Емшексүтіменемдеу - өмірдегіеңжағымдыжәнебақыттысәттердіңбірі. Алғашқыалты айда емізужүктіліктіңалдын-алудыңсенімдіәдісіболыптабылады (98%). Жүктіліккедейінсалмаққосуғаықпалетеді. Сүтбезі мен аналық без қатерліісігінің даму қаупіназайтады. Жалпы, баланы 1,5-тен 2 жасқадейінемшектеншығаруғаболмайды. Ана уызынажарамаған бала аурушаңжәнеәлсізболады. Ұзақуақытемізгеннәрестемейірімдіжәнеақылдыболыпөседі.(Интернеттен алдым)
33.Әйел сүтінің құрамы. Сиыр сүтінен айырмашылықтар. Ана сүтінің құрамы аыспалы,ол сиыр және ешкі сүтінен өзгеше болып келеді сол себепті бір жасқа дейінгі балаларға өңделмеген сиыр сүтін беруге болмайды.Ана сүтінің энергетикалық тығыздығы 280кДЖ,майдың бөлігіне ана сүтінің калориялығының 50% кіреді.Ана сүті мен сиыр сүтінің энергетикалық құндылығы 100 мл-ге 53-80 ккал құрайды,соған қарамастан энергия көзі болатын құрамдарындағы тағамдық заттар ерекшеленеді. Протеин ана сүтінің 6—7%,сиыр сүтінің 20% энергиясын береді. Нәруыздардың құрамы да ерекшеленеді: ана сүтінің құрамында 60-а жуық сарысулық нәруыздар (лактоальбуминдер) мен 40-ға жуық казеин бар. Сиыр сүтінің құрамында бұл нәруыздардың пропорциясы өзгеше: 20% сарысулық нәруыздар мен 80% казеин. Бала асқазанында казеин қатты, қорытылмаған субстанцияны түзеді, ал лактоальбумин керісінше, жұмсақ, тез сіңірілетін, ірімшік тәрізді массаны түзеді. Сонымен қатар, амин қышқылдарының құрамы да ерекшеленеді: ана сүтінің құрамында таурин мен цистеиннің мөлшері жоғары. Лактоза ана сүтінде энергияның 42%-ын, ал сиыр сүтінде тек 30%-ын ‑ана құрайды. Майлардың энергетикалық құндылығы ана сүтінде де, сиыр сүтінде де шамамен 50%-ды құрайды. Сиыр сүті мен емшек сүті бір-бірінен май қышқылының пайыздылық құрамымен ерекшелінеді. Баланың ас қорыту жүйесі ана сүтіне қарағанда, сиыр сүтінің құрамындағы май мөлшерін аз сіңіреді. Ана сүтінің құрамындағы, өт тұздарымен белсенетін липазалар сүттің шглицеридтерінің гидролизін белсенді етеді. Ана сүтінің құрамында сиыр сүтіне қарағанда қанықпаған май қышқылдарының пайыздылығы мен алмаспайтын май қышқылдарының концентрациясы жоғары болады. Сонымен қатар, ана сүтінің құрамындағы ұзын тізбекті полианқпаған май қышқылдары сиыр сүтінің май қышқылдарынан тез сіңіріледі. Негізінен ана сүтінің майлары моноқанықпаған олеин май қышқылымен кірінеді. Линолен және басқа да алмаспайтын май қышқылдары ана сүтіндегі энергияның 4%–н, сиыр с тіндегі энергияның 1%-н құрайды. Ана сұтінің құрамындағы холестеролдың мөлшері 10—20 мг/дл, ал сиыр сүтінде 10— 15 мг/дл. Сүттің құрамындағы барлық суда еритін дәрумендердің мөлшері ананың организміне байланысты болады. Сиыр сұтінің құрамында В тобының дәрумендері жеткілікті болады, бірақ, С дәрумені мүлдем болмайды.А дәрумені ана сүті мен сиыр сүтінде болады. Ана сүтінде жалпы 20 МЕ/л құрайтын Д дәруменінің 5 метаболиті бар. Жоғарыда айтылғандай, бала екі айға толғанда осы дәруменді қосымша енгізу керек. Сиыр сүті өндірісте 400 МЕ/л Д дәруменімен байытылады. Ана сүтінен темірдің сіңімділігі 50%-ды құрайды. Сиыр сүтіндегі темірдің мөлшері көп емес — 0,3 мг/л және оның био қолжетімділігі өте төмен — темірдің тек 1% ғана сіңіріледі. Ана сүтімен түсетін мырыштың био қолжетімділігі сиыр сүтіне қарағанда жоғары. Ана сүтімен қоректенетін балалар мырыштың 80%-н сіңіреді. Сиыр сүтінің құрамында ана сүтіне қарағанда кальцийдің мөлшері үш есе, ал фосфордың мөлшері алты есе жоғары. Сонымен қатар, сиыр сүтіндегі фтордың концентрациясы да жоғары. Ана сүтінің құрамындағы нәруыздың деңгейі жоғары болса да, ол нәрестенің физиологиялық қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Ана сүтінің жоғары биологиялық құндылығы мен нәруыздардың жоғарғы сіңімділігі оның құрамымен байланысты. Ана сүтінің құрамында сарысулық нәруыздар көп — лактоальбуминдер, лактоглобулиндер, ал сиыр сүтінде — казеиндер көп. Сиыр сүтіндегі нәруыздардың жоғарғы деңгейі бүйрекке жүктеме түсіреді, нітижесінде, азот пен минералдардың көп мөлшерде бөлінуі қажет болады. Натрий мен калийдің ана сүтіндегі концентрациясы сиыр сүтімен бірдей. Ана сүтінің осмолярлығы шамамен 286 мОсм/кг құрайды, ал сиыр сүтінікі 400 мОсм/кг.