1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар


Жүкті және бала емізетін аналардың тамақтануы. Энергетикалық көздер мен нутриенттерге қажеттілігі



бет39/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ

29.Жүкті және бала емізетін аналардың тамақтануы. Энергетикалық көздер мен нутриенттерге қажеттілігі
Жүктілік – әйелдің өміріндегі ерекше кезең. Сәбидің дүниеге келуін күткенде
дұрыс тамақтанудың маңызы екі есе болады. Себебі ол екеуінің де - ананың да, болашақ сәбидің де денсаулығына әсер етеді. Екі қабат кезде тиімді
тамақтануға, жүкті жағдайда әйел организмінің қалыпты қызмет істеуіне және құрсақтағы ұрықтың дұрыс дамуына үлкен назар аударулуы керек. Жүкті әйелдердің тамақтану рационы әр түрлі болғаны жөн. Жүкті әйелдің емдәмі біздің әрқайсысымыздың тамақтануымыздың ұтымды тәсілінен өзгеше ерекшеленбейді. Әйелдің құрсағындағы жаңа өмірге байланысты дәрумендерге, минералдық қосылыстар мен ақуыздарға қажеттіліктің артатыны өз алдына, осының салдарынан қажетті энергия мөлшері артады. Адамға күнделікті 2000 калория керек болса, жүкті әйелдерде бұл көрсеткіш 2500-2800 калория шамасында болады. Алғашқы кезеңнен бастап өз ағзасы талап еткен, қалаған астан жеуі, құнарлы тамақтар, сүт, айран, сүзбе секілді ағарған, дәнді дақылдар, ет, балық, теңіз өнімдерінен мол пайдалану керек. Көп тамақ жеу міндетті емес, аз-аздан болса да құнарлы, жиі тамақтанса жеткілікті. Жеміс-жидек пен көкөніс түрлерін ас мәзіріне кеңінен қолдану. Көктемгі уақытта жаңа шыққан көкөністерді пайдалануға тырысу, әсіресе, өткен жылғы картоп, асқабақ секілді көкөністерден бас тарту қажет. Темекі тартпақ түгілі, тартқан адамдардың қасында отыру дұрыс емес. Ішкілік, нашақорлық – баланың денсаулығын тікелей зақымдайтын у. Ондайды бала көтермей тұрып, ең болмағанда, бір жыл бұрын доғару
қажет. Ақуыз – өсу үшін ауыстырылмайтын зат. Сондай-ақ ағуыз анасының құрсағындағы баланың дамуы үшін өте маңызды. Оның арқасында бала өсе алады. Жеңіл сіңірілетін ақуызды мал өнімдерінен де: жұмыртқадан, тауық етінен, ірімшіктен, балықтан, сиыр етінен, сондай-ақ өсімдік өнімдерінен де: сұлы, жүгері және бидай қауыздарынан, макароннан немесе қоңыр күріштен табуға болады. Көкөністер мен жемістерді үнемі қолдану керек.
Көмірсуларға қатысты жүктілік кезінде, әсіресе төртінші айдан кейін, тағам құрамында түсетін рафинадталған қантты, кондитерлік тағамдарды, кәмпитті, балқайнатпаны шектеу қажет, өйткені олар ана мен ұрықтың аллергиялық ауытқуына, зат алмасу процес-стерінің бұзылуына, екі қабат әйелдерде семіздіктің дамуына және жас сәбидің артық дене салмағына әкеліп соғуы мүмкін. Екі қабат әйелдерге құрамына өсімдік клетчаткалары
кіретін ірі етіп тарттырылған ұннан пісірілген нан, әр түрлі көкөністер және жемістер пайдалы. Жүкті әйел құрамында жасанды бояғыштары мен хош иістендіргіштері бар консервіленген тамаққа ерекше назар аударуы тиіс. Қосындылардың шамадан көп мөлшері диарея, іш бұзылуын және аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Барлығынан да натрий бензоатымен (консервілер, джемдер, майонез), ортофосфор
қышқылымен, натрий фосфатымен (пісіруге арналған ұнтақтар, кола типті сусындар), натрий глутаминатымен (сусындар, жылдам әзірленетін көжелер, «Вегета» типті дәмдеуіштер, сорпаға қосатын текшелер, консервілер, құрғақ тұздықтар және т.б.) абай болу керек. Сондай-ақ дүкенде сатылатын шұжық өнімдерінен аулақ болу керек, себебі олар балаға зиянды химиялық заттармен дәмделген және құрамында көп тұз бар .Алкогольден мүлде бас тарту керек. Жүктілік кезінде тіпті шамалы шараптың өзіне тыйым салынады. Жүктілік кезінде алкогольдік салмасы бар кез келген кәмпиттерге де тыйым салынады. Жүктілік кезінде тиімді тамақтануға, жүкті жағдайда әйел организмінің қалыпты қызмет істеуіне және құрсақтағы ұрықтың дұрыс дамуына үлкен назар аударылуы керек. Жүкті әйелдердің тамақтану рационы әр түрлі болғаны жөн. Тағам рационында тағамдық және биологиялық құндылықтар жеткілікті мөлшерде түсіп отыруы тиіс. Организмдегі барлық
зат алмасу процесстеріне қатысатын ең маңызды витаминдер мен минералды заттектердің көзі болып табылатын көкеністер мен жемістерді пайдалану. Ұрықтың дамуы үшін фолий қышқылы, темір, йод, мырыш және қанықтырылмаған май қышқылдары сияқты қоректік элементтер аса маңызды. Бұл элементтер аспен бірге дұрыс үлесте ағзаға түсуі қажет.
Жүктілер және емізетін аналар емдәмдеріндегі қателер, әсіресе, ағза осы элементтердің қажет мөлшерін алмаған жағдайда пайда болады. Негізгісі - не жеп отырғаныңды білу. Ана болуды жоспарлайтын әйелдер дұрыс тамақтану ережелерін білулері қажет.
Сонымен қатар жүкті және бала емізетін әйелдер үшін майы аз сорттағы етті жеуі тиіс. Мысалы: балық, құс, ет өнімдерін. Сондай ақ май, маргарин, тәтті өнімдер, газдалған сусындар, тағамдық мөлшері аз тағайымдалу керек. Себебі аз мөлшерде тағамның құндылығы жоғары болып келеді. Емізулі әйелдердің тамақтану статусы төмен болған жағдайда да, сүтті қажетті мөлшерде өтей алады. Жүкті әйелдердің тамақтану жағдайын дене салмағының индексмен анықтауға да болады.Дене салмағы төмен әйелдерде жануар майымен түсетін белок мөлшерін жоғалтады, ет өнімдерін, сүт өнімдерін, балық, жұмыртқаларды көп мөлшерде қабылдауы тиіс. Дене салмағы қалыпты жүкті және бала емізетін әйелдердің тәуліктік раионында жұмыртқа, ет, балық, сүт тағайындалады. Дене салмағы жоғары әйелдерде азық түлік өнімдеріндегі майдың аз мөлшерде немесе майсыз қабылдауы қажет.
30.Ересектер мен балалардың тамақтану жағдайын бағалау.Дене салмағының индексі және оны түсіндіру.
Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану жүйесін ұйымдастыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет. Соңғы жылдары ақпарат ағынының көбейгеніне, жиі қосымша жүктемелердің берілуімен мектеп бағдарламаларының қиындағанына байланысты айтарлықтай өскен ақыл-ой мен денеге күш салу қазіргі балаларға тамақтану тәртібін құруда жауапты қадағалау қажеттілігіне әкеледі. Дұрыс берілмеген жүктемелер мен үйлестірілмеген тағам денсаулықтың нашарлауы мен созылмалы аурулардың асқынуына әкеп соғады. Баланы жеткілікті мөлшерде тағамдық ингредиенттермен, дәрумендермен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз ету иммундық жүйе жағдайын жасартып, қоршаған ортаның кері ықпалына ағзаның төзімділігін жоғарылатады.. Мектепте ыстық тамақ ішетін оқушылар аз шаршайды және мектеп жүктемесін оңай орындайды. Уақытылы тамақтану, тамақтану мерзімін сақтау – бұл, ас қорыту жүйесі ауруының алдын алу болып табылады. Мектеп оқушыларына таңғы ас міндетті түрде болуы керек. Таңертең алдағы жұмсалатын энергияны қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз мөлшерде тамақ өнімдері мен калориясы бар ыстық тағам сүзбе пісірмесі, сүт ботқасы немесе етті тағам ұсынылуы қажет. Түскі ас біріншіден ыстық тағамнан, гарнирмен етті немесе балық өнімдері, ең жақсысы көкөністен болуы керек. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында белокқа бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың күн тәуліктік рационында кем дегенде 600-800 мл сүт, ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400-500 мл сүт болуы тиіс. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың майды қажетсінуін өсімдіктерден алынатын (күнбағыс, жүгері майы) маймен қамтамасыз ету керек, өйткені оларды организм жақсы сіңіре алады. Өсімдік майын көкөніс пюресі мен салатқа қосып беру керек. Балалардың тамағына жидек, жемістердегі және олардың өңделген өнімдеріндегі организмге тез сіңетін углеводтардың болуының мәні зор. Балалр мен жасөспірімдердің тамағындағы белоктар, майлар мен углеводтардың анағұрлым қолайлы ара қатынасы балалар үшін 1:1:3, ересектерге 1:1:4 болуы тиіс. Мұндай ара қатынастан едәуір ауытқу тамаққа жетерліктей мөлшерде нәрлі заттар мен витаминдердің енгізілуіне қарамастан денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.Мысалы, тамақта әсіресе мал майының көп болуы баланың организміндегі зат алмасудың, ас қорытуының бұзылуына әкеп соғып, салмағын ауырлатады. Углеводтардың артық болуы да зат алмасуын бұзып, семіртеді, ал тәттіні мөлшерден артық пайдалану балалар мен жасөспірімдерде диабет ауруының өрістеуіне әкеліп соғады. Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады. Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14-17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс.

Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8-10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек. Алкоголь ішімдіктердің барлық түрі (сыра, үй наливкасы, тұнбасы) балалар мен жасөспірімдердің организміне зиянды әсерін тигізеді. Ащы кофе, какао, шай ішсе, сондай-ақ шоколадты көп жесе, әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаллардың нервісі қозады.Егер бала яслиге, балалар бақшасына немесе басқадай балалар мекемесіне барып төрт мезгіл тамақ ішетін болса, онда үйде қосымша тамақ берудің қажеті жоқ. Ал бала барып жүретін балалар мекемесі тамақты екі немесе үш рет беретін болса, үйден қосымша тамақтандыру керек. Соңғы тамақ ұйықтардан 1,5-2 сағат бұрын ішілуі тиіс.

Тамақтану режимі және құрамы төмендегі пайыздық қатынас негізінде жүруі қажет:

р/с Тамақтану режимі Тамақтану уақыты 3 рет тамақтану, % 4 рет тамақтану, %




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет