кері қайтуға болмайтынын сұрады.

С) Жауынгерлер кері қайтатынын айтты.

D) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатын, болмайтынын сұрады.

Е) Жауынгерлер кері қайтуға болатынын сұрады.



25. Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді белгілеңіз.

А) «Көксерек» әңгімесін оқыдым.

В) Орамал тон болмайды, жол болады.

С) Бұл «Заман-ай» күйі еді.

D) Жыршы Қобыланды батыр жырына кірісті.

Е) «Майра» әні осылай туып еді.


Қазақ тілі пәні бойынша тест сұрақтары


3-нұсқа
1.Термин сөздерден тарих ғылымына қатысты қатарын белгілеңіз.

А) Кернеу, кедергі, индукция.

В) Дәуір, құл иеленушілік, буржуазия.

С) Фонетика, көнерген сөз, бастауыш.

D) Катализатор, оксидтер, қышқыл.

Е) Теорема, аксиома, синус.



2. Қысаң дауыстыларды белгілеңіз.

А) Б,в,г,ғ.

В) Ұ,ү,у,ы.

С) А,ә,о,ө.

D) Е,э,ы,і.

Е) О,ө,ұ,и.



3. Бірыңғай ашық жуан буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Тамаша.

В) Еріндік.

С)Көзілдірік.

D)Басылым.

Е) Тыныштық.



4. Қос сөздің тыныс белгісін көрсетіңіз.

А) Қос нүкте.

В) Дефис.

С) Сызықша.

D) Үтір.

Е) Нүктелі үтір.



5. Тәуелдік жалғауының 2- жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз.

А) Ауылданбыз.

В) Уақыт.

С) Жолдасы.

D) Дәптеріңіз.

Е) Апайың.



6. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.

А) Үшеу.


В) Жүз қаралы.

С) Оннан астам.

D) Төрт-төрттен.

Е) Тоғызыншы.



7. Бір ғана түбірден жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.

А) Сұрау.

В) Жалпылау.

С) Жіктеу

D) Өздік.

Е) Сілтеу.



8. Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.

Ол есікті тарс жапты.

А) Толықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Бастауыш.

D) Анықтауыш.

Е) Пысықтауыш.



9. Хабарлы сөйлемге берілген анықтаманы көрсетіңіз.

А) Бұйыру мақсатымен айтылатын сөйлем.

В) Баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем.

С) Айтқанда дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріңкі қалыпта болады.

D) Бір нәрсе білу жайында мақсатында айтылған сөйлем.

Е) Тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.



10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.

А) Жайлау.

В) Қой.

С) Сүт.


D) Құрт.

Е) Ұйытқы.



11. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Өрім- өрім.

В) Бай- көп.

С) Үскірік- ызғырық.

D) Еңбеккүн- айлық.

Е) Алыстау- жақындау.



12. Кейінгі ықпалға жататын мысалдарды белгілеңіз.

А) Бұрымнан, сұранысқа.

В) Қазақстан, адамнан.

С) Мектепке, қаптан.

D) Тарағы, жазса.

Е) Анаға, табаққа.



13. Зат есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз;

А) -малы, -мелі.

В) -ған,- ген.

С) –ар,-ер,-р.

D) –қыш,-кіш.

Е) –ғы, -гі.



14.Тұйық етістікті табыңыз.

А) Жау.


В) Су.

С) Бау.


D) Сауу.

Е) Бу.


15.Меңгеруді табыңыз.

А) Мидай дала.

В) Үлкен шкаф.

С) Сенің өмірің.

D) Жылатып тастау.

Е) Қалтасынан алды.


16. Бастауыш- тұйық етістік, баяндауыш- зат есім сөзден болғанда қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.

А) Дефис.

В) Нүкте.

С) Үтір.


D) Сызықша.

Е) Нүктелі үтір.



17. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Оны көргім келеді.

В) Жел тұрған жерге жаңбыр жауар.

С) Әулие Бұрыскейдің сөзін тәңірге жеткізді.

D) Қазақтар әңгімелескенді жақсы көреді.

Е) Баяғы өткен заманда Бұрыскей есімді біреу өмір сүріпті.



18. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ас жібертіп тұрарсың-ау, апасы...

В) Өзің айтпақшы, өмірдің бетінде қалқып жүр екем, астына түстік.

С) Демек, әрбір бала оқытушының қадағалауында болуы шарт.

D) Қуаныштымын, екеуіңе де барынша ырзамын!- деді.

Е) Абырой болғанда, оқиға мен ойлағандай болмады.



19. Стиль түрін анықтаңыз.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

А) Публицистикалық стиль.

В) Ғылыми стиль.

С) Ресми іс қағаздары стилі.

D) Көркем әдебиет стилі.

Е) Ауызекі сөйлеу стилі.



20.Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын табыңыз.

А) Атауыз, Алакөл.

В) Қаражорға, Есекқырған.

С)Мырзашөл, қосаяқ.

D) Ақбозат, Темірқазық.

Е) Жетіқарақшы, ұлтабар.



21. Мезгіл үстеулі сөйлемді көрсетіңіз.

А) Олар егіннен мол өнім алу үшін жанталасады.

В) Аяғы жазылды ма өзінің?

С) Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.

D) Жомарт биыл келген.

Е) Әйелдер Бәкеңнің үйін сыпырып жатыр.



22. Сұраулық шылаулы сөзді көрсетіңіз.

А) Келгенбісің

В) Арман

С) Ерікпеші

D) Менмен

Е) Оқымады



23. Жалғаулық шылау арқылы байланысқан салаласты табыңыз.

А) Қына тасқа бітсе, білім басқа бітер.

В) Ол қасқа айғырға қарап ұмтыла түсіп еді, Бақыт тізгінге жармаса кетті.

С) Күн бұлттанып еді,- жаңбыр жаумады.

D) Алыс пен жақынды жортқан білер, ащы мен тұщыны татқан білер.

Е) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.


24. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасқан түрін табыңыз.

А) «Менің ойланатыным- бәрінен бұрын өз жұмысымның жайы,- деп жазды Хемингуэй,- содан соң семьямның қамы».

В) Ол Сүйіндікке қарап: «Тоқтат, аналарыңды!»- деп ақырып қалды.

С) Құнанбай оларға мынаны айтты : «Бөкенші Шыңғыстың бұл тұсындағы бар қыстауды береді».

D) «Өркенің өссін, қарағым»,-деді әкем.

Е) Тіл жөнінде Ғ. Мұстафин: «Тіл қарауы- сөз, сөз қарауы- ой»,- дейді.



25.Қабаттаса қолданылған тыныс белгілердің қалып қойғаны бар ма, көрсетіңіз.

«Өзім алып шықсам қайтеді» деп ойлады ұста.

А) Леп белгісі, үтір.

В) Үтір, сызықша.

С) Сұрақ белгісі, сызықша.



D) Сызықша, көп нүкте.

Е) Сұрақ белгісі, үтір.
Каталог: attachments
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет